Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мен өзім 2030 – жылғы Қазақстанды қалай елестетемін




Арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі 5-3 ғасырлардағы сақ,ғұн,үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып,қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жыл толып отыр. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ /Атилла/, Кирдің басын алған Томирис ханшайым, түркі дүниесінің төріндегі Бумын,Тоныкөк қағандар,Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс,Шыңғыс хан, Абылай, Кенесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес,рухани әлеміміздің шамщырақтары екені даусыз. Қазақ ұлты тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Жер шарының жартысын табанының астына салған дүбірлі дәуірімен бірге,халқының үштен екісін жоғалтып,өз жерінде жалпы халықтың 24 пайызын ғана құраған,зиялысымен бірге ер азаматтарынан мүлде айрылып қалудың аз-ақ алдында қалған, соған қарамастан ұлттық намысын,салт-дәстүрін,діні мен тілін,ұлттық болмысын ғана емес мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер,кемел де кемеңгер халық. Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді.Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас,етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті. Мың өліп,мың тірілген менің елім аса шытырман талас-тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды. 1991жылы 16-желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды. Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі көрген жақсылығымыз,мемлекеттің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты. Елбасы қазақ елінің әлемдік бәсеке дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып, қиын да күрделі,ауыр да абыройлы жолын ғасырлар тоғысында бастады.Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстан-2030, барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі;қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауын жасады.Осы жолдаудың мақсаты- жас ұрпақтың толыққанды денсаулығын сақтау және елімізге пайдасы тиер білімді ұрпақ тәрбиелеу. «Қазақстан-2030» бағдарламасының негізгі мәні тарихтың жаңа бетін өз еркіңмен, өз шешіміңмен бастауда болса керек.Бұл бағыт бізге жаңа жолымызды таңдауға мүмкіндік ұсынды. Тарих көші тым ұзақ.Асығып аптыққанды көтермейді.Әулетіміздің асуы да,дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Тәуелсіздіктің алғашқы жемістерін көргенге дейін Қазақстанға мемлекеттің өзін танытудың тар жол,тайғақ кешуінен өтуге тура келді. Бүгінде менің елім - әлемдік қауымдастықтағы жауапты да құрметті әріптес,Орталық Азияның шешуші елі. Мен «Қазақстан – 2030» бағдарламасы аясы негізінде өз елімнің жұлдызы жоғары болатынына,туған елімде бұдан да жоғары дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін. Мен өз халқымды 2030 жылы қандай болады деп ойлаймын? Бүгінгі таңда әлем таныған қазақ елі енді 18 жылдан соң бұдан да көркейген,дамыған,әр ауыл,селосынан бастап қаласына дейін қазақ екенін көрсетіп тұрар «Бәйтерек» секілді алып ғимараттар бой түзейтініне көзім жетеді. Сондай-ақ 2030 жылы көп ұлтты қазақ елі өзге мемлекеттермен қай жағынан болмасын терезесі тең,дәрежесі жоғары мемлекет болатынына сенемін.Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар,инженерлер,банкирлер,дәрігерлер болады. 2030 жылғы Қазақстан ауасы таза,мөлдір сулы,жасыл желекті елге айналады. Қазақстан – Еуразияның орталығы бола отырып, 3 аймақтың – Қытайдың,Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы рөлін атқаратын болады. Ел болашағы- жастар.Біз келешекте Қазақстанның көркейіп дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылуына атсалысамыз. Бұл мақсатқа жететініміз де ақиқат. Менің де Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге,Кетігін тап та бар,қалан» деп елімнің үмітін ақтап, дүниеге бір кірпіш болып қаланғым келеді.Табандылық пен сабыр табысымыздың кілті. Біз бәрін де жеңеміз!






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных