ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оғам - объективті реалдылықтың жүйесі, адам болмысының әлеуметтік тәсілі.Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Қоғам дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық қатынастар, яғни материалдық игіліктерді өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар. Қоғам өмірі - алуан түрлі қатынастардан тұратын аса күрделі әлеуметтік шындық. Олар белгілі бір салаларға бөлінеді. Оларды түсінуді біраз оңайлату мақсатында топтастыра келіп, мынандай төрт салаға бөліп көрсетуге болады: 1) экономикалық сала; 2) әлеуметтік сала; 3) саяси сала; 4) рухани сала. Кең мағынада алғанда, «әлеуметтік» ұғымы «қоғамдық» ұғымымен тепе - тең. Алайда, ол ұғымды философияда тар мағынада қолданып, таптар мен таптық қатынастарды, ұлттар мен ұлттық қатынастарды, отбасы және соған байланысты оқу, тәрбие, тұрмыс жағдайы сияқты тіршілік мәселелері саласын білдіру үшін қолданады. Сол сияқты, қоғам өмірінің саяси саласы саясатты, мемлекет пен құқықты және олардың арақатынасы мен қызметін, т.б. қамтиды. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі. Адам – қатпары көп, құпиясы мол өте күрделі құбылыс. Аристотель бойынша, адам – қоғамдық хайуан.Басқа хайуандардан адамның айырмашылығы ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|