ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Біз – Қазақстанның жарқын, білімді болашағымызҚараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың көгіне Күн болмағанда кім болам! Туған жер! Шіркін, қандай ыстық десеңізші! Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Түнде жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көзің секілді. Себебі, сен сол аспанмен тыныстайсың,жұлдыздай жарқырап алысқа қарайсың. Туған жер! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Оның жұпар атқан жусаны,кеудеңе құйылған мөлдір ауасы,жалғыз аяқ жолы бәрі бәрі сенің туған жерің.Осы туған жерімді көркейту үшін дамыған 50 елдің қатарына қосу үшін,алдымен мен білімді,мәдениетті болуым керек. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын,дамыған елдер қатарында,терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білікті тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай,білім мен біліктілігі жоғары,талап талғамы терең,салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған интеллектуалды тұлғаны айтамыз. Елбасының «Жаңа әлемдегі-Жаңа Қазақстан» атты жолдауында да «Елімнің ертеңі-білімді ұрпақ» делінген.Сонда ғана біз болашағы жарқын,өркениеті дамыған мықты да үздік ел бола аламыз деп баса айтылған. Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесі қалыптасқан тарихи жағрапиялық,саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік жағдайдың талаптарына сай әлемдік білім беру жүйесіне Еуразиялық білім беру кеңістігі арқылы кірді.Білім мен тәрбие – егіз ұғым. Өркениетке бет алған егемендік еліміздің ендігі болашағы ұрпақ тәрбиесі ұлы міндетпен ұштасып жатыр.Онсыз болашағымыздың бұлдыр елес,бос қиял екені даусыз.Сонда не істеу керек? Меніңше, ең алдымен, ұрпағымыздың бойына ұлттық идея «патриотизмді» қалыптастыра білуіміз керек. «Патриотизм, ұлттық идея» дегеніміз не? Ол – қарабастың қамы емес,рудың не тайпаның зары емес адамзаттың баласы – ұлтымыздың ұлықтығы үшін,теңдігі мен елдігі үшін өтейтін әр пенденің қарызы мен парызы болса керек. «Ел боламын десеңіз,бесігіңді түзе» дегендей тәуелсіз мемлекетіміздің қолға алып отырған мәселелерінің бірі – жастарға жоғары сапалы білім беру. Еліміздің жерінің қойнауында жатқан ен байлықты игеру үшін қазақ халқы жаңа заман технологияларын меңгеруі қажет. Оны игеру үшін білікті мамандар қажет.Бүгінгі білімді ұрпақ-ертеңгі болашақ маман.Ол еліміздің келешегі. Міне,орта білімді ақпараттандыру,дарынды балаларды табу мен оны дамыту,соның алғашқы бастамасы-Президенттің «Дарын» бағдарламасы,одан кейін 1993жылғы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы секілді мемлекеттік маңызы зор жобалар дүниеге келді.12 жылдық оқыту моделі,кәсіптік,техникалық білім беру, интеллектуалды мектептер, жаңа халықаралық университет сынды іс шараларды жолға қойды. Ақпараттық технология саласында жаңалық күн сайын жаңару үстінде. Бұдан он шақты жыл бұрын компьютерді игеру мүмкін еместей көрінетін еді. Бүгін кез келген жұмысты компьютерсіз елестете алмайсыз. Жоғары білімді мамандарды дайындаудың үш сатылы моделін –бакалавриат-магистратура-доктарантура PHD-қабылдау мен білім беру жүйесін жаңаша басқару әдісі қалыптасты.Бүгінгі күннің де биік талабы-осы.Бұл қуантарлық жай. Елімізде білім беру жүйесіне әлі де болса назар аударылса,келешекте Қазақстандағы білім беру жүйесінің саласы әлемдік деңгейге жететініне сенімдімін. Қазақстан әлемнің көптеген дамыған елдерімен дипломатиялық қарым-қатынаста.Қазір экономиканың дамуы, ғылыми жаңалықтар,жаңа технология жетістіктеріне қол жеткізіп келеміз.Көрнекті қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев, «Мен жастарға сенемін» деп сенім білдірген жастарымыз қазіргі таңда ұлтжанды,адами құндылықтарды бойына жиған, қиыншылықтан шығатын жол таба білетін,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза, иман жүзді,елі мен жерін сүйетін,атқарған ісімен дәлелденген жастарды көргіміз келеді. Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт,қоғамдық орын,ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек біздің мемлекетіміз көркейетіні даусыз.
БЛОК Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|