Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жағалауындағы негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз




Дәнел, альдрованда (Аldrovanda) – шықшөптер тұқымдасына жататын жәндікқоректі су өсімдіктер туысы. Еуразияның, Австралияның, Африканың тұщы суларында өсетін 1 түрі бар. Қазақстанда өзен-көл бетінде қалқып жүретін 1 түрі – бүршікті дәнел (А. vesіculosa) бар. Биіктігі 5 – 10 см, тамырсыз жіп тәрізді сабақтары су бетінде қалқып жүреді. Жапырақтары 7 – 9-дан шоғырланып, жалпақ сағағының ұшында ұзын біз тәрізді болып жетіледі. Гүлдері ұсақ ақ түсті, жәндіктермен тозаңданады. Негізінен қыстап қалған бүрлері арқылы көбейеді. Ол бүрлерді су құстары таратады. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қақырап ашылатын қорапша. Тұқымы ұсақ, өте көп.

Балдыршөп тұқымдасы, балық оты (Lemnaceae) — су бетінде қалқып немесе су ішінде өсетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 2 туысы (балдыршөп, тамыршөп), 3 түрі (кіші, үшқұлақты, бүкір балдыршөптер) Тобыл, Есіл өзені бойында, ағынсыз не ағыны аз, тұщы суларда өседі. Жапыраққа айналған сабағының ұзындығы 3—10 мм, ені 2—3 мм-дей, сопақша немесе домалақ пішінді болады. Жапырақтары жойылып кеткен не жұқа қабыршақ түрінде сақталған, сондықтан Балдыршөп тұқымдасының денесі жапырақтың да, сабақтың да, кейде тамырдың да қызметін атқарады. Бір не бірнеше тамыршасы болады. Балдыршөптер сирек гүлдейді. Өте ұсақ гүлдері дара жынысты. Аталық және аналықгүлдері бір жерде топтасып гүлшоғырын құрайды. Олар өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Өсімдік денесінің төмен жағындағы қалташықтарының ішінде кішкене тақташалар түзіліп, кейін олар бөлініп, жеке өсімдікке айналады. Балдыршөп тұқымдасының құрамында 24%-тей протеин, 17 — 20%-тей клетчатка болғандықтан, оларды балықтар мен су құстары қорек етеді. Халық медицинасында дененің қызуын басатын дәрі ретінде пайдаланылады.

Саздақшөп (Lіmnas) — астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Алтайдың (Қатонқарағай, Үшкүнгей сайы, Сарымсақты т.б.) альпілік шалғындары мен биік тау шатқалдарында өсетін 1 түрі — Верещагин саздақшөпі (Lіmnas veresczagіnіі) бар. Оның биіктігі 50 см-дей. Қысқа тамырлы, бұтақтары тарамдалып өсетін өсімдік. Жапырақтары ұзын, жалпақ не сәл бұратылған, тегіс, кейде бұдырлы келеді. Гүлдері (ұзындығы 3 — 9 см) шашақбас гүлшоғырына топталған. Масағы бозғылт-сары түсті, жылтыр. Тұқымынан көбейеді. Маусым — шілде айларында гүлдейді. Верещагин саздақшөпі — өте сирек кездесетін, эндеми өсімдік. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных