Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шығыстағы Ортағасырлық мұсылмандық философия. Шығыс перипатетизмі.




Араб философиясы – мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының ортағасырлар дәуіріндегі философиялық ілімдерінің жиынтығы. Араб философиясының пайда болуы мутализиттердің («оқшауланғандардың») – қаламның рационалдық дін ілімінің – ертедегі өкілдерінің қызметіне байланысты, олар адамның ерік-жігерінің бостандығы мен Құдайдың ерекше белгілері туралы мәселелерді талқылаудан бастап, діннің шегінен шыққан және тіпті оның кейбір догматтарын мақсат еткен концепцияларды жасаумен аяқтады. ІC ғасырда арабтар ежелгі заманның жаратылыстану ғылымымен қатар философиямен танысты. Олар Аристотельдің философиясына және оның жаратылыстану мен логика мәселелеріне баса назар аударды. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль - Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді.

Аль - Кинди (800 - 870 жж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль - Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль - Киндиге күпірлікпен қарады. Аль - Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған.

Шығыс перипатетизмнің одан әрі дамуы Әль - Фараби мен Ибн Синаның есімімен байланысты. Аль - Киндиге қарама - қарсы түрде бұл философтар дүниенің мәнділігін дәлелдеді. Құдай «өзінің арқасында қажетті ақиқат» деді олар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных