ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Зіңіз бос уақытыңызда немен айналысатыныңызды әңгімелеңіз.Менің уақытым көбінесе сабақ оқумен өтеді. Күнделікті күндерімді сипаттасам олар осылайша басталады: Оқу кезінде әрдайым ерте тұрып, университетке барамын. Уақытымның үштен бір бөлігін университетте өткіземін. Бұл уақытты текке өткізіп жатырмын деп ойламаймын,өйткені мен білім алып жатырмын.Президентіміздің өзі "Білімді жастар-қоғам болашағы" деген емес пе!Оқуды жақсы бітірсем өз саламның білікті маманы боламын,яғни мемлекетімізді дамытуға үлесімді қосамын.Сондықтан мен тырысып оқып жатырмын. Университеттен үйге келген соң мен өз істеріммен айналысамын.Бірақ, бірінші сабағымды қарастырамын. Сабаққа дайындалып болған ғаламтор жүйесіне кіремін,достарыммен сөйлесемін. Сенбі мен жексенбіде мен уақытымды достарыммен өткіземін, үйдегі жұмыстарды істеймін.Сондай-ақ,демалыстарда жақсы көретін істермен айналысамын. Әр адамның өзіңің жақсы көретін істері,қызығушылықтары болады. Мен домбырада ойнағанды, кітап оқығанды жақсы көремін. Әсіресе әдеби кітаптарды оқығанды ұнатамын.Бірақ, оқу жылы кезінде бұл істерге көп уақыт бөле алмаймын.Ал,жазғы демалыста мен жақсы көретін істеріммен қанша болса да шұғылдана аламын. Жаздың күндерінде үйде отыра бермей далаға шығып достарыммен қыдырамын, туысқандарыма қонаққа барамын.Ал, күзде,қыста болса мен бос уақытымды көбінесе үйде компьютердің алдында өткіземін. Тек қана бос уақытымды ғана компютердің алдында өткізбеймін. Біздің заманда сабақтың барлығы да компютермен және интернетпен байланысты болып табылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|