ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз1. Біз шет мемлекеттердегі студенттердің қалай оқылатыны жөнінде терең ойлана бастадық. 2. Сөйтіп оқу орындары өзара мақұлдайтын Болон шартына еніп, жоғары диплом берген. 3. Білім және ғылым министрлігі осы бағытта батыл қадам жасауға тәуекел етті. 4. Қазақстандағы көптеген оқу орындары несиелік жүйеге көшті. Мына мақал-мәтелдерді аяқтаңыз. 1. Оқу инемен құдық қазғандай. 2. Судың да сұрауы бар. 3. Бір тал кессең, он тал ек. 4. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 5. Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз. 1. Жақсы сөз - жарым ырыс. 2. Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес. 3. Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар. 4. Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше. 5. Бұлақ көрсең, көзін аш. Берілген сөздердің антонимдік сыңарларын табыңыз. Рақат – бейнет; биік – аласа; әділдік – әділетсіздік; қас – дос; уақ – ірі; момын – ашушаң; зерек – зейінсіз; жас – кәрі; аз – көп; жабырқау – қуану. Мына сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрыңыз: айқындала түсу, ұғым, енгізген, қасірет, тартылу, зиянын тигізу. Әрбір мәселеде түсініктердің орны айқындала түсу үшін оны тағы қарастыруды қажет етеді. «Резонанс» деген ұғымды физика саласында кездестіруге болады. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда экологияға көңіл бөліп, жаңа заңдар енгізген. 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді. Кешегі қонақтықта дастарқан жайылып, табақ тартылды. Шығыстағы шыңылтыр аяз оқушыларға зиянын тигізді. Төменде берілген фразеологиялық сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз: Бағы тайды, жүрегі су етті, қоян жүрек, ант ішті, ит өлген жер, үміт үзу, бауырына тарту, тілі байланды, су жүрек, көкірегін көтеру, қабырғасы қайысу, қам көңіл. Бағы тайды - бақытсыздыққа ұшыpады; жүрегі су етті – қорқу; қоян жүрек – қорқақ; ант ішті – уәде беру; ит өлген жер – алыс; үміт үзу – күдерін үзу; бауырына тарту – жақын тарту; тілі байланды – үнсіз қалды; су жүрек – қорқақ; көкірегін көтеру – даңдайсу, мақтану; қабырғасы қайысу – қайғыру; қам көңіл – көңілсіз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|