ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мақалдарды оқып,пікіріңізді жазыңыз.Ақылды сөзге тоқтайды,ашулы өнбесті жоқтайды. Бұл даналық сөздердің мағынасы тереңде жатыр.Яғни,ақылды адам сөз қадірін біледі,мағынасын түсінеді.Сол себеппен керек жерінде қосып,керек жерде тоқтап отырады. Ал,ашуға бой алдырған адам өнбес іске сөзін тауысып отырады.Сондықтан да "Көп сөз-көмір,аз сөз-алтын",-деген емес пе қазақ. Жақсы бала―бағың,жаман бала―сорың. Келер ұрпақты әр қашан әке-шешесіне теңейді,салыстырады.Және баланың қылықтары үшін таяқтың ьір ұшы әрдайым ата-анасына тиіп отырады."Қандай ағаш ексең,сондай жеміс жейсің" деген де осыдан шыққан.Осылайша балаң жақсы болса баңыңа айналып,ал жаман болса сорыңа айналады. Кісі үйінде көсем болма,өз үйіңде шешен болма. Әр үйдің өз қожайыны бар,сондықтан кісі үйінде сенің билігің жүрмейді,ал сол сияқты өз үйіңде ауызбен ғана жұмыс істеп отырсаң еш шаруаң тынбайды.Өз үйіңде сен басшылық та ете білуің керек және білек сыланып еңбек ете де білуің керек. Ал,қонақ болып барған уйде қонаққа тиісті міндеттерді атқаруың керек. Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді. Бұл жерде ерте кездердегі басты байлықтың өлшемі мал болғанын ескере кету керек.Яғни еңбекпен келген астың өзі қадірлі және дәмді болатын сияқты,маңдай теріңді төгіп жинаған дүниенің де бағасы жоғары болады.Ал,оңайлықпен келген байлық келген күйінде кетеді.
5.Сұрақтарға жауап жазыңыз: 1.Жақсы сөз―адамзат сусындап отырған кәусар бұлақ секілді.Адамзаттан бөлек қазақ халқының тілге деген құрметі ерекше.Сөздің күші емі табылмаған ауруды да жазған.Сондай-ақ,халқымызға тән қасиеттердің бірі-шешендік екендігін ескере отырып,"Жақсы сөз―жан азығы" деген сөздер халық жүрегіне қаншалықты жақын екендігін тусінуге болады.Менің түсінуімше,"Жылы,жылы сөйлесең,жылан да інінен шығады" демекші,жақсы сөздер адамға ауадай қажет. 2.Біздің ата-бабаларымыз сөздің құдіреттілігіне даусыз сенген.Тыйым сөздерді ойлап табудың да себебі осы болған.Мысалы,қасқырды байқаусызда шақырып алмау мақсатында өз атымен атамай,ұлыма деп атаған.Сол сияқты жақсы сөздің де жақсылық шақыратын қасиеті бар.Сондықтан,жақсы сөз―жарым ырыс деп айтады. 3.Сөзге қатысты қандай мақал-мәтел білесіз? · Ұлы сөзден―ұлағат. · Жыртық үйді жел табар, Өтірік сөзді шын табар. · Ботаның көркі-көз, Адамның көркі-сөз. · Аталы сөз―ақылға көз. · Қаһарлы сөз қамал бұзар. · Мақал―сөздің мәйегі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|