Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылыми таным және оның белгілері. Ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері.




Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін обьективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті - үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субьектісі мен обьектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады.Танымның тұтас күрделі процесінде бейнелеудің сезімдік және логикалық формалары «таза» түріде, жеке, бір - бірінен оқшау түріде көрінбейді. Олар бірігіп, бір - бірімен қабысып, өзара бір-біріне еніп тұрады. Таным ісінің қандайына да болсын белгілі - бір дәрежеде сезімдік, эмпириялық элементтер де, сол сияқты рационалды, теориялық элементтер де кіреді. Таным процесі сезімдік және рационалдық жақтардың диалектикалық бірлігі.

Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерінің бір - бірінен мынандай айырмашылықтары бар: оларда зерттеліп отырған объект әр түрлі жағынан қарастырылады, білім әртүрлі әдістер арқылы табылады, оны белгілейтін әртүрлі логиклық формалар. Эмпириялық деңгейде қарапайым пайымдауға қолайлы объектінің сыртқы байланыстары мен қатынастары қарастырылады, тәжірибеден тікелей индуктивтік әдіспен алынған эмпириялық білімнің логикалық формасы ретінде жеке фактіні бейнелейтін жеке ой пікірі,ол білім жаңа теорияны құраудың эмпириялық негізі болады. Эмпириялық деңгейде құбылыс дәрежесіндегі заңдылықтар анықталады. Таным құбылыстан мәнге, бірінші реттегі мәннен екінші реттегі мәнге т. с. с. қарай қозғалады. Сөйтіп, таным заттың ішкі мәніне қарай шексіз тереңдей береді.

Ал теориялық деңгейде біздер заттың ішкі байланыстары мен заңдылықтарын, қайшылықтары мен заңдарын ашамыз. Мұны эмпириялық білімді теориялық жолмен өңдеу, белгілі бір принцип бойынша синтездеу арқылы табамыз. Теориялық білімнің логикалық формасы өзара іштей жинақталған абстракциялар жүйесі болып табылады. Зерттеліп отырған объектінің теориясын құру және қолдану танымның теориялық деңгейінің мақсаты. Эмпириялық білімге қарағанда теориялық білімнің қолдану аясы өте кең. Танымның эмпириялық және теориялық деңгейлері өте тығыз байланыста.

Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.

 

86.Әлеуметтік таным. Қоғам, адам-әлеуметтік танымның объектісі.

Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.

«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым.

Қоғам дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық қатынастар, яғни материалдық игіліктерді өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар.

Қоғам өмірі - алуан түрлі қатынастардан тұратын аса күрделі әлеуметтік шындық. Олар белгілі бір салаларға бөлінеді. Оларды түсінуді біраз оңайлату мақсатында топтастыра келіп, мынандай төрт салаға бөліп көрсетуге болады: 1) экономикалық сала; 2) әлеуметтік сала; 3) саяси сала; 4) рухани сала. Кең мағынада алғанда, «әлеуметтік» ұғымы «қоғамдық» ұғымымен тепе - тең. Алайда, ол ұғымды философияда тар мағынада қолданып, таптар мен таптық қатынастарды, ұлттар мен ұлттық қатынастарды, отбасы және соған байланысты оқу, тәрбие, тұрмыс жағдайы сияқты тіршілік мәселелері саласын білдіру үшін қолданады. Сол сияқты, қоғам өмірінің саяси саласы саясатты, мемлекет пен құқықты және олардың арақатынасы мен қызметін, т.б. қамтиды.

Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
Адамның қоғамдағы нақтылы еңбегі, іс-қимылы, қызметі, материалдық игілікті өндіру, тажірибе алмасудан қоғамның әл-ауқаты анықталады. Қоғамдық сана – қоғамдық болмыстың бейнесі.

Адам – қатпары көп, құпиясы мол өте күрделі құбылыс. Аристотель бойынша, адам – қоғамдық хайуан.Басқа хайуандардан адамның айырмашылығы ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды.
Адамда екі түрлі: табиғи және қоғамдық сипатта болады. Әрине, адамның басты қасиеті – оның әлеуметтік сипаты.
Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады.

 

87.Қоғам өзінен өзі дамып отыратын жүйе. Қоғамдық өндіріс пен өндіріс тәсілдері түсінігі.

Қоғам дамудың қандай жоғары деңгейіне жетпесін, адамдар азық - түліксіз, киім - кешексіз, баспанасыз, т.б. материалдық игіліксіз өмір сүре алмайды. Бұл игіліктерді табиғат дайын күйінде бере алайды. Ол игіліктерге ие болу үшін адам еңбек етуі тиіс. Еңбек - адамның табиғи қажеті, қоғам өмірінің негізі. Сол себепті де материалдық игіліктер өндірісі қоғамдық дамудың басты, шешуші күші болып табылады.

Өндіріс процесінде адамдар табиғатпен және өзара қарым-қатынас орнатады. Осы екі түрлі қатынастар кез келген нақты өндіріс тәсілінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағын - өндіргіш күштерді және өндірістік қатынастарды құрады. Олай болса, өндіріс тәсіліне жалпылама талдау жасау үшін өндіргіш күштер деген не, олардың құрамы қандай, өндірістік қатынастар қандай қатынастардан тұрады, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара байланысы қандай деген сұрақтарды анықтау қажет.

Өндіргіш күштер дегеніміз қоғам жасаған өндіріс құралдары, ең алдымен еңбек құралдары және тіршілік үшін қажетті өнімді жасаушы - адам.

Еңбек құралдары қоғамның өндіргіш күштерінің шешуші элементі болып табылады, өйткені адамның табиғатқа деген қатынасының сипатын айқындап беретін солар.

Өндіріс процесінде адамдардың арасында қажетті түрде өндірістік қатынастар деп аталатын белгілі бір қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар адамдардың өндірістік іс - әрекетінің ажырағысыз жағы болып табылады, өйткені адамдар жеке-дара өндіре алмайды, бір-бірімен қатынаса, қауымдаса отырып қана өндіре алады. Сондықтан еңбек әуелбастан қоғамдық еңбек еді және солай болып қала бермек. Еңбек процесінде адамдар арасында орнайтын бұл қатынастар болмай қоймайтын қажетті қатынастар болып табылады.

Өнім бөлісу формасы да өндіріс құралдарына деген меншіктің сипатына тиесілді болады. Өндіріс құрал - жабдықтарының иесі өндіріс процесіне қатыспағанымен, өнімнің не барлығын алады немесе басым көпшілігін алады. Өндірістік қатынастар адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз объективті түрде қалыптасады. Адамдардың өндіріс процесіндегі қайсыбір қатынастары олар сәйкес келетін өндіргіш күштер дамып жетілген жағдайда ғана пайда болады.

Адамдардың үздіксіз өсетін қажеттерін қанағаттандырудың бір ғана жолы бар - өндірісті ұдайы жетілдіріп дамыту. Өндірісті дамыту - қоғам өмірінің объективтік қажеттілігі, заңы. Қоғамның тарихи, осы тұрғыдан алғанда, ең алдымен қоғамдық өндірістің төменгі тәсілінен жоғарғы тәсіліне қажетті түрде өту тарихы.

Сөйтіп, көп түрлі қоғамдық қатынастардың ішінен әлеуметтік философия материалдық, экономикалық қатынастарды негізгі, шешуші қатынастар ретінде бөліп көрсетеді, өйткені осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын, базисін құрады. Бұл жағдайда өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайтындар: меншіктің формасы және бұдан туынды адамдардың өндіріс процесіндегі қатынастары, материалдық игіліктерді бөлу формасы деп түсіну керек.

Қоғам – күрделі, динамикалық, өзін-өзі дамытатын жүйе. Оның дамуының қайнар көзі өзінде жатыр және қоғамда әлеуметтік прогрестің қозғаушы күш болып негізгі рольді адам атқарады. Қоғамның өзін дамытуы ғылыми техникалық революция арқылы жүзеге асады.
Ғылым да, техника да, прогресс те – адамзат ақыл-ойының жемісі.
Қоғам табиғаттан пайда болды, қоғам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан қоғам мен табиғат бір-бірімен байланыста.

 

 

88.Әлемдік тарихтың бірлігі мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Қоғамның революциялық және эволюциялық дамуының типтері.

Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой - пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде - ақ қалыптаса бастады. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды,дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым - қатынастар заңдылықтары бар ма, тағы басқа көптеген сұрақтар, ой - пікірлер және идеялар туады. Ал мұндай ой - пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуінен және осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі дамыту қажеттілігінен, олардың тікелей тәжірибелік өмірімен байланысты туды.

Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне “алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, “алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных