ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер›› тақырыбында ақпарат жазыңыз.Қазақстанның демографиялық ахуалы қыл үстiнде тұр. Бұған мемлекеттiк саяси жүйеге деген сенiмсiздiк, экономикалық дағдарыс және әлеуметтiк жағдайдың төмендеуi, тiптi рухани құлдырау сеп болуда. Сарапшылардың айтуынша, демографияның құлдырамауы үшiн мемлекет әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi күн тәртiбiнен түсiрмеуi қажет. Халық санын өсiруге мемлекет мүдделi. Дегенмен, демографияның құлдырауына алып келетiн күрмеуi көп күрделi мәселелердiң қатары көбейдi. Мәселен, iшкi көшi-қон саясатын жүйелеуге үкiметтiң шамасы жетер емес. Ауыл-аймақ, әсiресе солтүстiк аймақтардағы кейбiр елдiмекендер қаңырап, бос қалуға шақ тұр. Амалы таусылған ауыл халқы Алматы, Астана сынды қалаларды төңiректеуге мәжбүр болды. Күнделiктi тамағын табу үшiн ауылдықтар қалаға әлi де үдере көшуде. Тұрақтылық жоқ. Қалаға қоныс аударған елдiң басым бөлiгi баспана мәселесiне тап болуда. Екi қолға бiр күрек таба алмай дал. Жұрттың әлеуметтiк жағдайының төмендеп, күнкөрiсiнiң нашарлауының бiр сыры, мiне осында. Халықтың дәл осы тiршiлiгi мемлекетте демографиялық жағдайдың құлдырауына сеп болуда. Мұны бiрінші себеп деп қарастыруға болады. Екiншiден, бiлгiштердiң айтуынша, әсiресе, соңғы жылдары қазақтың дүние есiгiн ашқан сәбилерi азайып кеткен. Ал ресми орындардың алға тартқан деректерi мүлде бөлек. Олардың санағы бойынша, туу көрсеткiшi өсiп, халықтың саны ай сайын артуда. Бiлгiштер ресми билiк осы күнге дейiн саны азайған халықтың орнын шеттен көшiп келген қазақпен толықтырып отырғанын айтады. Мәселен, 1991-99 жылдары Қазақстаннан 1,8 миллион адам басқа алыс-жақын елдерге қоныс аударған. Ауыл-аймақтар, әсiресе, солтүстiк өңiрлерде ауыл былай тұрсын, шағын қалашықтардың өзiнде адам қалмады. Мiне, осындайда сырттан тарихи Отанына кереге керген қазақ Қазақстанның жыртығын жамады. Нәтижесiнде соңғы 20 жылдың iшiнде Қазақстандағы қазақтың саны 20 пайызға өстi. Әйткенмен, өкiнiшке қарай, соңғы кезде қазақ көшi қаңтарыла бастады. Бұл көштiң көлiктi болуына қарсы тұрушылар пайда болды. Егер көшiп кетушiлердiң керуенi тоқтамай, ал көшiп келушiлердiң жолы бөгелсе, бұл да демографияның құлдырауына түрткi болатын бiр себепке айналмақ. Үшiншiден, бейресми деректерге қарағанда, Қазақстанда туу көрсеткiшi төмендеп, өлiм саны артқан. Некеге тұрғандардың саны азайып, керiсiнше ажырасқандардың саны көбейген. Мұның да бiр себебi әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың күрт өзгеруiнен, төмендеуiнен. Мәселен, жұмыссыздардың саны артты. Әсiресе, еңбекке қабiлеттi қыз-келiншектердiң 60-70 пайызы жұмыссыздардың қатарына қосылған. Күнкөрiстiң нашарлығынан, жетiспеушiлiктен шырқы бұзылған отбасылардың саны да көп. Қымбатшылықтан, тiптi бауыр етi баласының тамағына, киiм-кешегiне қаражат таппай дел-сал күйге түскен ата-аналар жоқшылықтан сан соғып, дәрiгерлердiң көмегiмен бала тууды қолдан тоқтатуға мәжбүр болуда. Тiршiлiктiң осындай тауқыметiн тартқан жастар отбасын құрып, бала сүюге асығар емес. Мәселен, соңғы 10 жылда туу көрсеткiшi екi есе төмендептi. Шаңырақ көтерiп, некеге тұрғандардың саны кемiген. Керiсiнше, ажырасу көбейген. Табиғи өсiм 4 есе құлдыраған. Осы мәселелерді қарастырғаннан кейін еліміздің демографиялық жағдайын көреру үшін не істеуміз керек деген сұрақ туады. Президентіміз Н.Назарбаев кезiнде дәл осы “демографиялық дағдарысқа” түспеу үшiн не iстеу керектiгiн былай деп жеткiзгенi бар: “Қазақстандағы демографиялық және тұтастай алғанда адами даму мәселелерiне жалпыұлттық мәселе деп қарауымыз қажет. Ұлттық қауiпсiздiктiң басым бағыттарының бiрi ретiнде мықты демографиялық және миграциялық саясат қалыптастыруымыз керек. Егер мемлекеттiк органдар бұл мәселеге бұрынғысынша салғырт қараса, Ресейдiң iзiн қуып, “демографиялық дағдарысқа” ұшыраймыз. Бұл дереу қолға алынуы керек шаруа”.Өз басым Елбасының сөздерімен толық келісемін және қолдаймын. Және Қазақстанның демографиялық мәселесі тек мемл. оргаандардың проблемасы болып қана қоймай,елімізде тұрып жатқан әр азаматты толғандырса,сонда ғана “демографиялық дағдарысқа” ұшырамаймыз деп ойлаймын.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|