Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жағасында кездесетін негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз




Ароидниктер. Аққанат, калла (Calla) – шаяноттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік туысы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында (Қазақстанда да) өсетін 1 түрі – батпақ Аққанат (С. palustrіs) бар. Осы түрді Солтүстік Қазақстандағы Қамысты көлінің жағасынан 1958 ж. алғаш рет С.Арыстанғалиев жинаған. Оның биіктігі 10 – 35 см.Тамыр сабағы жуан, бөлшектенген, жатаған. Жапырақтары ұзын сағақты, пішіні жүрек тәрізді (ұзындығы 16, ені 11 см). Көктемнің басында аппақ жабынмен жабылған гүлшоғыры, кейін қызыл жемісі бар, жеке гүлдегі бірігіп өскен тығыз, қысқа жемістер тобы алыстан көз тартады. А-тың жемісі негізінен су құстары арқылы таралады. Улы өсімдік. Оңтүстік Африкада өсетін зантедесхия (Zantedeschіa) деген туыстың кейбір түрлерін «калла» деген атпен оранжереялар мен жылыжайларда қолдан өсіреді. Аққанат – гүлімен көз тартатын,әдемі жалпақжапырақты бөлме және бақша гүлі.Кернейсекілді аппақ гүлі тамырдан тіке шығып,жоғарыға бағыттала орналасқан. Алғаш мәдени түрге енгендерінің түсі ақ болғандық-тан өсімдікті “аққанат” деп атаған. Бірақ оныңгүлінің түсі сары, қоңыр, күлгін,қызыл,сия көк,жасыл болатын да сұрыптары бар.Елімізде көбіне гүлі ақ жәге күлгін түстісі қолданыста.Жылына 1 рет, 40-50күндей гүлдейді. Ұзақгүлдеу үшін гүлдеп болған гүлсабағын қырқыпотырады. Ашық күн көзіне және құнарлы,ылғалды,топырақта жақсы өседі.Жас көшетінмолынан суғарып,тұрақты қоректендіреді.Гүлдеп болған соң күзге таман тамыртүйнегінөткір пышақпен бөлу арқылы көбейтеді. Жиібөлуге болмайды.

Батпақ аиры- Шалшық суларда, өзендердің бойында кездеседі. Жапырақтары бірден көзге түседі, қылыш тәрізді болып келеді, жағымсыз иіс шығарады. Бұл Еуропадан келген өсімдік. Тіршілік формасына келсек: біржылдық, шөптесін, тамырсабақты өсімдік. Бұл өсімдіктің қосалқы тамыры лайға бағытталып өседі және бұл тамыр қоректік заттарды сіңіреді. Тамырсабақтың үстіңгі бетінде жоғары қарай бағытталған қабыршақты жерлерінен өркендер түзіледі. Бұл жапырағы мен сағағы.Тамырсабағының көлденең кесіндісінде сыртқы қабық және ішкі қабық бөлінеді.Көбінесе вегетативті жолмен көбейеді. Сабақтың бойында 700-800 гүл кездеседі. Гүл шоғыры-собық. Жақсы дамыған жабыны болады. Қазақстан территориясында кездесетін осы өсімдіктердің тозаңдары тозаңқапта нашар дамыған.Тұқымбүршіктері нашар дамыған.

Құртқашаш (Іrіs) — құртқашаш тұқымдасына жататын өсімдік. Қоңыржай, субтропиктік аймақтар мен Солтүстік жарты шарда 250-ден аса түрі белгілі.Қазақстанда құмды, шөлді және шөлейт жерлерде, далада, тау бөктерінде, ормандарда өсетін 8 түрі бар.Биіктігі 20 — 200 см. Жапырағы сүйір, гүлдері қос жынысты, ірі болады. Гүл серігі ұзын түтікшелі және иіліңкі 6 бөлікті (оның 3-еуі ірі, сыртын жұмсақ түк басқан). Аталығы — 3, сыртқы бөлігінің түбінде тұратын ұзынша тозаңқаптары таспа пішінді. Жатыны — 2 ұялы. Бал арасымен тозаңданады.Сәуірден шілдеге дейін гүлдеп, жеміс береді. Жемісі — көп тұқымды қауашақ. Тұқымы жел арқылы таралады. Сары Құртқашаш (І. flavіssіma) — дәрілік өсімдік, жоңғар Құртқашашы (І. songarіca) жапырағынан щетка жасау үшін ірі талшық алынады. Альберт құртқашашы және Людвиг Құртқашашы (І.Ludwіgіі) — өте сирек кездесетін эндемиктер, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Балдыршөп тұқымдасы, балық оты (Lemnaceae) — су бетінде қалқып немесе су ішінде өсетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 2 туысы (балдыршөп, тамыршөп), 3 түрі (кіші, үшқұлақты, бүкір балдыршөптер) Тобыл, Есіл өзені бойында, ағынсыз не ағыны аз, тұщы суларда өседі. Жапыраққа айналған сабағының ұзындығы 3—10 мм, ені 2—3 мм-дей, сопақша немесе домалақ пішінді болады. Жапырақтары жойылып кеткен не жұқа қабыршақ түрінде сақталған, сондықтан Балдыршөп тұқымдасының денесі жапырақтың да, сабақтың да, кейде тамырдың да қызметін атқарады. Бір не бірнеше тамыршасы болады. Балдыршөптер сирек гүлдейді. Өте ұсақ гүлдері дара жынысты. Аталық және аналықгүлдері бір жерде топтасып гүлшоғырын құрайды. Олар өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Өсімдік денесінің төмен жағындағы қалташықтарының ішінде кішкене тақташалар түзіліп, кейін олар бөлініп, жеке өсімдікке айналады. Балдыршөп тұқымдасының құрамында 24%-тей протеин, 17 — 20%-тей клетчатка болғандықтан, оларды балықтар мен су құстары қорек етеді. Халық медицинасында дененің қызуын басатын дәрі ретінде пайдаланылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных