ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азіргі заманғы батысеуропалық философиядағы негізгі бағыттарҚазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір - біріне қарама - қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда бір - біріне қарама - қарсы бағыттар да бар. Қазіргі батыс философиясында толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар. Неопозитивизм бағытына тоқталайық. Бұл философиялық бағыт ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Оның өкілдері: Р.Карнап, Л.Виткенштейн, Б.Рассел, А.Айер және тағы да басқа неопозитивизм – XIX ғасырдың 30 жылдарында пайда болған субъективті идеалистік бағыт – позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға және деңгейіне сәйкес әрі қарай дамыту болып табылатын философиялық ағым. Сондықтан да ол үшінші позитивизм деп аталады. Неопозитивстердің ілімі бойынша, философия тек тілдік нормаларды талдаумен және тілдік пайымдау құру ережелерін жасаумен айналысуы тиіс. Праматизм қазіргі заманғы субъективтік идиализмның американдық түрі. Оның басты өкілдері Ч.Пирс, У.Джейм, Дж.Дьюи т.б. Прагматизмді жақтаушылар дәстүрлі философиялар адамдардың күнделікті іс - әрекеті үшін пайдасыз, өйткені «болмыс», «сана», «материя», «идея» деген сияқты дерексіз ұғымдармен айналысқандықтан, адамдардың мақсат – мүдделеріне қызмет етпейді. Прагматизмнің негізін қалаушылар біз бүкіл ескі философиядан үзілді – кесілді бас тартып, жаңа философия жасадық деді кезінде. Өздерінің жаңа философиясының бастапқы негізгі ретінде олар адамды, адамның практикалық іс - әрекетін ұсынды, бірақ олар «практика» ұғымының мәнін мүлдем басқаша түсінді – прагматизм практикада деп жеке адамдардың қара басының мүддесіне сәйкес пайда табуды, табысқа жетуді түсінді. Экзистенциализм – ХХ ғасырдың орта шегінде Батыста ең кең тараған субъективтік – идеалистік философияның бірінен саналады. Экзистенциализм капитализмнің жалпы дағдарысының идеалогиялық бейнеленуінің бір формасы болып табылады. Оның ірі өкілдері М.Хайдеггер, Г.Марсель, Ж.П.Сартр, А.Камью және т.б. Экзистенциалистер адамның табиғатын ғылыми тұрғыдан танып білуін жоққа шығарады, өйткені адам табиғаттың ішкі сырын, оның өмір сүруінің мәнін ашу олардың философиясының мақсатына қайшы келеді. 43. Орыс философиясы. Қалыптасуы мен негізгі кезеңдері Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі. Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі – XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды. Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіке негізделді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|