Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Адам және адамзат. Тағдырдың ғаламдық бірлігі, қоғамдық өмірдегі интернационализм.




76. Сана- адам шығармашылының формасы, көрінісі, әлемді бейнелеудің тәсілі. Сана ‑ объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғары формасы, оның дүниеге және өзіне адамдардың қоғамдық‑тарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түріндегі қатынасының тәсілі. Сана объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестері бірлігін көрсетеді. Ол адамның еңбек, қоғамдық ‑ өндірістік қызметі процесінде пайда болады және сананың өзі сияқты байырғы, тілмен айтарлықтай байланысты. Адам туған бойдан алдыңғы ұрпақтардың қолымен жасалған нәрселер дүниесіне кезігеді және өзі оларды мақсатты түрде пайдалануды үйрену процесінде ғана қалыптасады. Оның шындыққа қатынасу тәсілі тікелей өз денесін икемдеуіне (жануарлардағы сияқты) емес, қайта басқа адамдармен қарым ‑ қатынасты ғана қалыптасатын затты іс ‑ қимыл дағдыларымен анықтайды.

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәлім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән, сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пайда болады? Сана - бейнелеудің қасиеті. Бейнелеу - жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге тигізген әсерінің салдары жатыр. Сана да сол әсердің нәтижесі.

 

77. Бейнлеу ұғымы. Өлі және тірі табиғаттағы бейнелеу. Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамның ізі қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындағы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да – дәл осындай әсердің нәтижесі. Бұл тірі материя мен өлі материя арасындағы табиғи байланыс бар екенін көрсетеді. Бұдан ең жоғарғы бейнелеу – сананың өзі де бірден пайда болмай, бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққанын көреміз. Өлі материяда бейнелеудің 2 түрі кездеседі: бірі – изоморфизм, екіншісі – гомоморфизм. Изоморфизмді бейнелейтін объект пен оның бейнесі арасындағы ажыратқысыз ұқсастық болады. Мәселен, нақты самолет пен оның кішкентай моделі арасындағы ұқсастық, Ал гомоморфизм дегеніміз бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасындағы ұқсастықтың жоба ьтүрінде болатыны. Мәселен, жер бедерінің картадағы көрінісі. Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес бейнелеуі де әр қилы болады. Өлі материяда ондай бейнелену негізінде зат, дене бірте-бірте мүжіліп, үгітіліп, бара-бара жойылып бітеді. Ал тірі материяда ондай әсерге белсенді түрде бейімделу пайда болады. Мәселен, өсімдіктердің жарыққа созылып, күнге бой тарртуы сондай құбылыс.

 

78. Сана ‑ объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғары формасы, оның дүниеге және өзіне адамдардың қоғамдық‑тарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түріндегі қатынасының тәсілі. Сана объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестері бірлігін көрсетеді. Ол адамның еңбек, қоғамдық ‑ өндірістік қызметі процесінде пайда болады және сананың өзі сияқты байырғы, тілмен айтарлықтай байланысты. Адам туған бойдан алдыңғы ұрпақтардың қолымен жасалған нәрселер дүниесіне кезігеді және өзі оларды мақсатты түрде пайдалануды үйрену процесінде ғана қалыптасады. Оның шындыққа қатынасу тәсілі тікелей өз денесін икемдеуіне (жануарлардағы сияқты) емес, қайта басқа адамдармен қарым ‑ қатынасты ғана қалыптасатын затты іс ‑ қимыл дағдыларымен анықтайды.

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәлім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән, сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пайда болады? Сана - бейнелеудің қасиеті. Бейнелеу - жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге тигізген әсерінің салдары жатыр. Сана да сол әсердің нәтижесі.

Бейнелеудің ең жоғары түрі тіршілікке, өмірге байланысты биологиялық формасы. Ал енді тіршілік өмірдегі бейнелену формалары қандай? Ол да түрліше. Ең алғашқы қарапайым бейнеленуге тітіркену жатады. Ол барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Орталық жүйке жүйесі бар организмде ол рефлекс тудырады.

Адам миына сыртқы дүниедегі түрліше ақпараттар қалай келеді? Ол сезім мүшелері арқылы қабылданады. Адамда бес түрлі сезім мүшелері бар: көру, есту, иіскеу, дәм сезу, тері түйсігі. Бес сезім мүшесі арқылы келген хабарды сезімдік бейнелеу дейміз. Сезім мүшелері адам миын сыртқы дүниемен байланыстырушы. Ол сезімдік формасы омыртқалы жануарлар да бар. Бірақ олардың түйсігі өз тіршілігіне сәйкес сыңаржақ дамиды, яғни өзіне қажеттіні ғана қабылдайды. Ал адамда сана, тіл арқылы өзінің сезім мүшелерінің мүмкіндіктерін жан - жақты дамытады. Ол сезім мүшелерін ақылға билетеді. Адамға микроскоп, телескоп, сейсмограф сияқты құралдар көмекке келеді. Сөйтіп, адам сезім мүшелері арқылы заттың қасиеттерін біледі. Бірақ заттың қасиеті әртүрлі болады. Затты бүтіндей, толық білу үшін оның қасиеттерін жан - жақты танып, түсіну қажет. Ол үшін таным - түйсіктен бірте - бірте ойлауға көтеріледі. Сана өзінің шығуы жағынан екінші. Бірақ сана енжар емес, белсенді, пәрменді рөлі бар құбылыс. Сонымен, адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі қабылдап оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап біреу ғана: ол түйсік мүшелер арқылы объективті шындықты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады. Оған түйсік, қабылдау, ойлау сияқты негізгі элементтердің жиынтығы кіреді.

Сана дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайы. Сана ең жоғары ұйымдасқан материя - мидың функциясы ретінде бірден пайда болған жоқ. Ол талай дәуірден өтті.

Сана-адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми жан - жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Оның пайда болуы екі факторға байланысты: бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Адам санасы оның еңбек ету процесінде пайда болып, дамыды. Еңбек - еңбек құралын жасаудан, басқаша айтқанда, белгілі мақсатқа жетуде алғашқы адамдардың тасты қашап одан кесуге болатын, не соғуға болатын құрал жасаудан басталады. Ондай құралды табиғат жасамайды. Ол бір. Екіншіден, сол еңбектенген адамдар бір - бірімен түсіну үшін тіл керек болды. Тіл де бірден пайда болған жоқ. Оның алдында түрлі дыбыс, қимыл - әрекеттермен алғашқы адамдар бір - бірімен ұғысқан. Сана тілмен бірге дамиды.

 

79. Қоғамдық сана, қоғамдық және жеке сана, қарапайым және теориялық саналардың диалектикалық бірлігін құрайды. Қандай да бір қоғам болмасын, қоғамдық пікірді халықтың санасына сіңіру болып табылады. Жеке сана әрбір адамның жеке басына, өмір жағдайына, біліміне байланысты қалыптасады. Қоғамдық сананы да жеке адамдар жасайды.

Қоғамдық сана – өте ауқымды да кең ұғым. Ол обьективті өмірді адам санасында жан-жақты бейнелеудің нәтижесі. Оған жататындар: қоғамдық ойлар, теориялар,саяси және құқылы көзқарастар, ғылыми анықтама мен тұжырымдар және т.б.

Жеке сана обьективтік шындықты жалпыға белгілі ұғымдармен, категорияларды ұғынумен шектелмейді, сонымен бірге обьективті өмірді тікелей тану арқылы, әр адамның жеке басына, біліміне, өмір жағдайына, мінезіне, қабілетіне, тәрбиесіне т.б. қалыптасады. Жеке сана қоғамдық санадан тар өрісті болады. Қоғамдық сананы сақтаушы да, оны іске асырушы жад – жеке адамдар. Жеке сана әр адамның дүниеге келуіне, өсіп жетілуіне, дүние салуына сәйкес өмір сүреді. Мысалы, біреу «мен көп балалымын, пәтер керек» деп арыз жазса, ол оның жеке санасына жатады, ал егер сол адам «көп балалы адамдарға пәтер керек, қамқорлық қажет» деп көпшіліктің мұқтажын айтса қоғамдық санаға жатады.

Қоғамдық сананың құрылымы да әртүрлі. Оны гнесеологиялық, социалогиялық, нақтылы-тарихи тұрғыда т.б алып қарастыруға болады. Гнес-қ (танымдық) тұрғыда ол екі жақты алып қарастырылады.1) деңгейі жағынан қарапайым, оған жатады: білім, әсерленушілік, ерік,ес т.б.2) теориялық болып бөлнуі. Социо-қ тұрғыдан қарағанда, қоғамдық сананы – ықпал өрісі, мазмұны, түрі деп үшке бөледі. Соның шінде ықпал өрісі, психология, идеология, ғылым болып талданады, мазмұны жағынан: жалпы халықтық, ұлттық, таптық, кәсіптік болып бөлінеді. Ал нақтылы тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ: типтік және жай-күйі болып екіге бөлінеді. Типтік жағынан ол алғашқы қауымдық, таптық-антагонистік, антогонистік емес саналарға, ал жай-күйі жағынан оптимистік, шектен тыс өзімшілдік және пессимистік болып бөлінеді. Бұл қоғамдық сананын құрылымы аса күрделі екенін көрсетеді. Ал сол қоғамдық сананы тігінен алып қарайтын болсақ, оның жоғарғы және төменгі екі бөлімнен – идеологиядан және қоғамдық психологиядан тұратынын көреміз. Идеология – қоғамдық сананың белгілі бір мақсатқа бағытталған, тұжырымдалған түрі. Қоғамдық психология дегеніміз – сананын сезімге негізделген төменгі сатысы. Ол сезімнен, елестетуден, әдет-ғұрыптан, ән-күйден, мақал-мәтелден және де стихиялық жүйеленбеген түрде қалыптасады. Қоғамдық психология таптық, ұлттық, жыныстық, кәсіптік болып келеді.

 

80. Саяси сана. Бұл – таптардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы. Саяси идеология тап күресін, саяси партиялар мен мемлекеттердің мүддесін қорғау үшін пайда болған және соны іске асырады.

Саяси санадағы басты мақсат – әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қадықтарын жою, демократиялық, яғни халықтың өз өкіметіне, дүниені дүрдараз қоғамдық жүйелерге бөлуден гөрі, қайшылықтары болса да, көп жағынан біртұтас өмір екенін ұғынып, соған көшу болып табылады. Н. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» деп аталатын стратегиялық бағдарлама еңбегіндегі жеті басыңқы бағыттардың бірі «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігі деп аталуы - соның айғағы.

Құқылық сана. Бұл сананы жасаушы – үстем тап, оның көзқарастары. Мақсаты – оның экономикалық және саяси мүдделерін жақтап, оны нығайту. Құқылық сананың негізгі мақсаты – демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау. Біздің елімізде құқықтық мемлекет мемлекет орнатудың күн тәртібіне қойылуына байланысты құқылық сананың маңызы орасан зор артып отыр. Көптеген қылмыстарға себеп – халық арасындағы құқылық сананың әлі де болса төмен болуы. Оған жататындар: түрлі қоғамдық тәртіпті бұзушылық, тонау, кісі өлтірушілік, еңбек заңын сақтамаушылық, ұйымдасқан жемқорлық т.б. Сондықтан да халқымыздың құқылық санасын көтері мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.

 

81. Эстетикалық сана. Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы – өнер. Ол объективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне-құбылыстарды нақты сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнелейді. Былайша айтқанда, ол жалпылық пен жекенің, объективтік пен субъективтік, материалдық пен идеялықтың диалектикалық ерекшеліктерінің бірлігі. Көркем бейне негізінде дараланған, нақтыланған сын-сипат жатады, сонымен қатар ол дара, жеке, нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі, түсінікті типтерді, құбылыстарды сомдап,бейнелейді, жаманнан жирентеді, жақсыға ынталандырады.

Діни сана. Дін объективті ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиялишылық түрде белгілейді. Діни қағидаларға қарағанда, дүниедегі кез-келген құбылыстың тікелей тірегі, қозғаушысы – ол өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш (құдірет). Қандай діннің болса да басты мақсаты – адамды құдіреттің күшіне иландыру. Олай болса, дін дегеніміз – жаратылыстан тыс тұрған Құдырет, періште, жын-шайтан, ана дүниенің бар екеніне, жанның мәңгі өлмейтіндігіне сену. Дін мен идеализм арасында тығыз байланыс бар.

 

82. Гносеология гректің гносис - таным, логос - ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар эпистемология грекше епистема - білім деген сөз термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.Таным - адам санасын дамытудың негізі болып табылады.

Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып - білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты - агностицизм деп атайды.

Танымның субъектісі деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге топтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект өз табиғатын қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады. Танымның объектісі ретінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау қажет. Олар таным объектісіне субъектінің өндірістің, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы айналады. Осыдан келіп, объект - субъект, субъект - объект қатынастарының таным процесіне алатын орны, жалпы практикалық табиғатын, даму процесін қарастыруда ролі ерекше екенін көреміз.

Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін обьективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті - үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субьектісі мен обьектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады.

Сондай - ақ таным процессінін диалектикасы адамның танып білуінің субьективтік формасы мен обьективтік мазмұны арасындағы бірлік пен қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз - бұлар обьективтік дүниенің субьективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.

Таным процесінің диалектикасы мынадан да көрінеді: ғылымның дамуы үшін логикалық жағынан дәлелдеу және практикада тексеру жолымен ақиқатты анықтауға мүмкіндік беретін пікірлердің күресі.

Айналадағы дүниені тану - күрделі, қайшылықты процесс, оған шындықты белсенді, творчествалық бейнелеудің белгілі бір жүйелілігі мен өзара байланысы болып табылатын әртүрлі формалар кіреді.

 

83. Сезімдік таным дегеніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып - білу. Сезім мүшелері дегеніміз - ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден - бір қақпалар болып табылады.

Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы жүзеге асырылады.

Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі нәтижесінде адамның миында белгілі - бір іздер сақталып қалады. Онан әрі бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп аталады.

Ойлау – адам миының ең жоғарғы қызметі, сыртқы дүние заттарын, олардың маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын аралық, дерексіз және жалпылама түрде бейнелейтін қызмет.

Ұғым, пікір, ой тұжырымы логикалық ойлаудың негізгі формалары болып табылады. Олар арқылы зерттеліп отырған заттың мәнін ашамыз.

 

84. Ақиқат ‑ танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы кун тәртібіне қойылады. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз субъекті мен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективтік. Объективтік ақиқат деп қоғамдық адам түсінігінде, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субективтік диактекикалық бірлігі. Танымның даму барысында белгілі бір объекті жөніндегі біздің біліміміз тереңдей туседі, сөйтіп, оның субъективтік жағы азайып отырады. Білім объектіге дәлірек сәйкес келеді. Дегенмен білімнің объективтік және субъективтік жақтары ылғи бірлікте болады.

Егер объективтік ақиқат бар болса, онда оны білдіріп отыратын адамның тусінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы турде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз.

Зертеліп отырған объекті жөніндегі толық емес білімді салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді абсолюттік ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективтік ақиқаттың көрініс сәттері. Объективтік ақиқат салыстырмалы-абсолюттік формада ғана өмір сүреді.

Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат барлық жағдайда нақты ақиқаттың нақтылығы объекті жөніндегі барлық түсініктердің, абстракциялардың синтезінде, бірлігінде. «Құбылыстың, шындықтың барлық жақтарының жиынтығы және олардың (өзара) қатынастары міне ақиқат осылардан құралады» Қазіргі заманғы идиалистер ақиқаттың ғылымға қарсы бірсыпыра өлшемдерін айтып жүр. Бұлардың қатарына мыналар жатады: Мах пен Авенариус дейтін эмпириокритиктердің «ойды үнемдеу» принципіне үнемі ойланатын болса сол ақиқат қолайлылық пен пайдалылық принципі. А.Пуанкеренің, Э. Леруаның конвенционализм принципі шартты келісімге сай келсе, сол ақиқат пікірлердің ақиқаттығы тек тілдің қалай болса солай таңдап алынған ережелерін сақтаумен ғана байланысты деп есептейтін неопозитивистер де бұл мәселеде, шынына келгенде, конвенционализмнің позициясын ұстайды. Олар сол сияқты тексеру принципін де ұсынып оны біздің айтқандарымыз бен пікірлеріміздің сезімдік мәліметтерге, түйсіктерге сәйкес келуі деп түсінеді.

Ақиқаттың өллшемі жөніндегі осы көзқарастың негізгі келістігі мынада: олар образдың санадан тыс және оған тәуелсіз өмір сүретін объектімен үйлесуі жайында мәселе көтермейді.

Сонымен, табиғатты және қоғамды танудағы ең басты принцип – адамдардың әлеуметтік қызметінің мәнін ашып, оның сан қилы қасиеттерін, түрлері мен формаларын, қоғамдық қатынастар мен сананың арақатынасын анықтау қажет. Адамның әлеуметтік мәні қанша бай, терең болса, адамқызметі сонша көп түрлі болып келеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных