Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі




Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына бай-ланысты. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. Дені сау адам өзі үшін де, қоғам үшін де керек. «Бірінші байлық – денсаулық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол із-де» дегендей,денің сау болмаса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?!Табиғаттың ең қымбат жемісі - адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны. Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық.Қазіргі уақытта әлеуметтік- экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы, экологиялық қолайсыздық Қазақстан халқы-ның, әсіресе ұрпақтарымыздың денсаулығына кері әсерін тигізуде.Қоғамымызда сырқаттанушылық, өлім-жітім деңгейі арта түс-ті. Әсіресе балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану,улы заттарға әуестік, ерте жыныстық қатынас және нашақорлық ғасыр дерті СПИД ауруы-ның таралуына себеп болуда.БҰҰ – ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65%-ы Орта Азия арқылы өтеді. Ал Қазақстан арқылы жылына 150тон-на өтеді.Жоғарыда аталған зиянды заттарды барлық адамзат мойындап отыр. Олай болса ешбір соғыссыз, атом бомбасынсыз мұндай апаттан жеңілу қаупі бар екенін түсініп, бір жеңнен қол шығара-тын кез келгенін қазіргі «ғаламдану» проблемалары көрсетіп отыр.Лұқман Хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ әлде даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол: «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш-жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты», - деген екен. Орыс ғалымы И.П. Павлов: «Адам – жер шары табиғатының ең жоғарғы жемісі. Адам – аса күрделі және өте нәзік жүйе. Бірақ табиғат қазынасын пайдалану және осы қазыналардан ләззат алу үшін адамның дені сау, күшті және саналы болуы керек» - деген.Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау боп тұрса, мемле-кеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Ел Президентінің «Қазақс-тан – 2030» жолдауындағы басымдықтың бірі – «Қазақстан аза-маттарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында, «...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтары-мызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі баса көрсетіл-ген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 50%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығын қалай күтетініне, 17-20%-ы қоршаған ортаға байланысты екен. Сонымен қатар, денсаулық қатерлерінің негізгі факторларына мыналар да енеді:қозғалыс күшінің кему сал-дарынан қимылдың кемуі, дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану. Салауатты өмір салтын ұстанбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!Салауатты өмір салтына: денешынықтыру, спорт,дене тәрбиесі, туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, 1-2 сағат таза ауада серуендеп қайтқанның пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Алланың таби-ғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін әдеттерден аулақ болғаны жөн. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр.Елбасымыз келешекте атқарылатын істердің басты страте-гиялық бағыттарын көрсетті.

1. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.

2.Халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қам-тамасыз ету.

3.Отандық медицина ғылымын дамыту.

Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның қала берді отбасының ие-лері. Еліміздің болашағы жас ұрпақ – сол жас ұрпақтың денсаулы-ғы мықты, интеллектуалды,дүниетанымы терең, білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарымызды тәрбиелеу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных