Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаңа ғылымдардың пайда болуы. Гелиоцентризм және ғаламның шексіздігі туралы ілім. Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей.




Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі. Әлемнің геоцентрлік (гр. «geos» – жер) жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды және ол әлемнің кіндігі болып табылады. Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің төңірегінде айналады деп есептелінеді. Діни көзқарастар мен Платон және Аристотель еңбектеріне негізделген бұл жүйені көне грек ғалымы Птоломей тұжырымдаған.

Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйкес өз кіндігі жүйесімен айналатын жер - күн төңірегіндегі планетелалардың бірі. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін Н.Кузанский және басқа да ғалымдар айтқанмен, бұл теорияның нақты негізін қалап, жан–жақты талқылыған және математикалық тұжырымдаған Коперник болды. Коперник жүйесі кеіннен нақты анықтала бастады. Бұл жүйені тиянақты дәлелдеуде Галлилей, Кеплер, Ньютон аса үлкен роль атқарды.

Галилео Галлилей (1564 – 1642жж). Коперник пен Бруно идеяларын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Телескоп ойлап тауып, аспан денелерінің траектория бойынша ғана емес, өз осі бойынша қозғалатынын дәлелдейді. Күн бетіндегі дақтарды тауып, басқа планетелардың серіктерін зерттейді. Негізгі еңбегі – «Әлемнің негізгі екі жүйесі – Птоломейлік және Коперниктік диалог» (1632ж). Оның тұжырымы бойынша, әлем – шексіз, материя – мәңгі, табиғит – бірегей. Табиғат бастамасы ретінде механикалық заңдылықтарға тәуелді, атомдар өзгермейді. Табиғатты танудың көзі – бақылау мен тәжірибеде. Алайда ол да діни көзқарастардан алшақ кете алмады, тәңірдің алғашқы себеп екендігін мойындайды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі өзекті мәселелердің бірі жаңа қоғам құру мәселесі ағылшын гуманисті Т.Мор мен итальяндық монах Кампанелланың шығармаларындаайқын байқалады.

Т.Мор (1478–1535жж.) - утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист – рационалисті. Басты шығармасы – «Утопия» (1516ж.). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оны еңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан – жақты дамуына, теориялық оқуды еңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады.

Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды.

Т.Кампанелла (1568–1639жж.).Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.

Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейінгі заман философиясына айтарлықтай әсер етті.

30.Н.Кузанскийдің пантеизмі. «Қарама-қарсылықтың бірлігі» қағидасы.

Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.

Пантеизм (гр. Pan - бәрі және tcheos - құдай) - құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып қарайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді алғаш рет Толанд енгізген. Пантеистік көзқарас Н.Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.

Николай Кузанский (1401-1464жж.) – схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасап шығарды. Құдайдың қарама - қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, адамның ой-санасы тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігін уағыздады. Шектілік пен шексіздік, ергежейлілік пен алып, жалпы мен жеке және тағы басқа қарама - қарсы құбылыстар Құдайға келіп тіреледі. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән қарама-қарсылықтардың құдайға әкеліп тірейтіндігі туралы мистикалық-идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да бойына сіңірді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных