Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Есеп саясатының техникалык бөлігінің мәселелері




3. Есеп саясатының техникалык бөлігін әзірлеген кезде келесідей мәселелер қарастырылуы тиіс:

- негізгі құралдарды жөндеу есебі. Негізгі кұралды жөндеу бухгалтерлік есепте, оның құнын өсірмейтін сызбасының (схемасының) бірін қолдануы мүмкін: жөндеу жүмысының атқарылуына қарап ол өнімнің (жүмыстың, қызметтің) нақты өзіндік құнына жаткызылуы мүмкін немесе алдын ала құрылған жөндеу корына жатқызылуы мүмкін. Аталған схемалардың бірін тандау, кәсіпорынның қай салаға жататындығымен де байланысты болып келеді;

- материалдардың есебі. Өндіріске жаткызылатын (немесе өндіріске есептен шығарылатын), материалдык ресурстарының нақты езіндік құнын анықтау тәсілі туралы шешім қабылдау қажет: орташа өлшенген құны бойынша әдісін, ФИФО әдісін, ЛИФО әдісін немесе арнайы теңестірілген (ұксастырылған) әдісін таңдайды. Шаруашылық жүргізуші субъекті аталған әдістердің бірін ғана таңдай алады және ол барлық тауарлы-материалдық құндылыктарға пайдалануы тиіс;

- басқарушы есеп. Есептің бүл түрі сыртқы пайдаланушылардың кең түрде пайдалануына арналмаған, сонымен коса, оның есеп беру талабына сай келетін үйлестірілген регистрлері де жоқ, сондыктан оны ішкі бақылау мен жоспарлау максатында пайдаланады. Жалпы тұрғыдан алғанда, кәсіпорын ол үшін шоттардың Бас жоспарындағы шоттарды немесе өндіріс шоттарынын, жүйесіне қосымша немесе жекелеген шоттарын қолдануына болады. Бірақ ол кезде кәсіпорынның күрамы, құрылымы және ұйымдык ерекшеліктері ескеріледі;

- өндіріске кеткен шыгындар мен өнімнің өзіндік қунын калькуляциялау есебінің әдісі. Кәсіпорын калькуляциялау мен есеп объектісін, шығындарды жанама мен тікелей көрсету тәртібін анықтайды. Кәсіпорын өзінің негізгі қызметінің сипатына байланысты өзіндік күнның калькуляциялауы мен ендіріске кеткен

шығынын есептеу үшін нормативтік немесе тапсырыстык, немесе бөлістік әдістерінің бірін немесе бірнешеуінің үйлескен түрін тандай алады. Таңдап алынған әдістердін жинак есебі шалафабрикаттык немесе шалафабрикатсыз нүсқасымен жүргізілуі мүмкін.

- үстеме шыгыстарын есептеу және тарату. Кәсіпорын №7 "Тауарлы-материалдық запастардың"

бухгалтерлік есеп стандартында келтірілген әдістемелік үсыныстамасында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тізіміне өндіріс кызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, қосымшалар мен өзгерістерді енгізуге кұқылы; күрал-жабдық пен машинаны пайдалану және күтіп ұстау шығыстары, өндірісті игеруге және дайындауға кеткен шығыстары және басқа да осындай жағдайларға кеткен шығыстары үстеме шығыстарының қүрамында, олардың үлес салмағы айтарлықтай көп болмаса, онда олардың есебі жекелеген субшоттарда жүргізілуі мүмкін; үстеме шығыстарының сметалык мелшерлемесін есептеудің әдістемесі мен олардың тарату тәртібі де көрсетіледі: жоспарлы калькуляцияға енген, үстеме шығыстарының нормативтік деңгейіне парапар (пропорционалды) етіп, тікелей материалдык шығыстарына парапар етіп, тікелей накты еңбек акы шығыстарына пара-пар етіп, немесе оңайлатылған экономикалық әдістерді пайдалану арқылы жанама шығындары таратылады, мысалға, бүйымнын, тұтыну касиетін және оның еңдеу шығысынан алынған күрделендірілген коэффициенттері бойынша;

- мүліктер мен міндеттемелерді тугендеу. Міндетті түгендеумен коса, қүндылықтардың нақты барын тексеру үшін біршама қосымша түгендеулер де жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде кәсіпорын олардың кезектілігін, түгендеуді жүргізудің күнін, мүліктер мен міндеттемелердіңтізімін белгілейді;

- бухгалтерлік есеп нысаны. Кәсіпорын бухгалтерлік есеп нысанын өзі тандай алады, олардың тізімін және есеп регистрлерін, жүйелілігін, жасау техникасын, өзара байланысын анықтайды;

- нақты (іс жузінде) пайдаланатын шоттар жоспары. Кәсіпорын шоттардың Бас жоспарын басшылыққа ала отырып, өздеріне пайдаланатын шоттарын іріктей алады, яғни оның кұрамына кәсіпорынның қаржылық-шаруашылыққызметін және каржылық жағдайын, мүліктік қүрамын көрсететін синтетикалық шоттарын енгізеді. Содан кейін синтетикалық шоттарына тиісті субшоттарының тізімін жасайды. Сонымен қатар, кәсіпорын аналитикалык есептерінің де толық номенклатуралық объектілерін және олардың кодтық белгілерін белгілейді. Бүл кезде басқарудың, талдаудың, бақылаудың және есеп берудің мақсатын ескереді. Қажет болған жағдайда, арнайы операцияларды керсету үшін, шоттардың Бас жоспарына кәсіпорын косымша шоттарды пайдалануына болады. Бірақ ол жағдайда, ол шоттардың Бас жоспарында қаралған негізгі әдістемелік қағидасын сақтауы керек;

- өндіріс ішіндегі есеп беру. Ішкі есеп беруді жүргізудің барлык мәселесін кәсіпорынның езі шешеді, оның кезектілігін, есеп беру нысаны мен күрамын және есепті беру мерзімін, сондай-ақ потенциалды

Аталған қағидалар мен талаптар кез келген кәсіпорынның есептік саясатын әзірлеу барысында оның негізін қалайды. Егер де олар толығымен сакталмаса, онда бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыс еместігі ретінде танылуы және кәсіпорынның мәліметгерінің бұрмалануы мүмкін.

 

«Бухгалтерлік есеп» пәні

Курс тақырыбы: «Қаржылық нәтиже және меншікті капитал»

Сабақ тақырыбы: «Қосымша төленген капиталдық, резервтік капиталдың есептері»

Жоспар:

1. Жылдық жиынтық табыстың есебі

2. Сатылған тауарлардың (қызметтердің және жұмыстардың) өзіндік құнының және негізгі емес қызметтердін шығыстарынын есебі

3. Кезең шығыстарының есебі

4. Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түсетін табыстардың (зияндардың) есебі

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных