ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сократ пен софистердің философиялық көзқарастары.Сократ (шамамен б.з.д. 469 - 339 жж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. Сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектейді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (әділеттілік) анықтау мен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөзіндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек. Софистер (гр. Sophists - өнерпаз, дана) - «даналықтың,» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм - олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер» - табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері - Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар - алғашқы ағартушылар. Екінші тобы - «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы) – Филолай, Гипподам, Критий - философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтан да Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|