ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оғам және мәдениетҚоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму сатысы өзіне сай келетін мәдени деңгейімен сипатталады, мәдениет қоғам жағдайына тәуелді. Бірақ бұл диалектикалық байланысты нақты негізде қарау керек, себебі қоғам мен мәдениеттің арақатынасында қайшылықтар да жиі кездесіп отырады. Кейде мәдениетті қоғамның белгілі бір тармагын ғана қамтитын құбылыс ретінде сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің дұрыс жақтары бар. Егер біз қоғам мен мәдениетті барабар деп санасақ, онда мәдениеттің мазмұнын шектен шығарып жіберер едік. Дәлірек айтқанда, мәдениет — қоғамның қасиеті, оның өмір сүру әрекетінің ауқымды да көлемді міндеті. Осы түррыдан алғанда, ол қоғаммен диалектикалық байланыста болады. Мәдениеттің өзі адамға ғана тән қоғамдық қатынастарға ену тәсілі
92. Мәдениет және еңбек бөлінісі. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі Мәдениет – философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі қолданылады. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әр халықтың өзіне ғана тән дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нақтылы – тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді. Мәдениеттің негізі – еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Егер садақ пен жебе, жүген мен үзеңнгі, кәдімгі дөңгелек бір кезде адамның табиғмтпен байланысындағы төңкерістің куәсі болса, бүгін ғылыми-техникалық революция жетістіктері де, өндірісте жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдіреді. Мәдениет әлеуметтануды қарыштап дамып келе жатқан жеке дара ғылыми-мәдени теориямен тығыз байланысты. Мәдениет теориясының мәдениет әлеуметтануынан ерекшелігі бар. Сондықтан мәдениет теориясы мәдениет әлеуметтануынан басқа мәселелерді зерттейді. Олар: мәдениеттің іштей дамуы, мәдени-рухани процесс, әр түрлі мәдениеттерің бір-бірімен ауысу заңдылықтары. Ал. Мәдени әлеуметтану қоғамда мәдениеттің әлеуметтік маңызына, алатын орнына және нақтылы әлеуметтік ортада оның қызмет істеуіне баса көңіл аударады. Бұл мәселелрді мәдениет теориясы зерттемейді. Мәдениет әлеуметтанудың негізгі мәселесі - мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің шығармашылық заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа маөмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады. Мұнан әрі мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттеоген іс-қызметтің (жұмыстың)орындалу мазмұндарын анықтайды. Мысалы, жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркем өнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.
93. Мәдениеттің дамуы: салт-дәстүр және новаторлық әрекет. «Бұқаралық» және «элитарлық» мәдениет мәселесі Қазіргі заман мәдениетін біз көбінде медиамәдениетпен байланыстыратынымыз заңды. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі заман адамын да, оның мәдениетін де құрастырады. Концепциялар туралы айтпас бұрын жалпы бұқаралық мәдениет ұғымының ғылыми айналымда болсын, БАҚ-та болсын орнығып үлгергеніне қарамастан, кейбір таласты тұстары бар екендігі жайлы мамандардың барлықтары бірдей көзқараста еместігін де айта кетуіміз керек. Мысалы, еліміздегі танымал мәдениеттанушылардың бірі, профессор С. Темірбеков бұқаралық мәдениет пен сауықтық мәдениет деген ұғымдар арқылы аражікті ашып көрсету керектігі туралы ойларын өз басым қолдаймын.
94. Мәдениет адамның әлемі, өзін анықтау және тұлғалық даму тәсілі ретінде. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар болған жерде мәдениет те бар. Ал адамның санасының түбегейлі қасиеті – оның интенционалдығы. Бұл термин адамның о баста өз өзімен ғана шектеле алмайтындығын, қашанда өзінің нақты болмысынан тысқарыға ұмтылатындығын білдіреді. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. Басқа-үшін-болу – адамның да, мәдениеттің де мағыналық анықтамасы. Жалпы, болу дегеніміз – қарым-қатынаста болу деген сөз. Адам қызметінің кажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады. Сонымен бірге табиғат қандай да бір мәдениеттен бұрын болады, мәдениеттің пайда болып, дамуының алғышарттары рөлін атқарады. Табиғат пен мәдениеттің бірлігі шартты, олар бір-біріне қарсы емес, қайта мәдениеттің дамуына табиғат әсерін тигізсе, мәдениет өз кезегінде табиғаттың мәдени түр алуына жағдай туғызады. Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей, парапар болмайды. Олардың терең мәнді айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам еркіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет — адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген. Бірақ бұл — үстіртін сипаттама ғана. Табиғат пен мәдениет арақатынасының өз тарихы бар, оны осы екеуінің ажырамас бірлігін мойындамайынша түсіну мүмкін емес. Шынында, табиғат мәдениет дамуының алғышарты бола отырып, көп жағдайда сол мәдениет көріністерінің табиғи процестерге тікелей араласуы салдарынан не көркейіп, не құлдырап, азып-тозып кетуі мүмкін. Табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік естен шықпауы керек. Ол ұмытылса, мәдениет деген мәдениетсіздіктің, табиғатқа озбырлықпен қараудың нақ өзіне айналады. Мысалы, алды-артын анықтамай тың жерлерді игеру көп жағдайда табиғатқа зиянын тигізгені бүгінде баршаға мәлім болып отыр. Тек сан көрсеткіштерін қуалап, пәленше миллион тың және тыңайған жерлердің қыртысын қопаралық деген біреудің еліруіне сай ұранға бейімдеушіліктен көптеген құнарлы топырақтың желмен ұшып, топырақ эрозиясына душар болып кетуі, мал жайылымдарының азаюы, т.б. келеңсіз жайттар табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешудегі рухани соқырлықпен субъективизмнің ырықтық көрінісі болды. Оның үстіне Қызыл кітапқа енген жануарлардың, құстардың құрып-жойылып, өсімдіктердің селдіреп бара жатқанын да айтпасқа болмайды. Ең өкініштісі, ел аман, халықтың көзі түгел тұрғанда олардың, озбырлардың баю объектісіне айналғаны. Мәдениет субъектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетеді. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік жеке бастың мақсатынан туатын болса, табиғатқа да, қоғамға да орасан нұқсан келтіреді, экологиялық апаттар туғызады. Себебі тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады. Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы - адамның табиғатқа қатысы, табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Материалдық игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да, адам сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда, оның тарихи дамуы табиғатқа байланысты. Анықтап айтқанда, табиғат материалдық өндірістің мазмұнын анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс әдісі көп жағдайда сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы, кең дала, көшпелілікке ыңғайлы жағдай қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы мәдениетінің сол көшпенділікке бейімделе қалыптасуына себепші болдыАдамның табиғатқа қатысы оның қоғамдык тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау туады. Табиғаттағы барды молайта түсіп, азды үнемдеп, тіршілікті аялай білу адам мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасы ұлттық өмір құбылыстары мен мемлекеттік ұлттық саясаттың жаңаруы тәжірибесі мен мәселесін жаңаша зерделеу мен зерттеуді уақыт өткен сайын өзекті, маңызды ете түседі. Жаңарған қоғам тұсында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәні жаңа сапалы жай-күй мен мазмұнға ие болады. Оның негізінде әр түрлі ұлттар адамдарының теңдігін тұғыр еткен халықтардың өзара қатынастары гуманистік тұжырымдамасы, қазақстандық патриотизм мен толеранттық, ұлттық және жалпықазақстандық мақтаныш, ұлтаралық келісім рухындағы тәрбие жатады. Сондай-ақ, халықтардың өзара байытылуына, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтармен алмасуға, олардың жан-жақты ынтымақтастығына, өзара түсіністік пен өзара сенімінің нығаюына, т.б. септесетін ұлтаралық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге деген қажетті мұқтаждық жатады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті әрбір қазақстандықтың өнегелік деңгейінің, биік мәдениетінің, оның барлық ұлттардың, ұлыстардың, ұлттық және этникалық топтардың мүдделеріне қатыстылығының көрсеткіші болып табылады. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл тұлғаның қарым-қатынас процесіндегі моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларына айналған озық ұлттық, жалпыадамзаттық принциптер жүйесі, ол ұлттардың дамуы мен өзара байытылуы негізінде туындап, барлық халықтардың іс жүзіндегі, Қазақстанның да, сол сияқты, әлемнің де халықтары арасындағы ұлттық мүдделерді, ерекшеліктерді, тілдерді, дәстүрлерді құрметтеушілікті діттейтін жалпыұлттық келісім және толеранттықпен сипатталады. Халықтардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті жалпыұлттық мінез-құлық этикасын, ұлттық мәдениет, тұрмыс, психология ерекшеліктеріне қатысты әдептілікті, тарихи тағдырлардың ортақтығын, т.б. саналы түрде ұғынушылықты бойында тұтуы тиіс. Өркениетті мәдениетте ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мемлекеттік саясат санатына көтерілген. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті саяси құбылыс және әлеуметтік қарым-қатынас түрі ретінде әр түрлі ұлттық қауымдастық мүшелерінің бірлігін нығайтуға ғана емес, сонымен бірге сол қауымдастықтардың өздерінің ішкі бірлігін бірнеше есе күшейтуге де септігін тигізеді. Халықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселесі мен тәжірибесін қоғамның жаңаруы жағдайындағы Қазақстан бойынша нақты материалдар бізге халықтар, мемлекеттер достығы мен ынтымақтастығын нығайту бойынша мынандай ауқымды шараларды дайындау мен іске асыруды мақсатты деп санаймыз: Біріншіден, көпұлтты зиялы қауымның Қазақстан халықтары өмірін білуі, қазақстандықтар арасында биік ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және этносаясат принциптерін белсенді түрде өмірге бойлатушы болуы қажет. Көрсетілген мәселенің шешілуі адамдардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және тәрбиелеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін одан әрі іздестіруді талап етеді. Осыған байланысты, теледидарларда «Қазақстан халықтарының достығы» бағдарламасын ашу қажет. Екіншіден, ұлттық шектелгендік пен лаңкестікті, нәсілшілдік пен шовинизмді, ұлтшылдық пен рушылдықты, космополитизм мен мәңгүрттікті жоюға бірінші дәрежелі маңыз дарыта отырып, ұлттық, жалпықазақстандық, жалпыадамзаттық принциптер мен құндылықтардың гуманизмі мен тазалығын қорғай отырып, Қазақстанның да, сол сияқты, Еуразияның да ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасын жасау қажеттігі пісіп жетілді. Үшіншіден, БАҚ арқылы көпұлтты қазақстандық қоғамды бірлестірудегі мемлекеттік тіл – қазақ тілінің рөлін насихаттап, «Орта Азия халықтары» журналын ашу қажет. Төртіншіден, қазақстандық халықтардың тарихын саясаттану тұрғысынан танытып, олардың достығы мен өзара көмегін, сондай-ақ, әсіресе, тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын әділ түрде айрықша көрсету қажет. Сондай-ақ, мысалы, республиканың барлық жоғары оқу орындарында «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» факультативтік дәрісін жүргізу мақсатқа сай болады.Бесіншіден, Орта Азиядағы ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды ғылыми-зерттеу орталығын ашу қажет, онда мынандай мәселелер қарастырылуы тиіс деп білеміз: ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің саяси институттар мен процестердегі орны мен рөлі; ұлтаралық, мемлекетаралық қайшылықтар және оларды шешу жолдары; этникалық психологияның жалпыадамзаттық сипаттарының қалыптасуы; ұлттық және жалпықазақстандық сана-сезімнің, ұлттық және жалпыадамзаттық мүдделердің арақатынасы; ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мен дамытудың құқықтық негіздері; қазақстандықтардың жаңа этносаяси ортақтығын және жалпыұлттық, ұлтаралық келісімнің саяси механизмдерін қалыптастыру және т.б. Ұлттар мен ұлыстардың, ұлттық және этникалық топтардың өзара мүдделілігімен беки түскенде ғана ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық және жалпыадамзаттықтың бірлігіне қол жеткізіледі. Бүгінде тұтастай алғанда, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселелерінің шешілуі әр түрлі халықтардың тату шаңырақ астына, келешекке ие ХХІ-ғасырдың тұрақты қоғамына бірігуіне септігін тигізері сөзсіз.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|