Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Батысеуропалық ортағасырлық философияның негізгі кезеңдері мен дамуы.




Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты “Шіркеу әкейлері” мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді:

б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды.

III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.

Схолистикалық кезең

Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.

Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.

Патристика (лат. Pater-әке) –2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін “шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.

Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) – орта ғасырлық “мектептік философия”, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңгк бөлінеді:

1. Алғашқы кезең Схоластикасында (9-13 ғ.ғ.) неоплатонизмнің ықпалы басым болды. Өкілдері Эриугена, Ансельм Кентерберийский. Ғылыммен философия, теология бір-бірімен біте қайнасып, пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл белең алды.

2. 14-15 ғ.ғ. кезеңде, яғни “классикалық” Схоластикада “христиандық аристотелизм” үстемдік етті, яғни, кемеліне жеткен схоластика ғылыммен философиялық теологиядан бөлініп, философиялық, теологиялық ілімдердің қалыптасып, етек жайған кезең. Өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский.

3. Құлдырау кезеңі (XIV-XV ғ.ғ.) – шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды түрде дамуының салдарынан теологияның мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлдем нәтижесіз ілім кейпіне енді. Тақуалар мен неосхоластардың арасындағы дау-дамай ушыға келіп, шіркеудің Реформацияға қарсы күресіне ұлысты. Өкілдері – Уильям Оккам, Жан Буридин т.б.

Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:

1. Реализм

2. Номинализм






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных