Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқытудың соңғы нәтижелері




Пәнді оқып білу барысында студент келесі құзыреттілектерді игеруі тиіс:

Білім

- Химиялық термодинамиканың теориялық қағидалары, биоэнергетиканың негізі ретінде термодинамиканың 1 және 2 бастамаларын;

- ерітінділердің құрамын анықтаудың негізгі әдістері;

- ерітінділердің коллигативті қасиеттері, олардың организмдегі атқаратын ролі;

- атомдар мен молекулардың құрылыс теориясын, комплексті қосылыстардың координациялық құрылыс теориясын, хелатотерапия туралы түсінік;

- биогенді элементтер химиясын;

- қышқылдық-негіздік тепе-теңдік мәнін және организмдегі буферлі жүйелердің функциясын;

- тотығу-тотықсыздану процестерінің теориясын;

- жоғары молекулалы қосылыстар және биополимерлердің табиғаты мен физика-химиялық қасиеттерін;

- органикалық қосылыстардың классификациясы және номенклатурасының ережесі;

- химиялық реакциялардың типтері мен механизмін;

- табиғи органикалық қосылыстардың негізгі кластарының электронды құрылысын,изомериясын;

- биохимиялық процестерде өзара өзгеріске ұшыраудың негізі ретінде органикалық қосылыстардың маңызды кластары мен функционалды топтарының түрлі айналулар жолдары;

- органикалық қосылыстардың құрылысы мен химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерінің биологиялық белсенділікпен өзара байланысы;

- тіршілік ету процестерінде биологиялық реттегіштер мен биополимердің атқаратын ролі.

2. Тәжірибелік дағдылар:

- химиялық лабораторияда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қолдана білу, химиялық ыдыс пен негізгі құралды пайдалану, медициналық практикада қажетті физика-химиялық өлшеу әдістерін қолдану;

- молярлы концентрация, моляльды концентрация, эквивалентті молярлы концентрацияны, еріген заттың мольдік үлесін және ерітінді титрін есептеу;

- химиялық реакцияларлдың жылу эффектілерін есептей білу;

- потенциометрлік рН өлшеуді жүргізе білу;

- биополимерлердің ісіну дәрежесін анықтау;

- криометрия әдісі бойынша төменгі молекулалы заттардың және ЖМЗ вискозиметриялық мәліметтер бойынша салыстырмалы молекулярлы массасын анықтай білу;

- органикалық молекулалардың биологиялық функциясын олардың құрылысы мен реакциялық қабілетімен байланстыра білу;

- қанықпаған қосылыстар, аминқышқылдары, моносахаридтерды, молекулада пептидті байланыстың бар-жоқтығын, функциональды топтарды сандық анализдеу;

- органикалық химияның теориялық негіздерінің тұрғысынан қоршаған ортаның белгілі бір жағдайында органикалық қосылыстардың химиялық өзгерісін болжай білу.

- берілген концентрациядағы ерітінділерді дайындай білу, ерітіндінің тығыздығын және рН анықтай білу;

- берілген рН белгілі буферлі ерітіндіні дайындай білу, буферлік сыйымдылықты анықтай білу; биогенді элементтердің катиондары мен аниондарына сапалық реакцияларды жүргізе білу;

- органикалық қосылыстардың маңызды кластарының функционалды топтарына сапалық реакцияларды жүргізе білу;




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных