ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ел болашағы – білікті маман қолындаБіздің отанымыз біреу ғана, ол Қазақстан, ол көптеген ұр-пақтардың тері мен қаны арқылы құрылған және оның болашағы, қазақ халқының ғасырлар бойғы арманын жүзеге асыру жастар-дың қолында. Әрбір қоғамның ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп,ержетуіне байланысты. Сондықтан бұл мәселеге мән беру тұрмыстық-әлеуметтік көзқарас ғана емес, саяси салмағы бар үлкен міндет деп атасақ артық айтқандық емес. Кеше де со-лай болған, келешекте де солай бола береді. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытып, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі.Еркін елдің ертеңі – бі-лікті де білімді маман қолында. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, тәуелсіз мемлекеті – міздің қолға алып отырған басты мәселелерінің бірі – жастарға жоғары сапалы білім беру. Елбасымыз Қазақстанда білікті мамандар даярлау, білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Халқымызда «Білекті – бірді жығар, білімді – мыңды жығар» - деген бар емес пе. Расында да, білімнің қуатына тең ке-летін күш жоқ. Білім бар жерде даму, жетілу бір сәтке толаста-майды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқа-нын ұлы Абай да жақсы айтқан: «Балаң білімді, парасатты бол-сын десең, малыңды аяма», - дейді ол. Еліміздің қойнауында жатқан ен байлықты игеру үшін қазақ халқы жаңа заман технологияларын меңгеру қажет. Оны игеру үшін білікті мамандар қажет. Бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ маман. Ол- еліміздің келешегі. Қазір Қазақстанда жоғары білікті кадрларды әзірлеу үшін көп жұмыс жүргізілуде. Орта білімге, мек-тептердің материалдық-техникалық базасын күшейтуге, оқу үде-рісіне осы заманғы технологияларды ендіруге көп көңіл бөлінеді. Ұлттың интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында Үкімет 100 мектеп, 100 аурухана салуға көп көңіл бөлуде. 20 интеллек-туалдық мектеп – олар физика-математика, химия-биология, жаратылыстану ғылыми кейпіндегі мамандандырылған мектеп-тер болады. Бұл мектептің түлектері мемлекеттік және шетел тілдерін еркін меңгеріп шығады.Оларда шетел университеттеріне түсу кезінде ешқандай қиындық туындамайды. Үкімет техникалық және кәсіби білім беру сапасын арттырады. Жұмысшы кадрлар мен мамандықтарын даярлау жүйесі реформа-ланады. Ірі шетелдік компаниялар, біздің мемлекеттік компания-лар осы заманғы оқу орталықтарын құруы тиіс. Мұндағы құрал-жабдықтар өндірістегідей болуы керек. Мемлекет жыл сайын жоғары және орта-кәсіби білім алатын мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру грантын белгілейді. Кәсіби мектеп оқушы-ларының 95% - мемлекеттік бюджет есебінен оқып жатыр. 135 мыңға жуық жастар мемлекеттік білім тапсырысы бойынша жоғары оқу орнында оқып жүр. Білім беру гранттарына ие болғандарға ай сайын шәкіртақы төленеді. Магистранттарға шәкіртақы мөлшері 3 есе ұлғайтылды. Әлемнің ең танымал университеттері мойындаған оқытудың кредиттік технологиясы ендірілуде. Оқу үдерісіне осы заманғы ақпараттық-коммуникация-лық технологиялар енгізіліп келеді. Дарынды балаларды табу, оқыту мен оны дамыту, соның алғаш-қы бастамасы – Президенттік «Дарын» бағдарламасы, одан кейін 1993 жылғы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы секілді мемле-кеттік маңызы зор жобалар дүниеге келді. Бүгінде әлемнің озық университеттерінде осы бағдарлама арқасында 35 мыңға жуық жастар оқып жүр. Жоғары білімді мамандарды дайындаудың үш сатылы моделін – бакалавриат – магистратура – докторантура PHD – қабылдау мен білім беру жүйесін жаңаша басқару әдісі қалыптасты. Еліміздің 9 ұлттық университеті нығайтылды, бас-шылығы күшейтілді, студенттердің ғылыми дағдыларын дамыту үшін университет жанынан 15 зертхана құру аяқтала келді. Мемлекеттік бюджетте жыл сайын тегін медициналық көмек көрсету үшін қаржы бөлінеді. Бүгінде жалпы білім беретін 6 мың-ға жуық мектеп медпункттермен, кабинеттермен жабдықталған Мемлекет жас мамандарға қамқорлық жөніндегі саясатты күшейте береді. Соның бірі – тұрғын үй.Тұрғын үйді салуды дамы-тудың бағдарламасы аясында жас отбасылар басым болады. Ипо-текалық тұрғын үйді жалға алуға көшу жалғасуда. Білім мен ғылымды дамытпай мемлекетті алға сүйреу мүмкін емес. «Ертеңін ойламаған ел азады» демекші, барын бағалап, ұрпағына үмітке сай білім беріп тәрбиелейтін ел озады. 23) Өздеріңіз тұратын жердің экологиялық жағдайы (Алматы облысы) - Сәлеметсіз бе! - Сәлеметсіз бе! - Бүгінгі сұхбатымызда сізбен Алматы қаласының экологиялық жағдайы туралы әңгімелессек... - Иә, әрине. Айте беріңіз... - Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Сол туралы айта кетсеңіз... - Ол енді негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. - Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде. Сол мәселенің шешу жолдары табылды ма? - Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек: 27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ 2005 жылдан бастап тұрғын үйлер мен мектеп аулаларын ретке келтіріп, жақсартуға, көлікпен тасымалдау қызметін жетілдіруге, қаланы көгалдандыру мен жарықтандыруға, арықтар мен фонтандарды реконструкциялауға, энергетикалық кешенді жетілдіруге, мәдениет пен туризмді өркендетуге, қаланың тазалығын сақтау қызметтерінің жұмысын жақсартуға арналған қалалық 10 даму бағдарламасы табысты іске асырылуда. - Сіз бізге өте жақсы мәліметтер айттыңыз... Сізге үлкен рақмет! - Оқасы жоқ! Сау болыңыз! - Сау болыңыз! Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|