ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Марксизмнің пайда болуының қоғамдық-тарихи және жаратылыстанулық алғышартыМарксизм философиясының пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты - өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Марксизм философиясының дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Марксизм философияның пайда болуына үлкен үш жаңалық әсер етті: 1) Клеткалардың ашылу заңы; 2) Энергияның сақталу заңы; 3) Дарвинның эволюциясы; Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір - бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Марксизм философиясының негізін қалаушылар: К.Маркс, Ф.Энгельс болып табылады. 39. Марксизмдегі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Философиядағы жатсыну мәселесі. Маркс пен Энгельске дейінгі философтар өздерінің философиялық системасын бұдан былай өзгермейтін, түпкілікті тағайындалған абсолюттік ақиқат деп санады. Гегель, мәселен, өзінің философиялық системасын абсолюттік ақиқат деп жариялады. Марксизм философияға деген мұндай көзқараспен келіспеді де, өзінің философиялық іліміне түпкілікті тағайындалған ақиқат деп қарамай, ғылымның және қоғамдық практиканың даму барысында өзгеріп, айқындала және байи түсетін ілім деп қарады.Философияның ғылымилығының өзі сол, ол ешқашан аяқталып біткен ақиқат бола алмайды, өйткені өмірдің өзінде дамуы аяқталған, енді өзгермейтін, дамымайтын ештеңе жоқ. Өзгермейтін «түпкілікті ақиқатқа» талпыну теорияны өмірден қол үзген догматизмге әкеп соқтырары сөзсіз. Біздің іліміміз, деді Энгельс өзі мен өзінің ұлы досы жайыңда, догма емес, іс - әрекетке деген жетекші. Бүл сөздер марксизм философиясының жасампаздық ілім екенін қысқа да айқын атап көрсетіп отыр. Марксистік философияның принциптері мен қағидалары қоғамдық дамудың практикасымен, ғылым мен тәжірибенің жаңалықтарымен әрдайым толығып, байып отырады. Мұнсыз ол жасампаздық сипаттан жұрдай болар еді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|