Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстандық патриотизм.




1. Қазіргі жағдайда бұл принциптер қазақстандық патриоттық тәрбиенің мынадай негізгі бағыттарына ықпал етуі қажет.

2. Егеменді және тәуелсіз Қазақстанның жаңа идеологиясын жасау.

3. Республика азаматтарының осы жаңа идеологияны терең түсініп, меңгеруі. Қазақстан Республикасын Өз Отаны деп түсінуі.

4. Қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік және мемлекеттік құрылымдар тарапынан патриоттық тәрбиеге байланысты жұмыстардың нәтижелілігін тексеру және жүйелі түрде жоспарлап отыру.

5. Республика бойынша біртұтас халықтық-шаруашылық кешен жасау, Қазақстандағы ұлттық қоғамдастықтар арсындағы өзара байланысты жетілдіру.

6. Қазақстандық патриоттық тәрбие дұрыс жолға қойылған ұжымдар тәжрибесін зерттеу және тарату.

7. Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі қоғамдық қозғалыстар, партиялар, мемлекеттік құрылымдар, электрондық техника, баспаның рөлін дамыту.

8. Қазақстан Республикасының халқының "ішіндемін" деген ойда әрбір азаматтың намыс сезімін тәрбиелеу.

9. Азаматтардың Қазақстан Респуликасының экономикалық, мәдени және әскери күшін нығайту, оның мүдделерін қорғау тәрізді патриоттық парыз сезіміне жауапкершілігін калыптастыру.

10. Елдің барлық азаматтарын ұлтшылдыққа, шовинистікке, экстремизм мен сепаратизмге төзбестік рухта тәрбиелеу.

Патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда ұлттық дәстүрлер маңызды рөл атқарады. Оған дәлел ретінде Н.С.Сарсенбаевтің сөзін келтіруге болады: "ұлттық дәстүрлер дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қызметтің негізгі түрлері не құндылық көзқарасын көрсететін тұрақты, қайталанып тұратын, ұрпақтан ұрпаққа берілетін бұқаралық нормалар, принциптер, қызметтер, сезімдер, идеялар түрінде берілген қоғамдық қатынастардың өмір сүруінің арнайы формалары".

Кәдімгі жанұяны мысалға алайық. Әрбір ұлттың өз дәстүрі бар. Бұл жанұяға нәресте келді делік. Осы жанұя баланың жастайынан бастап барлық дәстүрлерді сақтап, орындап жүрсе онда бұл баланың бойында ерекше бір сезім қалыптаса бастайды.

Ол істеліп жатқан дәстүрлерге үйреніп, олардың ата тегінен бастап келе жатқанын сезінеді. Сөйтіп, оның бойына ата-бабасынан келе жатқан ұлттық дәстүрлер қалыптасып, ол оны келешекте келер ұрпаққа жеткізетін болады.

Әрбір халықты өзінің тарихы, мәдениеті мен тілінің дамуына тікелей байланысты туған өлкесіне деген үлкен махаббат пен қимастық сезім бар.

Тарихты халық жасайды. Тарих қоғамның даму заңдылықтары негізінде жасалады, оны кері жүргізуге болмайды. Егер қандай да бір елдің экономикасы нашар болса, онда бұл елдің азаматтары барлық өзгерістерге, жаңалықтарға немқұрайлы болады. Себебі әрбір адам тек өз қамын ойлай бастайды. Бірақ біздің пайымдауымызша, ұйымшылдық жоқ жерде нәтиже де, прогресс те, нақты шешім де жоқ.

Патриоттық сезімнің ең жоғарғы көрнісі - ерлік. Ерлік жасаған адам сөзсіз патриоттық сезімін көрсетеді. Бұл сөзге, ұғымға тоқталмас бұрын біз "ер" сөзіне түсінік беруге тырысайық. В.Дальдың түсіндірме сөздігінде "Ер" деген сөз "ержүрек, жауынгер, күрескер, батыр, ғажайып-жауынгер, жалпы соғыста да, бейбіт өмірде де жәрдемші деп түсіндіріледі".

Ерлік деген ұғымға тоқталмас бұрын біз осы сөздің түбірі болып келетін "ер" сөзіне әр түрлі мағынасын бердік, бірақ бәрінің негізінде ержүректік, батылдық, табандылық деген ұғым жатыр.

Сонымен, "ер" деген сөзбен осы түбірден жасалатын басқа да сөздер мен анықтамалар патриотизмнің төмендегідей категорияларымен санадан тыс-ақ үйлесе қолданылады: ержүрек, батылдық, жасампаздық, шешімділік, табандылық, шыдамдылық, берілгендік.

Ғылыми әдебиетте бұл құбылыс жеткілікті зерттелген. Біз қарастырып отырған әлеуметтік - психологиялық феноменге мынадай анықтама берілген: "Ерлік дегеніміз - халықтың, топтың, жеке адамдардың прогрессивті қоғам үшін күресіндегі жанкештілігі, табандылығы, жаужүректігі".

Белгілі ғалым Қ.Жарықбаев "Бауыржан Момышұлы" атты еңбегінде былай дейді: "Адам бойындағы бүкіл жақсы - жаман қасиетте алған тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, елге, туған жерге деген сүйіспеншілік, батылдық пен ерлік, қорқақтық пен қоян жүректіліктің нағыз сынға түсер жері осы ұрыс, қоян-қолтық шайқас. Тек ұрыста ғана, - дейді Бауыржан Момышұлы, - адамның барлық қасиеті сынға түседі...". "Бауыржан Момышұлы ұлттық рух, ұлттық патриотизм сияқты ұғымдарға аса назар аударып, әр түрлі этностар қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, украин, беларусь, орыс, т.б. бойындағы жақсы қасиеттерді көре біліп, оларды ортақ мақсатқа, жеңіске жұмылдыра білуте үнемі зор мән беріп отырады" - деп ерліктің мағынасына терең талдау жасайды. "Психология" атты еңбегінде автор: "Ерлік дегеніміз - алға қойған мақсатқа шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдік рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет" - деп, ерлік ұғымына терең анықтама берген.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі бағыттар.

2.Патриоттық сезімнің ең жоғарғы көрнісі.

3.Патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда ұлттық дәстүрлер маңызы.

4.Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі қоғамдық қозғалыстар.

5.Қазақстандық патриоттық сезімнің мақсаты

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1.Қазақстандық патриотизм.

7. Үй тапсырмасы:

1.Қазақстандық патриоттық тәрбиедегі бағыттар.

2.Патриоттық сезімнің ең жоғарғы көрнісі.

3.Патриотизмді қалыптастыру мен дамытуда ұлттық дәстүрлер маңызы.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Қозыбаев М. 1986. Желтоқсан дақпырт және шындық. Егемен Қазақстан. 5 желтоқсан 1996.

2. Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных