Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мақсат – теориялық материалды меңгеру деңгейін, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуін жүйелік түрде бақылау.




Студенттер үлгерімін бағалау критерийлері 2011 жылдың 27 қыркүйегінде ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінде бекітілген «Білім алушылардың оқу үлгерімін бағалау ережелері» құжатына сәйкес белгіленген.

Оқу үрдісін ұйымдастыру ережелеріне сәйкесстуденттердіңбілімі, тәжірибелік дағдылары,коммуникативтік дағдылары, құқықтық және өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі 100 балдық шкаламен бағаланады. Студенттердің білім деңгейін бағалаудың негізгі түрлері емтихан, күнделікті және аралық бақылау болып табылады.

Білімді бағалаудың әдістері:

Күнделікті бақылау: тест жазғызу, жазбаша/ауызша сұрау, програмдалған бағылау, есептер шығару, тапсырмаларды орындау нәтижелерін өңдеуін тексеру және т.б., шағын топтарда жұмыс істеу кезінде өзіндік және топтық бағалау.

Аралық бақылау:тест жазғызу, жазбаша/ауызша сұрау, програмдалған бақылау, есептер шығару.

Қорытынды бақылау:СӨЖ тақырыптарын қамтитын емтихан(жазбаша және /немесе ауызша түрде).

Тест тапсырмалары арқылы студенттің білімі және құқықтық құзыреттілігі бағаланады.

ІІ деңгейі – практикалық дағдыларды қабылдау, практикалық және коммуникативтік дағдылар бағаланады. Емтиханның екінші деңгейі кафедра меңгерушісімен бекітілген билеттер бойынша өткізіледі.

Студенттің семестр бойынша жинаған балы 50%-ге тең немесе одан артық болған жағдайда ғана емтиханға жіберіледі.

 

Химия пәні бойынша студенттердәі құзыреттіліктерін бағалау критерийлері

 

Дәрістер

- Студенттің дәріске қатысуына және дәріс конспектілерінің бар болғанына балл қойылмайды, бірақ дәріс материалдарының сұрақтары аралық және соңғы бақылауға міндетті түрде енгізілетін болады.

- Тәжірибелік сабақтар

- Орындау критерийлері:

- -тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу.

- Білім құзырлылығын бағалау

- 100% - Студент негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдаланып, барлық сұраққа дұрыс және толық жауап бергенде.

- 95% Студент сабақ тақырыбын терең түсініп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін көрсеткенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа толық сәйкес келгенде, нақты мысалдармен келтірілген теориялық фактілердің бәрін қамтығанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен, дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.

- 90% Студент, жалпы алғанда, материалды білетінін көрсетіп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін білдірген, бірақ қосалқы түсініктерді баяндағанда болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа сәйкес келгенде, теориялық материалды дұрыс таңдап алынған мысалдармен бекіте алғанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда. Формула жазғанда 1-2 болмашы қате жіберуге рұқсат етіледі.

- 85% Студент тақырып материалын біліп, жауап бергенде 2-3 болмашы қате жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете білгенде, қисынды (логикалық) ойлай алғанда және өз білімінің дәлелі ретінде дұрыс мысалдар келтіре алғанда, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына берген жауабында болмашы қате болғанда, формула жазғанда 2-3 болмашы қате жібергенімен, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.

- 80% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде 3-4 болмашы қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, қисынды ойлай алатынын көрсете білгенде және тақырыпқа сәйкес мысалдарды дұрыс келтіріп, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермесе де, негізгі түсініктерді келтіріп, формула жазғанда 3-4 болмашы қате жібергенімен, формулалар мен реакциялардың көпшілігін дұрыс жазғанда.

- 75% Студент тақырып материалын білетінін көрсете алғанда, дегенмен жауап бергенде біраз қателіктер жіберіп, оны оқытушының ескертуінен кейін түзете алғанда, дұрыс ойлай алатынын көрсете білгенде және тақырыпқа сәйкес мысалдарды дұрыс келтіріп, дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен әрі дұрыс орындағанда. Тапсырмаларды орындау барысында 1-2 болмашы қате жібергенде. Зертханалық жұмыстарды дұрыс орындап, жұмыс хаттамаларын жазып, жұмыс бойынша дұрыс қорытынды жасай білгенде. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігін дұрыс жазғанда, формула жазғанда 4-5 болмашы қате жібергенде.

- 70% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білім тереңдігі таяз, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, дегенмен сұрақты жалпы түсінгенін көрсете алғанда және ары қарай бағдарламалық материалды меңгеруге қажет дағдыны білгенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындағанда, оның 80%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігінде (50-60%) қате жібергенде.

- 65% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде, дегенмен сұрақты жалпы түсінгенін көрсете алғанда және бағдарламалық материалды ары қарай меңгеруге қажет білімі жететін болса. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындап, оның 70%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, дегенмен, негізгі түсініктерді келтіріп, формулалар мен реакциялардың көпшілігі қатемен жазылғанда. Реакция теңдеулері сөзбен жазылғанда.

- 60% сабақ тақырыбы бойынша студенттің білімі терең емес, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе, дегенмен педагогтың қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан кейін қателерін түзете алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындап, оның 50%-ға жуығы ғана дұрыс орындалса. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, формулалар мен реакциялар қате жазылғанда. Реакция теңдеулері сөзбен жазылғанда.

- 55% Студент сабақ тақырыбындағы материалды толық игермегенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе. Тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындауға тырысқанымен, оның 25%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық жауап бермегенде, формулаларды жаза алмағанда, реакци теңдеуін жазуға деген талпыну болғанда.

- 50%Студент сабақ тақырыбындағы материалды толық игермегенде, сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап бергенде. Түсініктердің анықтамасын айтқанда, терминологияны қолдануда қиналса немесе қате жіберсе. Тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен орындауға тырысқанымен, оның 10%-ға жуығы ғана дұрыс орындалғанда. Бағдарламалық бақылаудың ең болмағанда 1 сұрағына толық жауап бермегенде.

- 45%Студент сабақта болды. Оқу материалының басым бөлігін немесе маңызды бөлімін білмеді немесе түсінбеді, түсініктерге анықтама беруде, терминологияны қолдануда қате жібергенде, оқытушының қойған бірнеше жетекші сұрақтарына кейін де жауап бермегенде. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) орындамағанда. Бағдарламалық бақылау сұрақтарына жауап бермегенде.

- Химия пәні бойынша студенттің тәжірибелік дағдыларын бағалау критерийлері

- 100% – Берілген жағдайлық есептерді толық интерпретациялағанда және зертханалық жұмыстарды сапалы түрде орындағанда.

- 95% -Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, сонымен қатар қосымша ғылыми әдебиеттен алған мәліметтерді қолданды.

- 90%Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

- 85%Студент өз бетімен және сапалы түрде зертханалық жұмысты орындап, дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырып, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасады. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын, теорияны тәжірибемен байланыстыра алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

- 80% Студент өз бетімен зертханалық жұмысты орындап, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалай алды, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырды, зертханалық жұмыс бойынша қорытынды жасағанда қателесті. Өзіне берілген тапсырма бойынша клиникалық тұрғыдан ойлана алатынын көрсетті, дегенмен тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

- 75% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер болды, зертханалық жұмыс бойынша толық қорытынды жасамады. Өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды.

- 70% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, оқытушының ескертулерінен кейін дұрыс нәтиже алды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ дерлік.

- 65% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды, тәжірибе хаттамасын толтыруда ескертулер мен қателер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

- 60% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын толтыруда қателер болды. Зертханалық жұмыс бойынша қорытындыны оқытушы көмегімен жасады, жұмыс қорытындысын қорғауға қиналады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

- 55% Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын қате толтырды, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмады, оны қорғауға қиналады, өзіне берілген тапсырма бойынша тек негізгі әдебиеттен алған мәліметтерді ғана қолданды. Теорияның тәжірибемен және клиникамен өзара байланысы жоқ.

- 50%Студент зертханалық жұмысты басқа студенттердің көмегімен орындады, жұмыс жасау барысында оқытушыдан ескерту алды, алынған нәтижелерінің кейбіреуі қате болды және оларды бағалауда қиналды. Жұмыс принципін әрең түсінеді, тәжірибе хаттамасын қате толтырды, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмады, жұмыс нәтижелерін қорғай алмайды.

- 45% Студент сабақта болды. Тапсырманы орындамады, шағын топта жұмыс жасауға ынталанды, жұмыс бойынша қорытынды жасамады, хаттамалары толық емес, ескертулер бар.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных