Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстанның тарихи жерлері




Қазақстан – тариха шежіреге бай ел.Біз,қазақ халқы осынау Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан алып өңірде соңғы мыңжылдықтарда болған моңғол,жоңғар шапқыншылық - тары, Алтын Орда мемлекетінің пайда болуы,күйреуі,патшалық Ресейдің отарлау саясаты сынды көптеген қиыншылықтарды бастан кешірген халықпыз. Осының бәрі кәрі тарихымыздан көз жазып қалуға дейін әкелді.Елбасымыздың 2003 жылғы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асырудың маңызы зор болды.Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізбесіне 218 нысан енгізілді. 2004-2006 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасының жұмыстары одан әрі жалғастырыла бастады. Бағдарламаның міндеттері:1-ден, мемлекетіміздің асыл қазыналарын – мысалы, Есік,Берел қорғандары,Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы маңызды ескерткіштерді қайта жаңғырту;2-ден, Ұлы Жібек жолындағы тарихи орындардың негізінде мәдени туризмді дамыту көзделіп отыр.Археологиялық ескерткіштерінің ішінде көне Отырар қаласының /ертеде ол Фараб/ орны ерекше.Өкінішке орай талай жаугершілікті бастан кешкен,өртенген 20-ғасырдың 50-60 жыл- дары қыш алу мақсатымен эксковатормен қопарылған Отырар көптеген сымбатты сарайларынан айрылып тынды.Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының ішінде Түркістан қаласы ерекше орын алады. 15-19 ғасырдағы Ұлы Жібек жолында- ғы орналасқан Түркістан қаласы Қазақ хандығының астанасы жәңе түрік тілді адамдардың орталығы,діни орталықтардың бірі,екінші Мекке ретінде маңызды болып есептеледі.Түркістан қаласында атақты Қожа Ахмет Яссауи кесенесі,қаланың маңында Арыстан-баб кесенесі,сондай-ақ,қаладан 40км қашықтықта Ұлы Жібек жолындағы ежелгі қала Сауран орналасқан – ол 14ғасырда Ақ Орданың астанасы болған.Атырау облысында,қаладан 55км қашықтықта Жайық өзенінің жағалауында көне тарихи орындардың бірі –Сарайшық қаласы орналасқан.Ол- Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды,Қытаймен байланыстырған керуен жолы –Ұлы Жібек жолында орналасқан діни саяси-экономикалық орталық.Бату сарайынан кейінгі екінші астана,кіші сарай.Қаланың гүлденген дәуірі 13-14ғасыр аралығы.Алтын Орданың күйреуіне қарай қала әлсірегенімен,артынша Ноғай Ордасының астанасы атанып,қай- та дәуірледі.Қасым хан тұсында Қазақ хандығының алғашқы астанасы болды.1580жылы Дон,Еділ казактарының Жайық бойына ендеп кіріп,тағылық шапқыншылық жасау нәтижесінде Сарайшық біржолата күлге айналып қирады.Кейін гүлденген қала орнына Ресей патшалығы отаршылдық бекініс салды.Көне Сарай- шық қаласы орнына соңғы екі ғасыр бойы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.Солардың ішіндегі ең нәтижелісі 1937- 1950 жылдары академик Ә.Марғұлан жүргізген жұмыс. Кезінде қалада қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана ақша жасау шеберханалары болған.Тұрғындар егін,балық шаруашылы- ғымен айналысқан. 1999жылы қала орнынан құрамына ескерткіш, мешіт, мұражай кіретін Сарайшық-мұражай қорығы бой көтерді.Атырау облысы, Құлсары қаласының «Ақмешіт» деп аталатын бір мүйісінде 1750жылы көріпкел әулие,айтқаны айнымай келетін сәуегей,жезтаңдай ақын,жез найзалы батыр,ізгі жүректі Бекет Ата Мырзағұлұлы дүниеге келген.Бұл өлкедегі әрбір шаңырақ қуанған кезінде де,құлазыған шағында да алдымен Бекеттің атын ауызға алған. Ол - әлсізге-медет,Күштіге-Айбар,Зарыққанға-Жебеу, Тарыққанға- Демеу,Асқанға-Тосқан,Сасқанға-Сая,Ұрпаққа-Ұстаз,Ел-иесі,Жер- киесі, Пір Атаға қанша тағзым жасағанның ешбірі артық емес деп білеміз.Құлсары қаласынан 68км шамасында асқан шеберлікпен қиюластырған аппақ мәрмәр тастардан салынған биік күмбезді ғимаратқа кезігесіз,бұл «Бекет Ата» мешіт үйі. Ақмешіт- атаның әкесі Мырзағұл мен анасы Жақияның жәңе Бекетұлы Тоғайдың жерленген жері,кесенесі. Бекет атаның ең алғаш аруақ қонған мекені, мешітте ел балаларын оқытып, сауаттандырған мекені. Бекет ата 4 мешіт салдырған. 1. Ақмешіт; 2.Маңғыстау облысы Бейнеу жерінде; 3.Маңғыстау облысы Үстірттегі-Байшатыр; 4.Маңғыстау облысы Оғландыдағы жер асты мешіті - өзі осы мешіттің жанына жерленген. Бекект ата мешіттері – діни, тарихи және сәулет ескерткіштері. «Ердің соңы – Есет, Пірдің соңы – Бекет», «Қазақ қорықса, Бекет дейді, Бекет те айтқандарын екі етпейді» - деген қанат- ты сөздің өзінен Ата тұлғасын анық аңғаруға болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных