Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары.




Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының қүрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі колда бар накты шаруашылык қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірак іс жүзінде есеп мәліметгері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшактық орын алуы мүмкін. Аталған алшақгық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортгалудың нәтіжесінде, өлшегіш қүрал-жабдықтарының дүрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімцеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.

Ал бүл жыл сайын нақты кодда бар кұндылықгардьщ мәліметін есеп мәліметгерімен салыстырып отыруды кажет етеді, және ол есеп айырысуды дәдцеу (аныкгау) үшін де қажет. Тексерудің мүндай түрін түгендеу (немесе түгеддеу) деп атаймыз.

Тугендеу (немесе тугелдеу) — бұл бухгалтерлі кесеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудын, ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдық емес актавтердің, негізгі қүраддардың накты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жүмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетгі қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылыкта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбьыыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына карап екіге белінеді: толық және ішінара болып.

Толық тугендеу әдетге, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның максаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мүндай толық түгендеу бақьшаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі қүралдардың саны т.б.

Түгендеу ез сипатына карап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:

- жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;

- кезектен тыс - бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апатгардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 "Бухгалтерлік есепті үйымдастыру" стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. кағидалар қарастырылады.

Кәсіпорын басшысы түгендеу жүмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.

Түгендеу жүмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.

Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және ендірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндетгемелерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік кызметкерлерімен бірге түгендеу нәтажелерін аныісгауға және қайта сүрыптауға арналады; сондай-ақ кем шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шыгаруға; тауарлы-материалдық құндьшықтарды қабылдауды, сакгауды және босатуды реттеуге, есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде, сондай-ақпайдаланылмайтын мүлікті сату туралы үсыныстар әзірлеуге; мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта еқдеу орындарындағы тауарлы-материалдық қүндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі бойынша да бақылау жүмыстарын жүргізуге бағытталады.

Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шыққандарды және талан-таражға түскендерді, бүркемелеу мақсатымен мүліктің накты калдығы туралы немесе артық шыккан тауарлар, материалдар және басқа да қүндылықтар туралы жазбаға біле түра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін Қазакстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.

Мүліктің нақты колда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық қүндылықтары мен акшалай каражаттарын есепке алады.

Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол

бакылау барысында комиссияның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.

Екі түгендеу аралығындағы кезенде құндылықтардың номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өндеу жұмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.

Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырьшып, олардың арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін Қазакстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданылады.

Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі корлардың нақты қолда барын көрсету үшін колданылады.

Түгендеу қағазы ендірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық қүндылықтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Бүл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың тұрған орындарында сақталады.

Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арасындағы алшақгығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сортталу нәтижесінде анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшелік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық қүндылықтардың сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандығы жөнінде материалдық жауапты адамдартүгедеу комиссиясына егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Сортталудың езара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты жұмыс істейтін түгедеу комиссиясының қарауына беріледі және оны кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалдарды зерттегеннен кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабьшданады. Сортталуы (пересортицасы) бойынша олардың артық ие кем шығуын есепке (зачетқа) алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де сортталу кезінде нақты жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ретінде каралады да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалдық жауапты адамдардың кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталган айырмашылыкгар жауапты адамның мойнынақойылмау себептерін ашып көрсетеді. Есеп

айырысудың барлық түрлерінің түгенделуінде езіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушымен, жабдықтаушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен, депоненттермен және басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу есеп айырысу шотгарында есептелген сомалардын мұкият негізделгендігіне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сатьш алушьшардың және басқа дебиторлардың мәліметгерінің дұрыстығьш тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттардың кешірмелері жазьшады.

Дебитор кәсіпорындар көшірмелерді алған соң, берешек қалдықтарын растауға немесе өздерінің толық келіспейтінідігі туралы хабарлама жасайды.

Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, сондай-ақ банк мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға белінген құрылымдық белімшелерімен және бас кәсіпорындарымен есеп айырысудың дәлме-дәлдігін анықтайды. Бүл есеп айырысулар бойынша кәсіпорынның балансында реттелмеген сомалар қалмауы керек; баланста есепте тұрған кем шыққан және тонауға байланысты берешек сомаларының дүрыстығы мен негізделгендігі; баланста есепте тұрган дебиторлық және кредиторлық берешек сомалары, сондай-ақ дебиторлык берешекті өндіріп алуға қойған талаптары да тексеріледі. Түгендеу нәтижелері актімен хатталуы тиіс. Онда түгенделген шоттардың аттарын атап, сәйкес келмейтін дебиторлық және кредиторлык берешектің, күмәнді қарыздардың, талап ету мерзімі еткен кредиторлык және дебиторлык берешектің аныкталған сомаларын көрсеткен жен. Берешектің көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісіне анықтама коса тіркелу керек, онда дебиторлардың немесе кредиторлардың аттары мен мекен-жайлары, берешек сомасы, берешектің не үшін есептелгені, кай уакыттан бері және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.

Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек сомалары бойынша анықтамада бүл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету мерзімі өткен дебиторлык берешек, өндіріліп алынуы неғайбыл басқа да кдрыздар кәсіпорын басшысының шешімімен есептен шығарылады да, күдікті кдғаздар бойынша резерв қаражатының шотына немесе шаруашьшық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.

Түгендеу және басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар негізгі күралдардың, материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттың бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте ретгеледі:

- артық немесе кем шыққан кезде олар өзара зачетқа жатқызылады, бірак, зачетқа жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте керініс таппайды;

- артық шыққан негізгі күралдар, материалдық қүндылықтар мен ақшалай қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп, есепке алынады, бүлардың артық шығу себептері мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;

- қүндылықтардың кемуі (жоғалуы) белгіленген тәртіпте бекітілген нормалардың шегінде кәсіпорын басшысынын екімімен өндіріс не айналым шығындарына көшіріліп жазылады;

- материалдық қүндылықтардың, ақшалай қаражаттын және басқа мүліктің кем шыккандары, сондай-ақ табиғи кемуі нормаларынан тыс ысырап болған жағдайда кінәлі адамдардың мойындарына қойылады. Кінәлі адамдар анықталмаған немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға сот тыйым салған жағдайларда кем шыққан мүліктер және ыссыраптардан келген зияндар шаруашылық қызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады.

Түрақты жұмыс істейтін түгендеу (түгелдеу) комиссиясының қолда бар қүндылыктар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде анықталған алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хатгамасын түгендеу аякталған соң көсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нэтижелері түгендеу аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жылдық түгендеу бухгалтерлік жьшдық есеп беруінде көрініс табады.

Есеп берер алдында улкен дайындық жумыстары жургізіледі. Бухгалтерия цехтардан, коймалардан, есеп беретін адамдардан т.б. күжаттардың толық түскенін (немесе түспегенін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жьш ішіндегі барлык шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдардың амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді; алдағы кезендердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық шотгары мен топтарында есептік баға бойынша накты өзіндік күнын, орташа ҚЦШ процентін не ауыткушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған материалдардың нақты өзіндік қүнын анықтап, оны ендірістік және басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных