Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Университет – білім ордасы




Қазақстан - әлемдік қауымдастыққа өзіндік ізденісімен енген ел. Әлем тоқтаусыз дамып келеді, Қазақстан да тоқтаусыз да –мып келеді. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизация-лау үдерісі- білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педогогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Кез келген мемлекеттің экономика-лық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені, білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптаса-ды. Ақпараттық және компьютерлік, ақпараттық технологиялардың арқасында қазіргі саясат жаһандық саясатқа айналды. Бүгінде білім қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуал-дық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі. Әдетте, оқыған,ағарған елде жастардың алғыр бөлігі – студенттер. Студент деген сөз – «ізденуші», «ынталы» - деген мағынаны білдіреді. ЖОО – ол білім саласындағы бөлек буын емес, ол – бастауыш,ор-та, арнаулы білімдердің заңды жалғасы. Ендеше, ЖОО сапалы маманның шығуына мүдделі. Әрбір студент бірінші күннен-ақ университет – тек қана дәріс тыңдауға жинайтын орын емес, ғылыми еңбекке баулитын орын, және ізденуді талап ететін орын екенін сезінуі тиіс. Міне,осындай жоғары оқу орнының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті –Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орындарының арасындағы көшбасшысы,еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы іргетасы 1934жылы 15қаңтарда қаланған. Ерлік істер мен аш-тық трагедиясын,саяси қуғынға ұшырау кезеңдерін, Ұлы Отан соғысын бастан өткізіп, шыңдалған оқу орны. Содан бергі заманда ол көптеген ғылыми бағыттар бойынша да-мып, жетіліп, халықаралық деңгейге көтерілді. Қазақстан Респуб-ликасының тәуелсіздікке қол жеткізуімен бірге университет жа-ңаша дами бастады. Ол - әлемдік білім беру жүйесіне қарай ойысу,мамандарды даярлаудың халықаралық стандарттарына көшу. Қазіргі кезде университеттің 14 факультетінде 180-нен ас-там гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды.Екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді,соның ішінде мыңнан астам ғылым док-торы мен кандидаты, жүз шақты академик,елу шақты филосо-фия докторы бар. Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізі-леді, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, «бакалавр – магистр – PHD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамта-масыз етілген. 18000-нан астам студент,магистрант,докторант, оның ішінде 1000-нан астам шетелдіктер оқитын ҚазҰУ-дың білім алушылар қатары – орасан зор күш, ең алдыңғы қатарлы,талантты қауым-еліміздің болашақ элитасы.Университет қабырғасында қазақстандық зиялы,саяси,экономикалық ортаның ең таңдаулы өкілдері дайындалып шықты. Университетте Қазақстандағы аса ірі Интранет желісіне қосыл-ған, 3500 заманауи компьютерден тұратын корпоративтік ақпа-раттық жүйе құрылған. Тәулік бойы жұмыс істейтін 300орындық жаңа интернет-кафе жұмыс істейді. Білім мен ғылым бірге бол-ғанда ғана нәтижелі болмақ,яғни жастарға білім бере отырып, ғылыми тәжірибеге үйрету қажет. Осы тұрғыдан,ҚазҰУ-дың жанынан ашылған ғылыми-зерттеу институттарының да жас-тарға берері мол. Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақ ұлттық аспсптар оркестрі,үйірмелер,студенттер театры,спорт кешені түрлі секциялар жұмыс істейді. ҚазҰУ бірінші болып,Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері, биыл 2012ж университетЖОО-ның әлемдік рейтингісінде 300-350 қатарға көтерілді.

26)Еуразиялық экономикалық қауымдастық

ТМД елдерінің қатысуымен орын алған экономикалық интеграция қиын да күрделі,әрі көп жағдайда қарама-қайшылық-тармен дамыды. Бұрынғы республикалардың экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуларының бірыңғай болмауы салдарынан дос-тастық ішінде әртүрлі интеграциялық процестердің тұруына әкелді, ал оның нәтижесі ТМД территориясында одақтар, блок-тар және бірлестіктердің пайда болуына әкеліп соқтырды.Соның бірі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық / ЕурАзЭҚ/ 2000 жылы Белорусь,Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасында – Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды. ЕурАзЭҚ –ты құру туралы шартта бұрын Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымдамасы негізге алын – ған. ЕурАзЭҚ-тың 4 басқарма органы бар:

1. Мемлекетаралық Кеңес

2. Интеграциялық комитет

3. Парламентаралық Ассамблея

4. Қауымдастық соты

Әрбір орган өкілдері жылына кем дегенде 1 рет бас қосып тұрады.Мақсаты мен міндеті: Еркін сауда режимін толық көлемде рәсімдеуді аяқтау, біртұтас кеден тарифын қалыптастыру, мүше мемлекеттердің ДСҰ /дүниежүзілік сауда ұйымы/ мен басқа да халықаралық экономика-лық ұйымдармен өзара келісілген ұстанымын тұжырымдау; Қоғамдастықтың сыртқы шекарасындағы экономикалық қауіпсіз-дікті қамтамасыз ету, контрабандалық күрес,бірлескен бағдарла-маларды әзірлеу және оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық даму; көліктік қызмет көрсетулердің ортақ рыногын және біртұ-тас көлік жүйесін қалыптастыру; ортақ энергетика рыногын қалыптастыру, ғылым мен мәдениетті дамыту; Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына оның барлық аумағында бі-лім және дәрігерлік көмек алуда тең құқық беру. Қорыта айтқанда негізгі мақсат – қауымдастыққа мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық және гуманитарлық саладағы қарым-қатынасты нығайту. ЕурАзЭҚ - ТМД кеңістігіндегі ең дамыған аймақтық бірлестіктердің бірі. Қоғамдастыққа мүше елдердің өзара ықпал-дастығы тауарлар аталымының басым көпшілігі бойынша ортақ кеден тарифтері енгізілген.Біртұтас кеден аумағын құру бастал-ды. Гуманитарлық салада біздің елдеріміз азаматтардың білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік құқықтарын қам-тамасыз ету салаларындағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін бірқатар бірлескен қадамдар жасалды; қоғам-дастық шеңберіндегі интеграциялық процестерге іскер топтарды тарту жөніндегі жұмыстарды жандандыру туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта 2002 жылы «ЕурАзЭҚ Іскерлік кеңесі» қауымдастығы құрылды. 2003жылы Мәскеуде қоғамдастықтың алғашқы Экономикалық форумы өтті. 2004жылы «Еуразиялық қоғамдастық-іскери әлем» Халықаралық Конгресі өтті. 2005жылы қоғамдастық елдерінің отын-энергетикалық,көлік және тағы бас-қа салаларындағы қызметін реттейтін құжаттар қабылданды. 2006жылы қоғамдастыққа Өзбекстан Республикасы кірді. 2007ж Душанбеде өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің отырысы Қоғамдастық үшін елеулі оқиға болды, ол отырыста үш мемлекет Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Фе –дерациясы – қалыптастырып жатқан кеден одағының шарттық- құқықтық базасының негізі қаланды. ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 27-ші мәжілісінен кейінгі бір-лескен мәлімдемесінде Ресей Президенті Д. Медведев Қазақстан, Ресей және Белорусь арасындағы Кеден Одағы 2011жылдың шіл-десінің 6-нан бастап күшіне енетінін мәлімдеді. Ресей мен Қазақс-тан арасында шілденің 1-нен бастап қолданылады.Осындай интеграциялық үрдістердің дамуы экономикалық,саяси, әлеуметтік мәселелерді шешуге, осы елдердің әрқайсысының саяси хал-ахуалын жақсартуға, оларда мекендейтін және тарихында көптеген ортақтығы бар халықтар достығын нығайтуға ықпал ететін болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных