ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Славяншылдар және батысшылдар. Ресейдегі революциалық-демократиялық ойларОрыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл бағыттың қалыптасуына П.Я.Чаадаев (1794-1856) үлкен рөль атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады. Ол католистік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссияда» деп айтты. Бұл екі бағыт та орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама ‑ қайшы кейіпте түсіндіреді. Еуропалық үлгі бойынша, Ресейдің дамуын насихаттайтын бағыт‑бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері: А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Н.Г.Чернышевский, К.Д.Кавелин, Т.Н.Грановский т.б. ойшылдар жатады. Бұлар шіркеуді сынап, материализмге сүйенеді. Батысшылар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олар Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік бағыттың негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аскаков, Ю.С. Самариндер болды. Бұлар орыстың ерекше құтқарушылық идеясын негіздеді. Бұлар батысшылдарға қарсы шықты. А.И. Герцен “Болған жағдайлар мен ойларында” өз өмірін қоғамдық құрылыспен байланыстырып, оған философиялық талдау, тұжырымдар жасаған болса, Н.Г. Чернышевский “не істеу керек?” романында өз заманы алдыында тұрған қасіреттерді ойлап, не істеу керек деген сұраққа жауап іздеді. Герцен идеализмді - рационализм, материализмді - эмпиризм деп санады, ал Чернышевский Фейербахтың ықпалынан шыға алмай, өз материализмін “антропологизм” деп атады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|