ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аристотель – философияны жүйеге келтіруші. Болмыс туралы ілімі. Аристотельдің логикасы.Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист - ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жан да жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталады) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде; 3) поэтикалық бөлім – (творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл - ой өресі жететін дүние. Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады. Адамның ақыл - парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ. Болмыс Онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос - ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы - болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар - бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол - болу. Болмыстыңнегізгітүрлері: 1.Заттар (денелер), процестерболмысы: а) біріншітабиғат; б) екіншітабиғат. 2. Адам болмысы: а) заттардүниесіндегіадамболмысы; б) адамныңөзіндікболмысы. 3.Руханиболмыс: а) жекеадамныңруханиболмысы; б) қоғамныңруханиболмысы. 4.Әлеуметтікболмыс: а) қоғамдағыжәнетарихпроцесіндегіжекелегенадамболмысы; б) қоғамболмысы. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|