Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Элей мектебі: Парменид және Зенон. Болмыс және бейболмыс. Зенонның апориялары.




Элей мектебі - б.з.д. 6 - 5 ғғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.

Ксенофан (б.з.д. 6 - 5 ғғ.) - Элей мектебінің негізін салушы. Бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «Адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді», - дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. Болмыс - барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.

Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді - от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендігін аңғартады. «Болмыс - бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады», - дейді.

Зенон (б.з.д. 490 - 430 жж.) - Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс - жалған (елес) болмыс. Зенон философия тарихында «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. Aporia – тығырыққа тірелу, шарасыздық) - ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама - қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных