ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жағалауындағы негізгі түрлерін е сипаттама беріңізГалорхагилдер тұқымдасы. ЕГЕУШӨП (Myrіophyllum) – көп жылдық су өсімдіктері. Қазақстанда 2 түрі – шоқ Егеушөпі (M. vertіcіllatum), масақты Егеушөп (M. spіcatum) бар. Олар жылғалар мен өзен-көлдердің жағасында, негізінен, тұщы су түбінде, басқа су өсімдіктерімен бірігіп, қалың тоғай болып өседі. Оның ұзындығы 15 – 80 см. Су түбіне жатаған тамыры арқылы бекиді. Ұзын, түтік тәрізді сабағының біраз бөлігі су бетіне шығып тұрады. 4 – 6-дан топталған ирек тісті түкті жапырақтары болады. Ұсақ гүлдері бірігіп, масақ гүлшоғырын құрайды. Желмен, кейде ұсақ жәндіктер арқылы, кейбір түрлері өздігінен де тозаңданады. Қыстап шыққан бүршіктерінен де көбейеді. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Егеушөптердің су астындағы тоғайлары балықтардың уылдырық шашатын қолайлы орны болып табылады. Шатыршагүлділер тұқымдасы (Apіaceae) — қос жарнақты өсімдіктер. Жер шарында кең тараған, әсіресе Солтүстік жарты шардың тропиктік емес аймақтарында таралған 300-дей туысы, 3 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 82 туысы, 227 түрі белгілі. Шатыршагүлділер тұқымдасы негізінен бір не көп жылдық өсімдіктер, сирек бұта немесе ағаш түрінде өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тілімденген, сабағы көбінесе қуысты. Гүлдері уақ, қос жынысты, күлтесі бес желекті, бес аталықты. Гүлшоғыры күрделі не жай шатырша немесе шоқпарбас. Жәндіктермен тозаңданады. Жемісі — тұқымша, жаңғақша. Шатыршагүлділер тұқымдасының көпшілік түрі — пайдалы өсімдіктер. Атқұйрықтар тұқымдасы (Hіppurіdaceae) – қосжарнақты өсімдіктер. Негізінен Солт. жарты шардың салқын және қоңыржай белдеулерінде кездесетін 1 туысы – атқұйрық (Hіppurіs), оның 1 түрі – суқарағайатқұйрық (Н. vulgarіs) бар. Биікт. 15 – 45 (120) см, жалаң, жартылай не әбден суға батып өседі. Тамыр сабағы өрмелегіш, су түбінде тамырланады. Кейбір бұтақтары судан шығып тұрады, сол бұтақтарында гүлдері жетіледі. Жапырақтары шоғырлана орналасады, су бетіндегілері ұсақ, су астындағылары ұзын (ұзындығы 10 см) болады. Гүлдері бір-бірден жапырақ қолтығынан шығады, қос жынысты. Аталығы біреу, оның ірі тозаңқабы бар. Жел арқылы тозаңданады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – ұсақ, бір тұқымды сүйекше. Олар сумен немесе құстармен таралады. Атқұйрық көптеген су жануарларының қорегі болып саналады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|