Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жылдық жиынтық табыстың есебі




Негізгі және негізгі емес қызметгерден алынған табыс жылдык жиынтық табысты кұрайды және ол №5 БЕС-на сәйкес стандартка сай есептелінеді. Табыс сондай-ақ тауарлы-материалдық запастарды сатқаннан, кызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан (проценттерден), роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін.

Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметгерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім-шартта (контрактіде) анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында бухгалтерлік есептің мынадай басты кағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни еқі тарап та мәмілеге катысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және кандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалык олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының саткан тауары үшін келісім-шартга көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде күқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нелдік деңгейдегі бағалауды кажет етеді.

Көрсеткен қызметтен және орындалған жүмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

- есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен аныкталса;

- мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Субъект барынша дәлдік деңгейде табысын аныктай алады, ол: мәмілеге катысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың кұкығына қатысты мәселелер бойынша мөмілеге қатысушылармен ортак шешімге келген жағдайда қол жеткізеді

Мәміленің сипатына қарап оның аякталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:

- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;

- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;

- орындалған жүмысты талдау.

Аралық негізде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар, табыс болып танылмайды.

Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.

Негізгі кызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі. Негізгі кызметтерден түскен табыстардың есебі 70-бөлімшесінің "Негізгі кызметтен түскен табыстар" шоттарында ұйымдастырылады. Бүл топқа мына темендегі синтетикалық, әрі пассивтік шотгар жатады:

7110- "Дайын өнімді (жумыстарды, қызметтерді) сатудан тускен табыс" шоты. Бұл шотга өнімді сатудан, орындалған жүмыстардан және сыртқа керсетілген қызметгерден түсетін табыстар көрсетіледі. Аталған шотгы өнімді, жұмыстарды және қызметтерді жасайтын материалдық ендіріс саласындағы кәсіпорындар пайдаланады. Есепті кезең бойы 7110-шотгың кредитінде дайын өнімді, жүмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.

7110-шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтірілген.

7110 шоты бойынша талдау есебі ведомоста бір айда және жыл басынан бері алынған табыстардың басынан аяғына дейін жинақталған түрлері бойынша жүргізіледі.

Негізгі емес қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі. Негізгі емес кызметтен түскен табыстың есебін есептеу үшін шоттардың Бас жоспарының "Негізгі емес кызметтен түскен табыстың есебі" деп аталатын бөлімшесі арналған және оған келесі пассивтік күрделі шоттар жатады.

7210-шоты "Материалдық емес активтерді сатудан түскен табыс" материалдық емес активтерді сатудан келген табыстарды жинактауға арналған.

6410-шоты "Негізгі кұралдарды сатудан түскен табыс" негізгі құралдарды сатудан түскен табыстарын жинақтауға арналған.

7215-шоты "Бағалы қағаздарды сатудан түскен табыс" бағалы кағаздарды сатудан алынған табыстар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.

Акция бойынша дивиденттер және пайыздар туріндегі табыстар" шоты үзақ мерзімді жалға

берілген карыздарды (заемдарды), сатып алынған бағалы қағаздарды, пайыз түрінде алынған табыстарды, акция бойынша алынған дивиденттерді есептеуге арналған.

Пайыз түрінде алынатын табыстар 5 БЕС сәйкес активтерден алынатын шынайы табыстарды уақытша қатынастық негізінде ескереді. Мысалы, субъектің тауарды сатып алушыларда 24% жылдық мөлшердегі векселі бар делік. Қарыз сомасынан вексель бойынша ай сайынғы табысы 2% (24/12) қүраған. Табыстан төленетін дивидендтер акционерлердің оны алуы туралы кұқы белгіленсе ғана танылады.

7250-шоты "Бағамдар айырмашылығынан алынатын кіріс" бағамдар айырмашылығынан алынатын кірісті жинақтауға арналған Жыл аяғында 7250-шоты бойынша калдық қалмауы керек.

6420 - "Атқарушы укімет органдарының субсидиялары" шоты үкімет органдарынан алынған субсидиялардың сомалары туралы ақпараттың есебін есепке алады. Субсидия дегеніміз - үкімет органдарыньщ занды тұлғаларға беретін, әдетте, ақшалай жәрдемақысы. Жыл аяғында, әдетте, 6420-шоты бойынша калдық қалмауы керек және ол 571 шотымен жабылуы тиіс. Алайда, кәсіпорын субсидияларды қандай да бір максатты шараларға жүзеге асыратын болса, (мысалы, жергілікті бюджеттен жергілікті жслдарды күтіп ұстауға және жөндеуге алса) онда ол жылдан жылға ауысуы мүмкін, бірақ дегенмен де 6420 шотының жабылуын камтамасыз ету керек.

6450 - "Басқа да" шоты кәсіпорынның негізгі емес қызметінен түскен табыстарды есепке алуға арналған. Атап айтқанда, бүл шотта табыстардың мынадай түрлері керініс табады:

- негізгі күралдарды түгендеу кезінде анықталған негізгі құралдардың есепке алынбағандары

- түгендеу кезінде анықталған материалдардың, дайын өнімдердің және алынған тауарлардың есепке алынбағандары

- түгендеу кезінде анықталған ақша қаражатының есепке алынбағандары

- тіркелген активтерді ағымдағы жалғаға бергеннен түскен табыстары

- қыска мерзімді каржылық инвестициянын ағымдағы күнынық өзгеруінің нәтижесінде алынган табыстары

7210-6450-шоттары бойынша талдау есебі кәсіпорынның өздері әзірлеген номенклатуралық баптары бойынша жасалған тізімдемесіне және кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес жүргізіледі.

Табыстың белгілерін ашу. Субъекті қаржылык есеп берген кезде түсіндірме жазбасын бірге тапсырады, онда: көрсетілген қызметтен түсетін табыстарды анықтаудың жолдары; дивиденттер, роялти, пайыздан алынатын табыс, көрсетілетін кызмет, тауарды сатудың нәтижесінде пайда болатын табыстарымен қоса есептік кезен үшін танылатын, табыс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын табыстар сомасы белек ашып көрсетіледі

Сатылған тауарлардың (қызметтердің және жұмыстардың) өзіндік құнының және негізгі емес қызметтердін шығыстарынын есебі






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных