Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы




Экология-«ойкос» деген грек сөзі, «үй,баспана»-дегенді білдіреді. Экология дегеніміз-табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі. Экологиялық тәрбиенің маңызы Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты.Қазақстан жұртшылығын әскери полигондар,экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары алаңдатып отыр.Мысалы, Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 га-ға жуық егіс,жайылым пайдаланылады.Бұрғылайтын қондырғылар,газ,мұнай тасымалдайтын құбырлар апатты жағдайға ұшырауы мүмкін,осы кезде қоршаған орта,жер,сулардың ластануы орын алады.Полигондар онкологиялық,жүрек қан-тамырлары, тағы басқа ауруларды қоздырады.Атырау облысы тұрғындары Азғыр мен Капустин Яр әскери ядролық сынақ полигонын жабуды әлденеше рет ұсынды.Сондай-ақ органикалық отынды жағу кезінде ауаға күкірт пен азоттың тотықтары шығарылады,олар «қышқылды жаңбыр» деп аталатын жауын түсуіне себепші.Ол жауын ауылшаруашылық өнімінің сапасына әсер етеді.Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты-жастардың экологиялық көзқарасын,санасын,табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; Жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; Қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту; Экологиялық білімді насихаттау. Экологиялық қауіпсіздік мемлекет стратегияларының бірі. Экологиялық қауіпсіздік-бұл халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету.Экологиялық жағдайдың нашарлауы-халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі. Қазіргі таңда табиғи байлықтарды пайдалану тонаушылықпен жүргізілуде. Қоршаған ортаны қорғау туралы әртүрлі заңдар, нормативтер, ережелер болғанымен олар өз дәрежесінде жұмыс істемей жатыр. Мұның бір себебі: азаматтардың экологиялық мәдениеті деңгейінің төмендігі. Экологиялық білімсіз экологиялық сана құру мүмкін емес. Жастарды ізгілікке,эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Адамның өзін табиғаттың бір бөлшегі деп тануы жайлы білімдерін, сонымен бірге табиғаттағы тіршілік иелеріне деген жанашырлық сезімдерін ояту мен қалыптастыру керек.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных