ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жастар – болашағымыздың алтын тірегіБостандық жолында біз қандай сәттерді бастан кештік?!Сонау ғұн,сақ,қыпшақ,ноғайлы болған кезден Керей мен Жәнібек-тің қазақтың басын біріктірудегі іс-қимылдары, бодан етеміз деп ентелеген жаулармен күрес,ұлт, халықты сақтап қалу жолында-ғы сан қилы кезең бәрі бүгін тарихқа айналды. Бірақ сол тарих бір-неше ұрпаққа сабақ әрі үлгі болды. Халқымыздың тәуелсіздік алу ісіне зор үлес қосқан да қазақ жастары. Отарлық жүйеге қарсы кеудесінде ұлттық намыс оты лаулаған жастар сол күні талай тәуелсіздік жолында мерт болған арыстарымыздың аңсаған арманын ту етіп, халқымыздың намы-сын кеудесін тосып қорғады. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар жайлы М.Шаханов: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула,лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің, Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы, - деп жазған еді.Міне, осы өмірден өтіп кеткен Қайрат, Ләззат сынды аға-апала-рымыз сияқты әр ұрпақ өз елін, жерін оның адамдарын жан жүре-гімен сүюі керек. Рухы күшті адам дәл осылай етеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» - дейді халық нақылы. Өркениетке бет алған егеменді еліміздің ендігі болашағы ұрпақ тәрбиесі деген ұлы міндетпен ұштасып жатыр. Онсыз болашағымыздың бұлдыр елес, бос қиял екені даусыз. Болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – бүгінгі жастар. Тағдыр-дың осы сыйын пайдаланып қалу 21ғасыр жастарының маңдайына жазылыпты. Осы жолда білімдері мен біліктіліктерін, қайраты мен қабілетін аямай жұмсау керек. Ел Президентінің жанынан жастар саясаты жөнінде арнаулы кеңес құруға шешім қабылдады. Бұл кеңес «Жас Отанның» Орта-лық кеңесімен ықпалдаса отырып, елдегі жастар саясатын үйлес-тіретін, жастар арасындағы ахуалға талдау жасап, практикалық ұсыныстар әзірлейтін болады. Республикамыздың барлық өңірле-рінде жастар белсенділігі күшейіп келеді. Жастар арасында пат-риоттық тәрбие, тарихи-мәдени құндылықтарды құрметтеу, са-лауатты өмір салтын қалыптастыру өте маңызды. Жастардың бойында елжандылық, азаматтық, отаншылдық, адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде патриоттық сана сезім қалып-тасты деп айтуға болады. Бүгінде елімізде 720-дан астам жастар ұйымы жұмыс істейді. Қазақстанда мынадай жастар ұйымдары бар: «Жас Отан», «Жасыл ел» еңбек отряды, «Қазақстан Жастар конгресі», «Қазақстан студенттер Альянсы», «Елім-ай», «Қазақс-тан жастар одағы», «Болашақ» жастар қанаты.Бұл ұйымдар жастарды елін сүйгіштік, патриоттық, отаншылдық сияқты қасиеттерге баулиды; түрлі қоғамдық шараларға қатысады; ауылдан келген жастарды спортқа баулу, қайырымдылық акция-сын өткізу; жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, жастардың отанға, жер-ге, табиғатқа деген патриоттық сезімдерін ояту; сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруда – оның мақсаты ауылдың кадрлық әлеуетін қалыптастырып, агроөнеркәсіптік өндіріс мамандарымен қамтамасыз ету. Елбасымыздың жолдауында Джон Кеннедидің: «Ел мен үшін не іс-тей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей аламын деп сұра-ңыз», - деген сөздерін орынды қолданған. Осы бір сөз астарында терең мағыналы ой жатыр. Біз қазір 3-ші мыңжылдықтың табал-дырығында тұрған, көш басын өркениет жолына бұрғандықтан, сол көшті адастырмай,тура жолды таба білуіміз керек деген жарқын болашағымыздан үміт күткен жастармыз. Бүгінгі таңда біздің алға қойған мақсатымыз – Қазақстан мемлекетін жаңа үлгідегі өркениетті елдердің қатарына қосу, өркендеген мемлекеттер шыңынан көріну, «Шыдасаң шыңға жетерсің» демекші, бұл біздің еңбегіміздің арқасында жүзеге асары анық.Бұлайша ойлау текті елдің текті ұрпағының ғана қолынан келсе керек. 18) «Егемен елге – білімді ұрпақ» (сұхбат) - Сәлеметсіз бе, қалыңыз қалай? - Сәлем, аман есен... жайлап жүріп жатырмыз... өзіңнің қал жағдайың қалай? - Иә, менде жақсымын... Күнделікті тіршілік, жұмыс дегендей... - Жұмысың қалай? - Жақсы. - Қазір қандай мақала жазудасың? - «Егемен елге – білімді ұрпақ» атты мақала жазу үстіндемін, сол себептен сізден көмек сұрасам, яғни сұхбаттасып, пікір алыссам деп едім... Әрине егер уақытыңыз болса... - Әрине болады. Жалпы тәуелсіздіктің алғашқы жылы Қазақстанның жаңа тарихындағы аса ауыр кезең еді. Өндіріс өнімін өндіру жартылай қысқарды. Кәсіпорындардың көбі банкротқа ұшырады. Елдің жалақысы айлап кешіктірілді. Аумалы-төкпелі экономика,тапшылық,жұмыссыздық, бағаның құнсыздануы - міне Қазақстандағы сол кездегі жағдай осындай болды. - Иә, маған анам мен әкемде сол кездегі жағдайды кезінде айтып берген еді... Ал енді сол кезде Елбасымыз, жалпы айтқанда қандай шаралар қабылданды? - Елбасымыз сол кезден-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау,білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Халқымызда «Білекті-бірді,білімді мыңды жығады» деген мақал бар емес пе. Расында да,білімнің қуатына тең келетін күш жоқ еді. Білім бар жерде даму,жетілу бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: «Балаң білімді, парасатты болсын десең малыңды аяма,»-дейді ол. Міне, орта білімді ақпараттандыру, дарынды балаларды табу,оқыту мен оны дамыту, соның алғашқы бастамасы-Президенттік «Дарын» бағдарламасы,одан кейін 1993 жылғы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы секілді мемлекеттік маңызы зор жобалар дүниеге келді. - Иә, сол болған өзгерістерге бізде куәміз. Елбасымыз тағы да мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, «Балапан» арнайы бағдарламасы,12 жылдық оқыту моделі, кәсіптік, техникалық білім беру,интеллектуалды мектептер,жаңа халықаралық университет сынды іс-шараларды жолға қойды. Тағы қандай ойларыңыз бар? - Естуімше Елбасы «Тілдердің Үштұғырлығы» бағдарламасын ұсынды. Мұндағы негізгі мақсат – үшінші мыңжылдықта қарқыны жеделдей түскен жаһандану, шекара талғамайтын экономика – қаржы,ақпарат заманында еңбек ресурстарының бәсекелестігін арттыру көзделген болатын. Басқаша айтқанда,мұнда мемлекеттік тіл – қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілін – орыс тілін және халықаралық тіл – ағылшын тілін халықтың неғұрлым көп үйренуіне бағытталады. Бұл халқымыздың ежелден-ақ «Жеті жұрттың тілін біл» деген сөзіне сай келеді. Білім мен ғылымды дамытпай мемлекетті алға сүйреу мүмкін емес. Біз қаласақ та, қаламасақ та бұл жай бүгінгі күннің шындығы, одан ешқайда қашып құтыла алмаймыз Мұны өзіңде білетін шығарсың... «Ертеңін ойламаған ел азады» демекші, барын бағалап,ұрпағына үмітке сай білім беріп, тәрбиелейтін ел озады. Еліміздің жерінің қойнауында жатқан ен байлықты игеру үшін қазақ халқы жаңа заман технологияларын меңгеруі қажет.Оны игеру үшін білікті мамандар қажет. Бүгінгі білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ маман. Ол- еліміздің келешегі. - Иә дұрыс айтасыз! Сізбен толықтай келісемін... Маған бұл сұхбаттасқанымыз өте ұнады. Сізге осындай ой айтып, пікіріңізді білдіргеніңізге үлкен рақмет! - Оқасы жоқ! Көмектесуге әрдайым дайынмын. Сағанда рақмет! Аман жүр! - Cау болыңыз! Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|