ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Гегельдің филоосфиялық жүйесі. Диалектикалық әдіс. Категория және заңдарыГегельдің философиялық жүйесі үш бөлімге бөлінеді: 1) логика 2) табиғат философиясы 3) рух философиясы Логика - құдай зердесімен бара - бар сәйкес келетін «таза зерденің» жүйесі. Өзіне дейінгі бүкіл философияның тәжірибесін талдай келіп, ол болмыстың шекті негіздерін мазмұнды логика категорияларымен белгіледі. Өз мақсатына жету үшін даму идеяларын қатаң ұстанады. Оны санада көрініс тапқан қоршаған шындық өмірдің барлық саласында жүзеге асырады. Гегель теориясының жалпы мазмұны ең алдымен «Рух феноменологиясында» берілген. Еңбектің атауы мен мазмұнына зерттеу объектісі, атап айтқанда сезім шындығынан бастап ақыл ақиқатына дейінгі алдымен жеке адамның санасы ауқымында қарастырылатын сана құбылысы алынған. Сананың белгілі бір тарихи дәуірлерінің рухы ретінде сипатталуы себепті нәтижелерді теріске шығарады. Адам – табиғаттың бөлігі. Бірақ, адам табиғаттың емес, абсолютті идеяның жемісі. Тіпті, табиғаттың өзі рух арқылы пайда болған. Рух-табиғаттың алғышарты, ақиқат, абслютті алғашқы. өзінің дамуында рух үш сатыдан өткен. Біріншісі – «субъективті рух» - антропология, феноменология және психологиялық түрге бөлінетін жеке адамның санасы. Екінші сатысы – «объективті рух» - адамдар қоғамы және ол үш негізгі формаға бөлінбек: құқық, мемлекет және дағдылылық. Соңғы сатысы – «абсолютті рух» - өнер, философия және дін. Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – «Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды. 37.Л.Фейербахтың антропологиялық философиясы. Фейербах материализмнің ерекшелігі - антропологизм. Мұндай материализм революция қарсаңында Германияның тарихи жағдайларына және революциялық буржуазиялық демократияның идеяларына байланысты пайда болды. Фейербахтың философиялық эволюциясы Гегельдің адамның мән-мағынасына, оның өзіндік санасы арқылы түсіндіруіне сын айтудан басталады. Фейербах антропологизмі бірінші кезекте адам мәселесін, оның мағынасын көтереді. Антропологизм бойынша, адам философияның ең басты пәні, ең жоғарғы өлшемі. Адам-жай ғана биологиялық тіршілік етуші. Таным теориясында эмпиризм мен сенсуализмді жақтап, агностицизмге қарсы шығады. Фейербах антропологизмі адамды табиғаттың қарапайым бөлігі ретінде қарастырды. Оның шеңбері табиғатпен шектелген, яғни төменгі жағынан немесе табиғаттың материалистік, жоғарғы жағынан қоғамның идеалистік түсінігін берді. Себебі, Фейербах тарихты идеалистік тұрғыда түсінді. Фейербахтың идеализмі дін мен моральды зерттеуде айқын көрініп тұр. Фейербахтың түсінігінше, дін - адамның қасиетіне жат нәрсе. Дегенмен, адам екіге бөлінгендей болып, өзінің мағынасын құдай арқылы сезінеді. Сонымен, дін адамдағы «санасыз өзіндік сана» деген ұғыммен сипатталады. Адамның екіге бөлінуі оның табиғаттың дүлей күштеріне және өзін қоршаған жағдайларға тәуелді деген сезіміне байланысты. Ерекше ден қоятын мәселе-діннің әлеуметтік және тарихи тамырлары туралы пікірлері. Дінмен күресу жөніндегі айтқан басты ұсынысы-санасыздықты саналылықпен ауыстыру, яғни ескі классикалық дінді ағартушылыққа негізделген жаңа дінмен ауыстыру болды. Фейербахтың түсіндіруінше, жаңа дін дегеніміз-адамға адамның сүйіспеншілігіне негізделген қатынасы, адамның табиғатынан шығатын бақытқа деген ұмтылыс. Фейербах моральдық қағидаларды тек қана адамның табиғатына байланысты деп түсінген. Мұндай мораль, қоғамдық, материалдық өмірге байланыссыз болғандықтан, философияда жасанды, абстрактылы, тарихтан тыс қалған мораль ретінде қарастырылады. Бірақ, осы кемшіліктерге қарамастан Фейербах философиясының әрі дамуына зор ықпалын тигізді. Қазіргі идеалистер Фейербахтың антропологиялық идеяларын бұрмалап, оған идеалистік тұрғыдан түсінік беруде. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|