Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кафедра оқытушылары туралы мәліметтер




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Пән аты: Химия

Мамандығы:

5В130200 - «Стоматология»

 

Кафедра: Химия

Курс: 1

Алматы, 2015ж

Мазмұны

1. Силлабус...............................    
2. Дәрістер кешені.........................    
3. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар..............................    
4. Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар.............................      
5. Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік ұсыныстар......................    
6. Студенттердің білімін бақылау-бағалау құралдары..............................    

 

СИЛЛАБУС

 

Пән аты – химия, Him 1111  
Мамандық – 5В130200 –«Стоматология»  
Кафедра – химия    
Курс – бірінші    
Дәрістер 5 сағат    
Тәжірибелік (семинар)сабақтар 25 сағат    
Оқытушының жетекшілік етуімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ) 30 сағат    
Барлық аудиторлық 60 сағат    
Аудиториядан тыс студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) 30 сағат    
   
Бақылау түрі: емтихан    

 

 

Алматы, 2015 г.


Силлабус жұмыс бағдарламасына сәйкес, кафедра доцентті Карлова Э.К. және Кағазбекова Г.А. құрастырылған және химия кафедрасының мәжілісінде қарастырылған

«__» ____________ 2015 ж., хаттама №___

 

Химия кафедрасының меңгерушісі, профессор __________________Н.У. Алиев

 

 


ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Жоғары оқу орнының аты -С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
Кафедра -химия
Пән атауы -химия, Him1111
Мамандығы - 5В130200 – «Стоматология»
Оқу сағатының саны -90 (2 кредит)
Курс және оқу 1 семестрі -1 (І,II)

Кафедра оқытушылары туралы мәліметтер

№ пп ТАӘ Қызметі Ғылыми дәрежесі
1. Алиев Н.У. каф. меңгерушісі, профессор х.ғ.д.
2. Алмабекова А.А. Доцент х.ғ.к.
3. Есімжан А.Е. Доцент х.ғ.к.
4. Карлова Э.К. Доцент х.ғ.к.
5. Кусаинова Ж.Ж. Доцент х.ғ.к.
6. Кусаинова А.К. Доцент х.ғ.к.
7. Нечепуренко Е.В. Доцент х.ғ.к.
8. Садыкова Г.С. аға оқытушы х.ғ.к.
9. Кагазбекова Г.А. А0,ға оқытушы -

 

Байланыс туралы мәлімет:

Химия кафедрасының орналасқан мекен-жайы:

Алматы қ., Сейфуллин көшесі, INTRO №1 анатомия корпусы, №2 оқу корпусы, 3-ші этаж

Тел: 2926487 ішкі 7219

Пәннің саясаты:

1. Студенттер кестеге сәйкес дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ-ға қатысуы тиіс.

2. Сабақтарға ақ халатпен, кешікпей келуі керек. Сабақ үстінде байланыс телефонын өшіріп тастау керек.

3. Сабақтарды жібермеу керек. Белгілі бір себептермен (ауруға байланысты) сабақты жіберген жағдайда қажетті құжаттар деканатға тапсырылады. Жіберілген барлық сабақтарды міндетті түрде өтеу қажет.

4. Студенттер үнемі дәрістерге, практикалық сабақтарға, ОСӨЖ, СӨЖ-ға талаптарға сәйкес барлық тапсырмаларды орындап, дайындалуы керек.

5. Орындалған тапсырмалар бойынша есептер оқытушыға уақытында тапсырылуы қажет. Бекітілген уақытынан кейін тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды.

6. Емтиханға төмендегі студенттер жіберілмейді:

- аралық бақылау жұмысын тапсырмағандар;

- минималды өту балын жинамағандар;

- жіберілген сабақтарды өтемегендер.

 


БАҒДАРЛАМА

Кіріспе

Берілген бағдарлама медициналық оқу орнының «Жалпы медицина» мамандығына арналған. Жоғары білімнің қазіргі жаңашыл шарттарына сәйкес шешуші міндеті болып іргелі оқыту табылады. Химия іргелі ғылым, сондай-ақ тірі ағзадағы процестерді тану және зерттеу құралы болып табылады. Сондықтан, медициналық мамандықтағы студенттер осы ғылымның негізгі идеялары, заңдары мен әдістерін жақсы игеруі қажет. Бағдарлама бойынша бейорганикалық, органикалық, физикалық, коллоидты химия курсының аса маңызды тақырыптарының негізін қарастыру жоспарлануда.

«Химия» пәні биохимия, молекулярлы биология, физиология, фармокология, гигиенаның кейбір тарауларын меңгеруге теориялық базаны дайындайды және медицина-биологиялық, клиникалық пәндерді игергенде фундаментальды ғылымнан алынған ғылыми шешімді және зерттеудің жаңашыл әдістерін толық қамтуын қарастырады.

Жоғары медициналық білімді жетілдірудің маңызды міндеті болып пән аралық байланысты кеңейту және фундаментальды, медицина-биологиялық және клиникалық пәндердің интеграциясы болып табылады.

 

Пәннің мақсаты:

Студенттерде адам организмін зерттеуде біртұтас физика-химиялық, жаратылыс тану тұрғысынан шешім қабылдау, сондай-ақ ірі организмде жүретін маңызды биохимиялық процестер мен әр түрлі тепе-теңдіктердің химиялық және физика-химиялық аспектілерінің негізін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

· Тірі ағзада жүретін биохимиялық процестерді сипаттау үшін және ситуациялық есептерді шығара білу үшін физикалық және коллоидты химияның негізгі заңдылықтарын білуді үйрету;

· Ерітінділердің концентрациясының сандық сипаттамасын, сонымен қатар олардың коллигативтік қасиеттерін, қышқыл мен негіз ерітінділерінің қышқылдығы жайлы, буферлік ерітінділердің әсер ету механизмдері туралы түсінік қалыптастыру;

· Табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластары мен биополимерлердің құрылымының олардың химиялық қасиетіне әсері жайлы түсінік қалыптастыру;

· заттар, оның ішінде тірі организмдегі органикалық компоненттер мен дәрілік препараттардың химиялық құрамы, құрылысы, қасиеттері және биологиялық белсенділігі арасындағы өзара байланыс туралы түсінікті қалыптастыру;

· әдеби көзі мен мәліметтердің электронды базасымен жұмыс істеуге дағдыландыру.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных