Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






таралған түріне сипаттама беріңіз




Сукөріктер тұқымдасы (лат. Hydrocharitaceae) – суда өсетін көп жылдық дара жарнақты өсімдіктер. Қоңыржай, тропиктік және субтропиктік белдеулерде 16 туысы, 100-ден артық түрі кездеседі. Қазақстанда Ақтөбе, Шығыс және Орталық Қазақстан облыстарында, Арал тауы маңында өсетін 4 туысы (бақаоты, болбыр, бұрандажапырақ, жауқияқ) бар.

Сукөріктер тұқымдасының сабағы су ішінде өсіп, жапырағы су бетінде қалқып тұрады. Гүлдері дара жынысты, қос үйлі. Бір аналығы бар, аналық гүлдері жеке-жеке орналасады. 2 – 15 аталығы бар, аталық гүлдері жартылай шатырша гүлшоғырын құрайды. Кейбір түрлері 10 м тереңдікке дейін ну қопа болып өседі және бұлардың тіршілік ортасына бейімделгені соншалық, су ішінде тозаңданады. Гүлдеген кезде ғана гүлдері су бетінен көрінеді. Сукөріктер тұқымдасының кейбір түрлері тағам және тыңайтқыш ретінде пайдаланылады, аквариумда өсірілетін түрлері де бар.

Бұрандажапырақ (Vallіsnerіa) – ''сукөріктер тұқымдасына жататын, суда өсетін көп жылдық өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік кейде қоңыржай аймақтардағы су айдындарында кездесетін 6 – 10 түрі анықталған. Қазақстанда Каспий, Арал теніздерінде, Түркістан өңіріндегі өзен-көлдерде, ащы, тұщы суларда өсетін 1 түрі – спиральды Бұрандажапырақ (V. spіralіs). Оның жатаған тамырсабағы қысқа, дегелек жапырақтары таспа тәрізді, бүтін жиекті, жоғары шеті ара тісті келеді. Ұзындығы 50 – 80 см, ені 5 – 12 мм. Екі үйлі өсімдік. Гүл сағағы қысқа. Гүлшоғыры қарапайым тостағанша тәрізді жапырақшалардан тұрады. Аталық гүлдері майда. Гүл сағағы бұранда тәрізді иіліп келген. Бір ұялы. Ұясында көп тұқым бүршігі жетіледі. Әр тұқым бүршігінің бұранда тәрізді иілген сағағы болады. Тамыз – қыркүйек айларында гүлдейді. Жәндіктер немесе жел арқылы айқас тозаңданады. Бұрандажапырақ ауаны, суды оттегімен байытады, шіріп сапропельге айналады. Ол су құстары мен балықтардың негізгі азығы. Бұрандажапырақты жиі аквариумда өсіреді.

Теңгебастар тұқымдасы (Butomaceae) - көпжылдық даражарнақты өсімдіктер. Дүние жүзінде кең таралған, негізінен Солтүстік Жарты шарда кездесетін 4 туысы, 7 түрі бар. Қазақстанның таулы жерлерінен басқа аймақтарда таралған жалғыз туысы теңгебас, оның бір түрі - ақ шоқан не шатырлы теңгебас бар. Сулы және батпақты жерлерде өседі. Биіктігі 40-150 см, сабағы жылтыр, қатты. Тамыр түбінен өсетін жапырақтары ұзын, төмен жағындағылары үш қырлы, жоғарғы бөлігіндегілері жалпақ, 5-10 мм. Судағы жапырақтары таспа тәрізді ұзын болады. Гүлдері қосжынысты, аталығының саны 9, кейде одан көп болады, аналығы алтау бір. Ақшыл қызғылт түсті көп гүлдері ұзын гүл сағағында жетіліп, шатырша гүл шоғырына топталған. Жәндіктермен тозаңданады. Жаздың басынан қара күзге дейін гүлдейді. Жемісінің пішіні сопақша, жоғарғы жағы үшкір. Тұқымы өте көп, бір өсімдік 10 000-дай тұқымдас береді. Тағам ретінде пайдаланылады, одан крахмалы көп ұн алынады. Жапырақтары тоқыма заттар жасауға пайдаланылады. Теңгебасты ондатр, құндыз, бұлан жақсы жейді, оныменен су құстары қоректенеді.

Наядалар, Теңізшөптер, Кербезгүлдер тұқымдасы. Су флорасындағы негізгі түрлері. Су және су жағасында кеңінен таралған түріне сипаттама беріңіз

40 Су және су жағалауында кездесетін Архегониялық споралы өсімдіктердің

тізімін жасаң

Архегонии деп аталатын аналық жыныс мүшесі болатын өсімдіктерді архегонилілер деп атайды. Бұл атты 1876жылы орыс ғалымы И.Н.Горожанкин ботаника ғылымына тұңғыш рет енгізіп, бұларға мүктер мен папоротниктерді, қырықбуындарды, жылбұрындарды, плаундарды, селагинеллаларды жатқызды.

Мүктәріздестер түрлерінің саны жағынан гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орында. Дүние жүзі бойынша олардың 22 000-нан 27 000-ға дейін түрлері бар.

Мүктер жер бетінің барлық жерлерінде кездеседі. Әсіресе ылғалы мол жерлерде бітік өседі. Орманның батпақты жерлерінде мүктер жер бетін тұтас жауып тұрады. Мүктерді ағаштан салынған үйлердің шатырынан, ағаш діңдерінен, тауардың, жартастардың бетінен көреміз. Мүкті ағаштардың сынып түскен бұтақтарынан, тіпті терең тұщы сулардың түбінен кездестіруге болады. Климаты аса қатал Арктика мен Антарктиданың бірқатар аудандарында жоғары сатылары өсімдіктерден тек мүктер ғана өседі. Мүктерді зерттейтін ғылымды «бриология» (грекше «брион» - мүк, «логос» - ғылым) дейді.

Мүктәріздестер - аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. Мүктердің биіктігі бір миллиметрден 70 сантиметрге дейін жетелі. Денесі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін, тақташа тәрізді қарапайым құрылысты мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселт өседі. Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары (грекше «риза» - тамыр, «эйдос» - түрі) атқарады. «Ризоид» - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді.

Мүк сабағының сыртын бір немесе бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл жасушалардың хлорофилдері болмайды. Қабықшаның астында жасушаларыхлоропластарға толы, жақсы жетілген фотосинтездеуші ұлпа орналасады. Өткізгіш, тірек, қор жинаушы және жабын улпалары нашар жетіген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасымалдануы өткізгіш үлпалардың қатысуымен жүзеге асады.

Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол қарағайлы ормандарда жиі кездеседі. Төселіп өсетін сабақтан жоғары қарай - ұсақ жапырақтары бар өркендер, ал төмен қарай қосалқы тамырлар жетіледі. Күзге қарай жоғары бағытталып, тік өсетін өркендердің ұшында екіден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетін масақтары дамиды. Плаун сабағының ішкі құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа өң жауып тұрады. Оның астында жақсы жетілген қабық қабатты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тірек ұлпасы бар. Сабақтың ортаңғы бөлігін шеңберлі шоқ алып жатады.араған екі өкілін қарастырамыз. Олар: жасыл мүк (көкек мүгі) пен шымтезек мүгі.

Плаунтәріздестер бұдан 300 млн жыл бұрын ағаш түрінде өркендеп, кең тараған жасыл өсімдіктер. Қазіргі кезде қылқанды және аралас орманда кездесетін шөптектес көпжылдық өсімдіктер түрінде таралған. Плаунтәріздестер сабақты, ұсақ жапырақты және қосалқы тамырлы болып келеді. Табиғатта 200-500 түрі бар деп есептеледі.

Плаундар өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею төселіп өсетін сабақтардың үзінділерінен, ал жыныссыз көбею споралар арқылы жүзеге асады. Жынысты көбею кезінде аталық және аналық жұмыртқалар қосылып, ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдіктің тамыры, сабағы және жапырағының бастамасы болады. Плаундардың спорасы және шөбі медицинада дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Өнеркәсіпте плаун сары және жасыл бояу алынатын шикізат болып табылады.

Тропиктегі биік тауларда өсетін плаун полушниктің кейбір түрлерінде ерекше қасиет бар. Олар фотосинтезге қажетті көміртегін ауалан емес, тұнба материал - әктастардан алады.

Плаундар өкілі селагинелла құрғақта өсуге бейімделген. Оның денесінің суға шылығуы ауаға және топырақтың ылғалдығына тәуелді. Құрғақшылық жыл кезеңінде ол құрғақ ауадан кеберсиді. Алайда жаңбыр жауса-ақ өсімдік сыртқы көрінісі мен ішкі құрылысын толық қалпына келтіреді.

Плаун өте баяу өседі. Мәселен, кейбір саңырауқұлақтардың жіпшумағымен селбесіп өсетін өскінше 15-18 жыл өседі

Қырықбуынтәріздестер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлі болған. Ертедегі ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып, қазіргі кезде тек шөптекті түрлері ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған.

Қазіргі кезде кездесетін қырықбуынтәріздестерге қырықбуын туысы жатады, онда 30-35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі. Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседі. Бізге көбірек тараған өкілдерінің бірі — далалық қырықбуын. Ол - ұзын, тармақталған жерасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптекті өсімдік. Тамырсабағының буынынан қосалқы тамырлар дамиды. Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен. Көктемгі өркендері ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен бірінші пайда болады. Оның биіктігі 20 cм, бұтақтанбаған жапырақтары қоңыр түсті, қабыршақты, өркен ұшында масақтары болады. Масақтарында споралар дамиды. Қабыршақты жапырақтары өркенде топтанып орналасады. Далалық қырықбуынның көктемгі өркендері споралары пісіп жетілген соң қурап қалады. Жасыл түсті жаздық өркендерінде хлорофилл дәндері бар. Жаздық өркенде жанама бұтақтары топтанып орналасады. Ол - өсімді өркен. Жапырақтары болмайтындықтан, фотосинтез үдерісі осы жаздық өркендері арқылы жүзеге асады. Көктемгі өркендері - көбею, ал жаздық өркендері өсу қызметін атқарады. Жаздық өркеннің тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналады. Онда қорек заттары қорға жиналады әрі өсімді көбею мүшесі болып саналады. Қырықбуын сабағының сырты көп қырлы болады. Сабақтың сыртын жұқа өң қаптайды. Ол бірқатар түссіз жасушалардан тұрады.

Жаздық өркен өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасады. Өзекте өткізгіш ұлпалары бірнеше ұсақ шоқ түзеді. Кейін өзек ұлпалары ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады.

кезеңінде ағаш тәрізді орман түзген.

Қырықбуын - ылғалды топырақ өсімдігі. Көбірек таралған өкілі - далалық қырықбуын. Қырықбуындар көпжылдық, қатқыл сабақты, тамырсабағы дамыған шөптекті өсімдіктер болып табылады. Қырықбуынның жаздық және көктемдік өркендері болады. Жаздық өркенде фотосинтез үдерісі жүріп - өсу, ал көктемгі өркені көбею қызметін атқарады. Көбею суда өтеді. Өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Қырықбуындар - дәрілік өсімдіктер, улы түрлері де бар.

Папортниктер - тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер. Қазіргі кезде қырықжапырақтәріздестердің 10 000-нан астам түрлері белгілі. Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана (басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі.Суда өсетіндері де бар. Аустралия мен Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қазақстанда ағаш тәрізді қырықжапырақтәріздестерді тек ботаникалы бақтардан ғана көруге болады. Қазақстанда көпжылдық шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі - усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы - тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақтарынан төмен қарай - қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседі. Бізде шөптекті болып өсетін қырықжапырақтың жерүсті сабағы дамымаған. Оның есесіне жерасты тамырсабағы жақсы дамыған. Сондықтан тамырсабағын қысқарған сабақ дейді. Усасыр қырықжапырақтың жапырақтары өте баяу өседі. Мұнда үш түрлі жапырақ бар. Бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршіктерден екінші жылғы жапырақтар пайда болады. Екінші жылғы жапырақтары биіктеліп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды тілімделген нағыз жапыраққа айналады. Жапырақтары ұшынан шексіз өсетіндіктен, өте ірі болады. Олардың мөлшері бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жетелі.

Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады:

1. фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі;

2. споралар түзіліп, көбеюге қатысады.

Фотосинтез үдерісі болатын жапырақтарында сағағы мен тақтасы бар. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделгендіктен, өсімдік қырықжапырақ деп аталады.

Қырықжапырақтар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі тамырсабақтары және өкім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Өнім бүршіктері қырықжапырақтардың барлығында бірдей бола бермейді. Мұндай бүршіктер жапырақтың негізгі жүйкесін бойлай орналасады.

Олардан жапырақтың нышаны бар кішкентай қырықжапыраққа бекиді де нағыз қырықжапыраққа айналады.

Жыныссыз көбею жаз кезінде усасыр қырықжапырақ жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзіледі. Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегеніміз спорангийлердің жиынтығы. «Спорангий» - споралар дамып жетілетін орын - қалта. Сорустың үстін жауып тұратын жарғақша жамылғысы болады. Спорангийлері жапырақтың астыңғы бетінде ұзын аяқшалары арқылы негізгі жүйкеге бекініп тұрады. Пісіп жетілген споралар спорангийдің қабықшаларының жыртылуы нәтижесінде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өніп, өскіншелер береді. Усасыр қырықжапырақ - тең споралы өсімдік.

Жыныстық көбеюі осы өскіншеде жүзеге асады. Өскінше жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 миллиметрдей. Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекиді. Өскіншенің астыңғы бетінде аталық және аналық жыныс мүшелері жетіледі. Аталық жыныс мүшесінен - аталық жыныс жасушалары, ал аналық жыныс мүшесінен аналық жынысжасушасы (жұмыртқа жасушасы) пайда болады. Екі әр түрлі жыныстық жасушалардың қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдік тамырының, сабағының, жапырағының бастамасы болады. Ұрық алғашқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді. Кейін ұрықтан тамыр және жапырақ жетіледі.

 

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных