Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы›› тақытыбы бойынша эссе жазыңыз.




БЛОК

1. «Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі―оның ана тілі» тақырыбына эссе жазыңыз.

2. Қазақ халқының ‹‹Малым―жанымның садағасы,жаным―арымның садағасы›› деген мақалды қалай түсінесіз.

3. «Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер» тақырыбына өз пікіріңізді жазыңыз.

4. «Азаттықтың ақ таңы» тақырыбына эссе жазыңыз.

5. «Сапалы білім - жақсы табыс табудың көзі». Өз ойыңызды жазыңыз.

6. «Мен өзім 2030 жылғы Қазақстанды қалай елестетемін?» тақырыбына эссежазыңыз.

7. .‹‹ Біздің негізгі міндетіміз ―жоғарғы технологиялардың әлемдік рыногына тезірек кіру ›› тақырыбына эссе жазыңыз.

8. «Ғылым мен ғаламның қызықты жаңалықтары» тақырыбына ақпарат жазыңыз.

9. «Жастар экология және мәдениет үшін» тақырыбына эссе жазыңыз.

10. «Жігерлі жас - қоғам болашағы» Эссе жазыңыз.

11. «Қазақстан және халықаралық ұйымдар» тақырыбына ақпарат жазыңыз.

12. « Жаһандану дәуірі кезінде адамзат дамуының басты үрдістері» өз пікіріңізді жазыңыз.

13. «Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» тақырыбына эссе жазыңыз.

14. «Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы» тақырыбы бойынша эссе жазыңыз.

15. «Қазақстан Республикасындағы демографиялық мәселелер» тақырыбында ақпарат жазыңыз.

16. «Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы». Әңгіме құрыңыз.

17. «Жастар – болашағымыздың алтын тірегі». Эссе жазыңыз.

18. «Егемен елге – білімді ұрпақ» тақырыбына сұхбат құрыңыз.

19. «Балалардың құқықтары және іске асырылуы туралы» ақпарат жазыңыз

20. «Уақыт - өмір, уақыт – алтын».Өз пікіріңізді жазыңыз.

21. «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» тақырыбына эссе жазыңыз

22. «Ел болашағы – білікті маман қолында». Эссе жазыңыз.

23. «Өздеріңіз тұратын жердің экологиялық жағдайы туралы» сұхбат құрыңыз. (Алматы облысы)

24. «Қазақстанның тарихи жерлері» жайында жазыңыз

25. «Университет – білім ордасы» тақырыбына сұхбат құрыңыз.

26. «Еуразиялық экономикалық қауымдастық». Эссе жазыңыз.

27. «2030 жылғы Қазақстанды қалай елестетемін» деген тақырыпқа өз пікіріңізді жазыңыз.

28. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі». Эссе құрыңыз.

29. «Қазақ елі - менің Отаным» тақырыбына эссе жазыңыз.

30. «Біз – Қазақстанның жарқын, білімді болашағымыз» тақырыбына эссе жазыңыз.

 

БЛОК

1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз

2. Мына мақал-мәтелдерді аяқтаңыз.

3. Мақал-мәтелдерді аяқтаңыз.

4. Берілген сөздердің антонимдік сыңарларын табыңыз.

5. Мына сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрыңыз: айқындала түсу, ұғым, енгізген, қасірет, тартылу, зиянын тигізу.

6. Төменде берілген фразеологиялық сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз: Бағы тайды, жүрегі су етті, қоян жүрек, ант ішті, ит өлген жер, үміт үзу, бауырына тарту, тілі байланды, су жүрек, көкірегін көтеру, қабырғасы қайысу, қам көңіл.

7. «Дені саудың – жаны сау» деген тақырыпта 7 сөйлем құрыңыз.

8. «Жақсы сөз – жан азығы» деген тақырыпта 7 сөйлем құрыңыз.

9. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз: Күнделікті тіршілік, пікір алысу, тәжірибе алмасу, адамның мәдениеттілігі, ілтипат көрсету, әдеп сақтау.

10. «Техника жаңалықтары» деген тақырыпта 7 сөйлем құрыңыз.

11. Мына сөздердің синонимін жазыңыз: етене жақын, өштесу, тез, жауығу, бейбіт, ашулы.

12. Төмендегі етістіктермен шартты райда сөйлем құрыңыз: сәтті түсіру, қолға алу, қаржыландыру, жарнамалау, фильм түсіру, әйгілі актерлерді шақыру.

13. Төмендегі мәтінді оқыңыз.Жақшаны ашып, тиісті септік жалғауларын орнына қойыңыз.

14. Мәндес сөздерді табыңыз.

15. Тұрақты тіркестер мағыналарын түсіндіріңіз

 

БЛОК

1. Денсаулыққа байланысты 5 мақал жазыңыз.

2.Еңбекке, достыққа байланысты 5 мақал-мәтел жазыңыз.

3.Алматы қаласының экологиялық жағдайы туралы

сұхбаттасыңыз.

4. Мақалдарды оқып, пікіріңізді жазыңыз.

Ақылды сөзге тоқтайды, ашулы өнбесті жоқтайды. Жақсы бала – бағың, жаман бала – сорың. Кісі үйінде көсем болма, өз үйіңде шешен болма. Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді.

5. Сұрақтарға жауап жазыңыз:

1. Жақсы сөз – жан азығы дегенді қалай түсінесіз?

2. Жақсы сөз –жарым ырыс деген не?

3. Сөзге қатысты қандай мақал-мәтел білесіз?

6. Өзіңіз оқитын университет жайында сұхбат құрыңыз.

7.«Қызыл кітап» жайында сұбат құрыңыз.

8. Өздеріңіз тұратын жердің экологиялық жағдайы туралы сұхбат құрыңыз.

9. Тілге қатысты 7 мақал жазыңыз.

10. Мына сөз тіркестерін пайдаланып, мазмұнды мәтін құрастырыңыз.

Дүние жүзі білімі мен мәдениеті, екінші ұстаз, туған мекенінің атауы, ғылыми тіл, ғылымға деген құмарлық, тілді жетік білу, ғылым орталығы, ғылым салалары, ғылыми еңбектер, ұстаздың бай мұрасы, ісін жалғастыру, ұлы ғалым, шығыс ғалымдары.

11. Менің мамандығым.Өз мамандығыңыз жайында әңгімелеңіз.

12.Өзіңіз бос уақытыңызда немен айналысатыныңызды /шұғылданатыныңызды/ әңгімелеңіз.

13.Бүгінгі маман жан-жақты болуы үшін не істеуі керек? Әңгіме құрыңыз.

14. Қазіргі таңда жастардың өмірге деген көзқарасы қандай? Өз пікіріңізді жазыңыз.

15. Бүгінгі жастарды нашақорлықтан сақтандырудың жолдары қандай? Өз ойыңызды жазыңыз.


ОТВЕТЫ:

БЛОК

1. ‹‹ Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі―оның ана тілі›› Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары.Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ деп айтуға болады Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. “Тіл туралы” заңдағы “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы” – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп анық жазған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл туралы” Қазақстан Республикасының заңында да осы жағдай берік қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты. “Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына тосқауыл болуға тиіс деп ойлаймын. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. «Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.

2. Қазақ халқының ‹‹Малым―жанымның садағасы,жаным―арымның садағасы›› деген мақалды қалай түсінесіз. Қазақ халқы малдың қадірін білген халық.Кисең киімің,жүрсең көлігің,ішсең асың болып табылатын табиғаттың туындысын қалай қастерлемейсің.Ғасырдан ғасырға мал басты байлық болып келген.‹‹Малы бардың назары бар›› деген емес пе.Мақал 90 ауыз сөздің тобықтай түйіні деп айтып кеткен ата-бабаларымыз. ‹‹Малым―жанымның садағасы,жаным―арымның садағасы›› деген философиялық салмағы мол қазақ мақалына ой таратар болсақ қадірі мол тұяқтыларды жанының саулығы,амандығы үшін садаға қылған. Ал, жаным-арымның садағасы деген жолға көңір аударар болсақ,ең алдымен ар дегеніміз не? Ол тек адамға ғана қатысты түсінік. Михаил Лермонтов: «Адам ісіне құдаймен бірге төреші бір нәрсе бар, ол - ар» деп айтқан. Философ Ғарифолла Есімнің айтуынша: «арлы адам, алдымен, құдайына қараған, құдай мақұлдамайтын іске бармайтын адам. Ар - әр адамның өз ісінің төрешісі». Ғ.Есім: «Құдай құратын «сотқа» дейін адам өзінің арының алдында жауап бермек» дейді. «Менандрдың: Әр адамның құдайы - өзінің ары» деген сөзі бар. Ар - адамдық сананың негізі деп: «ар түзер адамның адамдық санасын» деген өлең жолдарымен Шәкәрім де айтқан. Шәкәрімше айтқанда ар өзіне жақын, әлі ара жігі ашылып зерттелмеген ұят, ұждан ұғымдарымен бірлікте. Шәкәрім «Ашу мен ынсап» атты өлеңінде «ар» сөзін бірнеше рет қайталанған: Бәріне де құлақ сал, Рахым, ұят, ар қайда?

Және:

Көп наданнан жасқанып,

Сорлың елге бас ұрған.

Рахым, Ұят, Арының,

Бетін топырақ жасырған,-деген жолдары бар.

Қазақ халқы өте намысшыл,басынан сөз асырмаған халық. Ертеде барырларымыз,серілеріміз ар-намысы үшін,жері үшін,елі үшін,келер ұрпағы азат өмір сүруі үшін қанын судай ағызған.Қортындылай келгенде,ары үшін жанын қиуға әр қашан дайын болған.

 

3. ‹‹Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер›› Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда, мақсат-міндеттер өзгеруде, білім берудің мазмұны қайта қаралуда. Қазақстан Болон процесіне еніп, ТМД елдері арасында ең алғаш болып үш сатылы білім беру жүйесіне көшті. Қазақстан білім саласы бойынша ғаламдық тенденцияларға белсенді еніп келеді. Білім саласындағы тенденция бірнеше компоненттерден тұратынын атап өтуге болады. Бірінші компонент – ғаламдық мобильді студенттер. Яғни қазіргі кезде студенттер өз елінде және өзге елдерде білім алып, халықаралық компанияларда жұмыс істейді. Бұл студенттерге халықаралық деңгейде сапалы білім алуды қажет етеді. Қазіргі әлемде англо-саксондық жоғары білім беру моделінің жетекшілік ету тен­денциясына байланысты көптеген универ­ситеттер өз білім беру жүйесін осы модельге көшіріп жатыр. Бірыңғайландыру үшін университет оқытушыларының әртүрлі салаларда ортақ бағдарламаға, бірдей сапаға, бірдей жоғары білім жүйесіне ауысу процесі орын алуда. Болон процесінің мәні осында. Болон процесіне үш сатыдан: бака­лавриатура – магистратура – PhD докторан­турадан тұратын бірыңғайланған жоғары білім жүйесі тән. Осы үш сатылы жоғары білім жүйесіне тек Қазақстан ғана емес, Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Азияның елдері көшкен және көптеген елдер қосылып жатыр. Өйткені білім беру жүйесін бірың­ғайландыру университеттер­дің анағұрлым бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Университеттің бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз не? Мұндағы мақсат – кез келген ЖОО-ның бітіруші студенттердің еңбек нарығында жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағалануы үшін қажырлы қызмет істеуі.Болон процесі тым әріден емес,1999 жылдан басталып жүзеге асып келеді. Соңғы онжылдықта Шығыс Еуропа мен бұрынғы кеңестік елдер осы процеске белсене араласуда. Менің ойымша, Болон процесінің Қазақстан білім жүйесіне ықпалының бір ерекшелігі – білім беру жүйесін бірың­ғайландыру халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл – бірінші маңызды ком­понент. Болон процесі бойынша оқытуды бірыңғайландыру, дипломдарды табыстау халықаралық стандарттарға сай деуге болады. Мұны екінші маңызды компонент деп атар едім. Ал үшінші компонент – Болон процесінің концепциясы мен жаһандану үрдісі барысында елдердің шекараларының айқара ашылып, студенттердің өз біліміне, шама-шарқына қарай әлемдегі кез келген оқу орнын таңдауға мүмкіндік алуы. Бұлардың барлығы жастарымыздың болашағын жарқын еріп,қойған мақсаттарына тосқауылсыз жетуге көмектеседі.Сондықтан мемлекетіміз осы жүйеге көшеніне өте қуаныштымын.

4.‹‹Азаттықтың ақ таңы›› «Ақтабан шұ­бы­рынды, алқакөл сұла­ма­дан» бергі уақыттың бедерінде Ресейге бодандықты мой­ындаумен жат жұртқа тел­мір­ген қазақ халқының са­на­сы мен жан-дүниесін маза­лаған түйткілді ойы ұлттық һәм мемлекеттік тәуелсіздік еді. Азаттық жо­лында қанды майдан жо­рық­тар мен құр­бандықтар аз бол­ған жоқ. Ол тіпті «адам­­заттың жар­қын болашағы – коммунизм» құ­ру тұсында да жалғаса берді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда жұлдызды сәт туды. Содан бері бір ұрпақ өсіп-өнген мерзім өте шығыпты. Тәуелсіздігімізді әлем таныды, Қа­­зақстан мемлекеттілігі қалыптасты, кеңестік эко­но­­мика мен идеология ыдырап, өмірдің бар сала­сын­да нарықтық қатынастар, идеологиялық әралу­ан­дық орнықты. Жаңа Астана бой түзеді, қазақтар мемлекет құраушы ұлтқа айналды, әділетсіздікке, зорлыққа ұшыраған мәдени-рухани құндылықтар мен тұлғалар қайта тірілді. Аз жұмыс атқарылған жоқ. Иә, осыдан жиырма жыл­дай бұрын қолымыз жеткен елдің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуел­сіз­дігі төбеден топ ете түскен сый, көл­де­­нең­нен тартылған бәсіре, оңайдан тап­қан олжа емес. Сан ғасырлардың соқ­талы, соқтықпалы соқпағында сан­сы­раған, «мың өліп, мың тірілген» хал­қы­­мыз­дың көксеген мұраты, көздеген ұшпағы еді. Елінің бүтіндігі, жерінің тұтастығы үшін құрбан болған ата-ағаларымыз бен апа-әжелеріміздің ақ­қан қан, төккен те­рі­нің өтеуі еді бұл Тәуелсіздік! Еркін өмір, егемен тұрмыстың иелері – бүгінгі ұрпақ, мына біз, арғы ба­ба­лар­дың аманаты ретінде зарығып жеткен, мерейімізді өсіріп, мәртебемізді өр­лет­кен, иншалла, болашақ буын, келешек күндердің нәсібіне ұзағынан бұ­йы­рар. Тәуелсіздіктің киесін сыйлап, қа­сиетін ұғынуға, қадірін білуге, сол ар­­қылы жеке басымыздың тарих ал­дын­дағы, ұлт пен ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді жете сезінуге тиіспіз.

5. ‹‹Сапалы білім - жақсы табыс табудың көзі›› Адамның кедей немесе бай болуы алдымен оның бағына да байланысты. Германия сияқты елде туылсаң, Африкадағы туған балаға қарағанда бағыңның бар болғаны. Ата-анаң дәулетті адам болса, сен өмірге келе салысымен-ақ кең үйге, үлкен бақшасы бар аулаға иесің. Бұл - ертең ақшадан да тарықпайсың деген сөз. Байқап отырсаң, осының бәрі басыңдағы бағыңмен байланысты. Бұдан сырт «орай» деген нәрсе бар. Ол – сапалы білім мен бойыңдағы талантыңды паш ететін мүмкіндік. Жастардың кейбіреуі жалғастыра оқып жоғары білім алудан гөрі басқаша тіршілік етуді қалап жатады. Ондайда ата-аналары университетте оқуды талап етіп жатады. Жастар кейде ол ақылды тыңдамай жатады. Бірақ, мен ата-аналардікі дұрыс деген болар едім. Себебі, жоғары білім алудың өзі – үлкен мүмкіндік. Ал сапалы білім – жақсы табыс табудың көзі. Оның үстіне бұндағы мүмкіндік – бір кетсе, екінші қайтып келмейтін мүмкіндік. Білім алып, негіз қалайтын жастан өтіп кеткен соң, кім болсаң да бәрібір, сені енді талайың емес, тағдырың илей бастайды: сенің бай немесе кедей болуыңды мамандығың белгілейді. Халқымыздың “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін біз терең түсінуіміз керек. Расында да, білім­нің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені баяғыдан белгілі. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең алдымен білім күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен те­резесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – деген екен.

6.‹‹Мен өзім 2030 жылғы Қазақстанды қалай елестетемін?›› Мен өзім 2030 жылғы Қазақстанды қалай елестетемін?Бұл сұраққа жауап беру үшін сіздерді өз армандарыма шақырамын.Меннің елестетуім бойынша 2030 жылы Қазақстан ең гүлденген мемлекеттердің бірі болып табылады. 50 дамыған елдердің қатарына еніп қана қоймай бірінші 10-дықтың ішінде екен.Экономикасы мен саясаты гүлдей жайнаған,демографиялық мәселелерінің барлығы шешілген мемлекет.Шаңырағы түзу және биік,ал тұрғындары қамсыз және бақытты өмір сүріп жатқан мемлекет.1997 жылы “Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстан­ды қалай елестетемін? – деген өз сұрағына Елбасымыз: “Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемел­денеді, балаларымыз бен немере­леріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, ден-саулығы мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүр­лерін сақтай отырып, қазіргі за­манғы нарықтық экономика жағдай­ын­да жұмыс істеуге даяр болады. Олар бей­біт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады”, – деп жауап бер­ген болатын. Армандар орындалады дейді емес пе?!Сондықтан, менің де,президентіміздің де армандары орындалады деп сенемін.Көп ұзамай осының борлығына қол жеткіземіз.

7.‹‹Біздің негізгі міндетіміз ―жоғарғы технологиялардың әлемдік рыногына тезірек кіру›› “Кеменің қай жерде келе жат­қандығынан қай бағытқа жылжып бара жатқандығы маңыздырақ” дегендей, елімізде әлеуметтік-эко­номикалық өмірдің бағыт-бағдар­ларын болжап, алдыға стратегия­лық мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолдарын белгілеу, әр кезең сайын сол мақсат өлшемдері мен нақты қол жеткен жетістіктер көр­сеткішін салыстырып, соған сай түзетулер енгізіп отыру – Ел­ба­сы­мыз Нұрсұлтан Назар­баев­тың басшылық саясатының өзін­дік бір қыры десек, артық айт­қандық емес. Елбасының Қазақстан эконо­ми­ка­сы­ның алғашқы мүмкіндік­тері айқындалған сәттен-ақ “Қа­зақстан-2030” ұзақ мерзімді стра­тегиялық даму жоспарын халық­қа әйгілегендігі белгілі. Мұнда Қазақстан халқының тұрмысын, мәдениетін, білімі мен денсаулы­ғын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен теңестірудің негізгі ал­ғы­шарттарының бірі ретінде эко­номикамыздың бәсекелестік қабі­летін арттыру мәселесіне, осы ар­қылы экспорттық бағыттарды ны­ғайтуға ерекше назар аударылған. Бүгінгі күні “Қазақстан-2030” Даму стратегиясында болжанған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін сан түрлі бағыттар бойынша алға жылжып келеміз. Мұны қазіргі күн­делікті өмірімізден де айқын аңғарамыз.Қазіргі таңда біздің басты міндетіміз – жоғары технологиялардың әлемдік рыногына тезірек кіру болып табылады.Бұл бізде не үшін қажет?Есіктің алдында жиырма бірінші ғасыр,яғни жаңа технологиялар ғасыры.Заман талабын орындамасақ және алға жылжымасақ артта қалу қауіпі бар.Біз 50 дамыған елдердің қатарына қосылуды көздеп отырмыз.Осы елдермен бірге қадам басу үшін жоғары технологиялардың әлемдік рыногына кіру біз үшін өте маңызды.Ол үшін жаңа кадрларды дайындау керек,елімізде алынып жатқан білім сапасын жоғарлату керек.Шет ел мамандарымен тәжірибемен алмасу қажет.Яғни,бұл іске білек сыланып,жұмылып кірісер болсақ,көп ұзамай қойған мақсатымызға жетеміз.

8.‹‹Ғылым мен ғаламның қызықты жаңалықтары›› ХІХ–ХХ ғасырларда адам баласы ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар, осынау жетістіктерді жақсыға да, жаманға да арқау етіп, ізгілік пен зұлымдықтың бәйгеде қатар шауып, өзіндік із қалдыруымен тарихтағы ең айтулы кезең болды. XXI ғасыр да өмірлік қажеті бар кішкене жаңалықтардан, әлемді дүр сілкіндірген ашылулармен ерекшеленеді (бұларға нано технологиялардың дамуын жатқызуға болады).Ал көлемі жағынан кішірек келгенімен, қолданыста сұранысы мол ашылулардың бірі инженер Ед Сат ойлап тапқан жаңа шегелері болып табылады. Ол Харикейн дауылынан кейін қирап қалған үйлер үйіндісін зерттей жүріп ол қызықты тоқтамға келген. Әсіресе, ағаш үйлердің дауылдарға шыдас беруі үшін шегенің атқаратын рөлі ерекше, дейді ол. Өзге әріптестерінің “үйдің мығым болуы үшін шегенің саны көп болуы керек” деген идеясын Сат мырза қолдай бермейді. "Бұл жерде шегенің саны емес, сапасы маңызды" деген оймен және бірнеше жылдық ізденістердің арқасында Сат Харикуйк атты шегені ойлап табады. Саттың айтуынша бұл шеге жер сілкінісі оқиғасының 50 пайызына және сағатына 274 километр жылдамдықпен соғатын желге төтеп береді екен. Сондай-ақ,ғалымдардың айтуы бойынша күн шуағының жерге жету мүмкіндігінің салдарынан XXI ғасырдың орта шенінде жаһандық деңгейде күн суыта бастайды.‹‹ Күн сәулесінің белсенділігі кеміген маундер минимумы кезінде - 1645-1705 жылдары бүкіл Еуропада, Солтүстік Америка мен Гренландияда жаһандық температура төмендеп кеткен болатын. Сол кезде Голландияда су арналары қатып қалып, ал Гренландияны мұздықтар басуы салдарынан адамдар қоныстарын тастап көшуге мәжбүр болған екен», - дейді ғалымдар. Олардың айтуынша, ХХІ ғасырдың орта шенінде Жер бетінде дәл сондай жаһандық суық орын алады. Ғаламда осындай және т.б. қызықты жаңалықтар орын алып жатыр.

 

9.‹‹Жастар экология және мәдениет үшін›› Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеументтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу міндеті тұр. Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.Мектеп қабырғасында өтетін пәндер жастарымызды түзу жолға салуда.Атап айтсақ: бастауыш сыныптарда өтетін дуние тану пәні,орта буын оқушыларына өтетін экология,әдебиет,мәдениет тану сабақтары.Олардың барлығы жастарымызды мәдениетті болуға және қоршаған ортасына силастықпен қарауға үйретеді.Қазіргі жастарымызға қарап отырсақ басым көпшілігі мәдениетті де,инабатты.Әлемдік экология проблеммаларына да көбірек көңіл аударатын болды.Студенттеріміздің тең жартысы.‹‹Жастар экология және мәдениет үшін››,‹‹Жер-ана›› және т.б. азаматтық қозғалыстарда бой көтеретін болды.Қоршаған ортамен байланысты ұйымдарға мүше болды.Яғни,бұның барлығы жастарымыз дұрыс жолды таңдан жатқандығын,экология және мәдениет ушін екендігін білдіреді.

10. ‹‹Жігерлі жас―қоғам болашағы›› эссе жазыңыз. Жастар аға-апаларынын артынан ілескен із басарлары,яғни болашақта істерін жалғастырушылар болып табылады.Қазіргі таңда адамға деген қойылатын басты талаптар: білімділік,сауаттылық және бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.Сондықтан күні ертең ғалым, белгілі бір маман иесі болатын жастар мұны жақсы түсінуі тиіс. Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді. Жетекші халықаралық консалтингтік «МакКинси» компаниясының кеңесшілері айтқандай: «Алға қарай жүр немесе жол бер». Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағида басшылық етеді. Және бұл қағида көп ретте өмірлік ұстанымдарды анықтауы тиіс. XXI ғасырда,яғни бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ - бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс...», - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады. «Қазақстан» сөзі әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс. Ал оның жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Сондықтан да,жүрегімізден намысымызды, қолымыздан жігерімізді жібермейік достар!

11. ‹‹Қазақстан және халқаралық ұйымдар›› тақырыбына ақпараттар жазыңыз. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) бұрынгы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕКЫҰ төраға болды. Сондай-ақ, мемлекетіміз БҰҰ,Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше. Бүгінгі таңда әр түрлі халқаралық ұйымдар көп. Сол ұйымдарға кіруге біздің мемлекетіміз ат салысып жатыр.Және Қазақстан әлемнен қалмай,бірге даму үшін бар күшін салуда.

12.‹‹ Жаһандану дәуірі кезінде адамзат дамуының басты үрдістері››

Мен үдерістеді айтпай тұрып, алдымен мынадай мәселеге тоқталсам: Жаһандану дегеніміздің өзі не? "Жаһандану" бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді.Қазақстанда жаһандану процесі басталып кетті.Енді өзіміздің алдымызға стратегиялық міндет - таяудағы 10 жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз. Бұл үрдістер қандай екен? Әлемдік деңгейдегі өте маңызды технологиялар шоғырына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қасиеттері алдын ала белгіленген жаңа материалдардың алынуы, биотехнологиялар, энергия үнемдеу, энергияның баламалы көздерін жасау жатқызылады.

Білім беру саласындағы жаһандану да бірқатар үрдістерімен сипатталады. Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады. Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Ақыр соңында білім берудің халықаралық интеграциясы дамуда. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік басымдық категориясына өтуде. Жаһанданудың екі жағы бар. Жаһанданудың мақсаты шекарасыз әлемге қол жеткізу. Жаһандануға тән жағдайлар бұл біріншіден, адамдардың еркін қозғалысы, ақпараттардың еркін қозғалысы, валютаның еркін араласуы, сауда-саттықтың еркін жүргізілуі т.б. көптеген еркіндікке жол ашу болып есептеледі. Еліміздегі басқа діндердің де қаптап кетуі, есірткі саудасының жүзеге асуы, түрлі эпидемиялық аурулардың пайда болуы, шетелдік инвесторлардың экологияға кері әсерін тигізуі осының бәрі жаһандану үдерісінің зиянды жақтары деп ойлаймын. Ал жақсы тұстарына келетін болсақ көрші отырған басқа елдерге қарағанда технологиямыздың тезірек дамуы, уақыт үнемдейтін техникалық жабдықтардың көбеюі, қысқаша айтқанда барлық жағынан дамуға аяқ басу. Ең бастысы біздің мақсатымыз жаһандануға ұлт ретінде жұтылып кетпеуді ерекше есте ұстауымыз қажет. Жұтылмас үшін бізге тек жалқаулықтан арылып, аз ұйықтап, жан-жақты білім алып, көп тілді меңгеруге ұмтылу қажет. Жаңа технологияны шетелдіктер емес өзіміздің қара көз қазақтар меңгеру қажет. Бірақ олардан тек үйренуден қашпау керек. Жаһанданудың жақсы жағын алып, жаман жағынан алыс болғанымыз жөн. Жаман нәрсені көретін көз бәрімізде де бар ғой!

 

13. ‹‹Қазақстанның бүгіні мен ертеңі››

Қазақ халқының тарихына үңілер болсақ, ұлтымыздың басынан талай қиыншылықтар өткен. Жүздеген жылдар бойы азаттықты аңсадық. 1991 жылы сарғая күткен тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Қарап отырсақ, егемен Қазақстан болып тұрақталған күннен,бүгінгі күнге дейін 20 жылдан астам уақыт өтіп кетті. Осы арада көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Біз жүйелік экономикалық реформалардың күрделі кезеңінен өтіп, ТМД-ның басқа елдерінен көп нәрседе алда келеміз. Бүгінде Қазақстанда нарықтық экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған. Жүргізілген реформалардың нәтижелері ашық та айқын. Қазақстандағы экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған. Қазақстандағы экономика әлемдегі ең жедел дамушы экокомикалардың біріне айналды. Біз еліміздің экономикалық өсуі негізінен өндіруші секторлардың дамуына байланысты екенін түсінеміз. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғары қарқынын басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр. Бірақ та біздің экономика, негізінен, экстенсивті тұрғыда дамып келе жатқанын мойындау керек, қазақстандық кәсіпорындар үшін энергияны шығындаудың жоғары деңгейі мен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі тән. Сондықтан бүгінгі күні біздің алдымызда өнімдері сыртқы рыноктарда сұраныс туғызатын жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту міндеті тұр. Ал бұған жаңа технологияларсыз, осы заманғы менеджмент модельдерін енгізбейінше қол жеткізу мүмкін емес.Осыны есімізде сақтаумыз керек.

Сондай-ақ,біз саяси және демографиялық мәселелерді шешудің амалдарын тауып жатырмыз.Көптеген жаңа заманға сай ғимараттар тұрғызылды. Мемлекетімізде сөз бостандығын дамыттық.Бірақ, біз бұл жеткен жетістіктерімізде тоқтамаумыз керек.Қазақстанның алдында 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ену міндеті тұр."Қазақстан-Азия барысы" деген теңеу сөз жүзінде емес,іс жүзінде көрсетілуі керек. Президентіміздің 2030 жылға қойған мақсаттарына қол жеткізуге тырысуымыз керек.Біз Қазақстанда өмір сапасы мен стандартын бәсекеге барынша қабілетті болудың деңгейіне жақындатуға ұмтылуға тиіспіз. Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары білікті, жұмылған адами капитал, сондай-ақ инновацияларды тұрақты ендіру болуы тиіс.Сондай-ақ,негізгі міндеттеріміздің бірі―жоғары технологиялар әлемдік рыногына тезірек кіру. Мемлекеттегі білім сапасын көтеру және білікті мамандар шығару және жастардың санасына мемлекеттік қорды ұлғайту үшін еңбек ету қажет екендігін жеткізу. Осы және тағы басқа жетістіктере алдымыздағы 18 жылда жетуге тырысуымыз керек.

 

азақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы›› тақытыбы бойынша эссе жазыңыз.

Қазақстан тамаша экологиялық мекен. Табиғаты таза, алуан түрлі және әдемі. Қазақстанға сапар шеккен адам мұндағы таңғаларлық жерлердің көптігіне көз жеткізеді: тау шыңдары, таулы жерлер, өзен-көлдер, шөлдер, кең дала, орман алқаптары. Еліміздің көптеген табиғи қорықтары, ұлттық саябақтары, фаунасы мен флорасы да ерекше. Қазақстанның табиғаты әр түрлі, сондықтан басқа мемлекеттердің адамдары табиғаттың әсемдігін көру үшін Қазақстанға келеді. Бірақ ол жалғыз себеп емес. Қазақстанда көптеген мәдени орындар және барлық әлемге танымал сәулет өнерінің туындылары көп.

1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 2001 жылы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заң қабылданды. Бірақ Қазақстан туризмі әлі дамыу процесін өтіп жатыр. Жоспарда туризмді жоғарғы деңгейге көтеру тұр. Нақтырақ айтатын болсақ,жоғарыда айтылып кеткен сәулеттік кешендер мен тарихи орталықтар жазғы туризмді дамытуға зор ықпалын тигізсе,ал биік таулар мен шыңдар альпинистік және қысқы туризмді дамытуға жол ашады.Сондай-ақ, өзен-көлдер теңіз туризміне пайдалануға болады. Қазақстандағы туризм түрлері:мәден и -танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, дін и т.б. болып бөлінеді. Сонымен Қазақстанның табиғ и, тарих и, геосаяс и орны туристік нысандарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Ғалымдардың санақтары бойынша бірнеше жылдың ішінде Қазақстандағы туризм саласын жоғарғы деңгейге шығаруға болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных