Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тұқымдастарының негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз




Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) — қос жарнақтыларға жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта және шырмауық түрінде де кездеседі. Жер шарында кең тараған 50-ден астам туысы, 500-ге жуық түрі негізінен қоңыржай белдеулерде, салқын жерлерде және суда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 29 туысы, 185 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіндері: сарғалдақ, бәрпі, тегеурінгүл, жанаргүл, т.б. Жапырақтары бүтін жиекті не тілімденген, жапырақ серіктері болмайды. Гүлі қос жынысты (сирек жағдайда дара жынысты) болады. Аталығы өте көп, гинецейі апокарпты (гүлдегі өзара тұтаспаған аналықтар жиынтығы). Жемісі — көп тұқымды жапырақша немесе көп жаңғақша. Тұқымы майлы. Көп жылдық Сарғалдақтар тұқымдасының құрамында алкалоид және глюкозид болғандықтан улы келеді. Сарғалдақтар тұқымдасының көпшілік түрі дәрілік өсімдіктер (жанаргүл, бәрпі, т.б.); әсемдік үшін де өсіріледі (шөмісгүл, тегеурінгүл, жібілген, т.б.)

Субеде (лат. Menyanthes)– көп жылдық шөп тектес, батпақ өсімдігі. Биіктігі -15 – 35 см.Тамыры ұзын және жуан, ішінде ауа жүретін қуыстары бар. Тамырының сәл ғана көтерілген ұшына ұзынсағақты бірнеше ірі жапырақ өсіп шығады.Сабағы жапырақсыз, биіктігі 30 см-ге дейін жетеді. Оның ұшар басындағы гүлдері масақ тәрізденіп шоғырланып тұрады.Тамырдан өсіп шыққан жапырақтары теріс қаратып қойған жұмыртқа тәрізді, шеттері бүтін, үш-үштен қосақталған.Гүл тостағаншасы бес қалақшадан тұрады. Гүлі ақ, ақшыл-қызыл. Мамыр – шілде айларында гүлдейді.Шілде – тамызда жеміс салады. Шар тәрізді жемісінің ішінде көптеген тұқымдары болады. Қазақстанда Тобыл-Есіл атырабында, Мұғалжарда, Зайсан, Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауының мүкті және ылғалды-батпақты жерлерінде өсетін 1 түрі – үшжапырақты субеде (М. trіfolіata) бар.Субеде жапырағының құрамында глюкозид-мениатин; сабағында – май, холин, шайыр, йодты заттар; тамырында – метионинглюкозиді, илік заттар болады. Халық медицинасында субедені туберкулезді, қызбаны, қырқұлақ, ішек ауруларын, безгекті емдеуге пайдаланады. Медицинада оны асқазан қышқылы азайғанда тәбет көтеретін және өт айдайтын дәрі ретінде қолданады.

Күрделігүлділер тұқымдасы. Өгейшөп - Қазақстанда 1 ғана түрі кездесетін тамырсабақты, көпжылдық шөптекті өсімдік. Ерте көктемде көптеген шөптекті өсімдіктерден бұрын өгейшөп шығып, гүлдейді. Өгейшөп тамырсабағынан дамыған гүлсидамның биіктігі 10-25 см, жапырақтары қызғылт-қоңыр түсті, сағақсыз, қабыршақты болады. Гүлдеп болған соң тамырға жақын жерінен ұзын сағақты, жүрек пішінді, ені 10-15 сантиметрге жететін үлкен жасыл жапырақтары дамиды. Өгейшөп жапырағы тақтасының үстіңгі беті түксіз жылтыр - «салқындық» сезім тудырады. Жапырақтың астыңғы бетінде жұмсақ түктер өсіп, «жылылық» шырай білдіреді. Осы екі түрлі ерекшелігіне байланысты өсімдік «өгейшөп» аталған. Өгейшөптің сары түсті ұсақ гүлдері ені 1-2 см мөлшерінде себетгүлге (корзинка) - гүлшоғырға жиналған. Себетгүлде топтасқан гүлдері екі түрлі: себетгүлдің жиегіндегі (шетіндегі) гүлдердің барлығы - аналық тілшелі гүлдер, ортасында орналасқандарының барлығы - аталық түтікшелі гүлдер. Сонымен, өгейшөптің себетгүлінде (гүлшоғырында) аталық та, аналық та гүлдердің болатынына көз жеткіздік.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных