Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Семинар сабақ №8




Тақырыбы: «Қазақ халқының тарихи-революциялық, әскери және еңбек даңқы орындарына саяхат ұйымдастыру және оны жүзеге асыру»

1.Жоспары: 1. Қазақ халқының тарихи-революциялық, әскери және еңбек даңқы орындарына саяхат ұйымдастыру және оны жүзеге асыру

2.Сабақтың мақсаты: Окушы-жастарды бойында патриоттық сезімді сыныптан тыс уақыттардағы қалыптастыру мақсатында тарихи-революциялық, әскери және еңбек даңқы орындарына саяхат ұйымдастыру.

3. Қысқаша мәліметі: Мектеп оқушыларының саяхаттарының бағыты: "Ардагерлердің ескерткіштік орындары", "Ұлы төңкеріс жолы", "Ешкімде ұмытпайды, ешнәрсе де ұмытылмайды", "Достық жолымен", ескеткіш қалар бойынша болуы мүмкін. Қазіргі кезде Республикамызда көптеген мұражайлар, экспонаттар, аумақгық мұражайлар бар. Олар еліміздің соғыс ардагерлерімен, еңбек ардагерлерінің ісімен, жетістіктерін бүкіл қазақ халқына, әлемге паш етеді.

Азақ халқының тарихи-революциялық, әскери және еңбек даңқы орындарына саяхат ұйымдастыру және оны жүзеге асыру.

Оқушы-жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізгі формасының бірі қазақ халқының революциялық әскери еңбектің даңқты жерлеріне бүкіл қоғамдық саяхаттарға қатысу. Бүгінгі күні бүкіл қоғамдық саяхат негізінде өткізілетін әртүрлі мерекелер көп, оған 8-10 миллионда қатысады. Соның ішінде елеулі санды мектеп оқушылары алады. Олар өздерінің жетекшілерімен революция ардагерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерінің басшылығымен ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Мұндай ізденіс жұмыстарына аты белгісіз мыңдаған сарбаздардың бейіттеріне бару, мүгедектермен, соғыс ардагерлерімен, азаматтары соғыста қайтыс болған жанұяларға барып көмектесу жатады. Қазіргі кезде осындай саяхатшы ізденушілердің күшімен көптеген әскери бөлімдер мен қолөнерлер, даңқты бөлмелер мен мұражайлар, ескерткіштер және мемориалды белгілер кұрылған. Мұндай көпшілік саяхат істерінің мақсаты біздің қазақ халқымыздың тарихи дәстүрлерді оқып үйрену, сақтау және меңгеру. Сондай-ақ мұндай батырлық дәстүрлерді окуда еңбекте және әскери қызметте жалғастыру және дамыту. Қазіргі кезде барлық мектептерде еліміздің кәсіптік-техникалық мектептерінде үлкен ізденіс жұмыстары жүргізіледі. Оны ұйымдастыруға соғыс және еңбек ардагерлері, Қарулы Күштер ардагерлері, оқытушылар, запастағы сарбаздар қатысады. Жұмыс саяхат кеңесі кұрған, саяхатқа катысушылардың жиналысында бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Ізденіс жұмысының жоспары әртүрлі формада құрылады. Мысалы: саяхат өткізу, туған елдің тарихын оқып үйрену, мұражайлар құру, белгісіз батырлар атын табу. Іденіс жұмысынан жиналған материалдар жастарды революциялық әскери және батырлығына тәрбиелеу үшін қажет. Көптеген тәжірибелер бойынша, егер саяхатқа қатысушылар саяхаттың тақырыбына байланысты алдын ала әдебиеттерді оқып үйренген жағдайда, өзін рухани және дене жағынан саяхатқа дайындаған жағдайда, оның тәрбиелік мәні нәтижелі болады. Саяхатшы жетекшісі, әдетте мұғалімдер, тәрбиешілер, әскери жетекшілер бола алады. Дегенмен барлық жағдайда жетекшіні және оның орынбасарын мектеп директары, немесе кәсіби-техникалық училищенің директоры сайлайды. Педагогикалық кеңесте саяхат жетекшісінің жоспары, бағыты бекітіледі және саяхатқа қатысушылардың дайындығын тексереді. Саяхаттар жаяу, автокөліктік, темір жолдық, су транспорты, шаңғы, велосипед формасында болуы мүмкін. Саяхаттың қай түрі болмасын оның жетекшісімен мүшелері ұқыпты, зерек болуы керек. Қауіпсіздік техника ережерін сақтау қажет. Ең бірінші кезекте саяхат мүшелерінің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Тәртіптілік қауыпсіздіктің ең негізгі шарты. Саяхатшылардың барлық мүшелері жол жүру ережелерін біліп, оны мүқият орындауы қажет. Саяхатта тоқтау кезінде от жағуға, алауға дұрыс қарау қажет. Тек рұқсат етілген жерлерде от жағып, өшіруді ұмытпау қажет. Мысалы, жылдың суық мезгілдерінде суытықтың алдын алу, үсіп қалған жағдайда оған алғашқы көмек көрсету. Мысалы, ылғал сулы киім, қысатын яақ киім тез үсітеді. Саяхатқа қатысушылар оқ дәрілердің түрін жинауға болмайды. Ұлы Отан соғысында шайқастан қалып қойған оқ дәрілерді, ережеге сәйкес қолданбаған жағдайда, жарылыс, ауыр жарақат, адамдардың өлімін тудыруы мүмкін.

Саяхат кезінде, оның мүшелері, оның құжаттары, қол жазбалар, әскери газеттер, плакаттар, ардагерлердің жеке заттарын жинайды, ардагерлермен әңгіме жүргізуды, күнделіктер жазады, бейне және суретке түсіру жүргізіледі. Жиналған материалдар бойынша қабырға газеттері шығады, көрмелер, тақырыптық кештер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, материалдар мектеп музейлеріне қойылады.

Мектеп оқушыларының саяхаттарының бағыты: "Ардагерлердің ескерткіштік орындары", "Ұлы төңкеріс жолы", "Ешкімде ұмытпайды, ешнәрсе де ұмытылмайды", "Достық жолымен", ескеткіш қалар бойынша болуы мүмкін. Қазіргі кезде Республикамызда көптеген мұражайлар, экспонаттар, аумақгық мұражайлар бар. Олар еліміздің соғыс ардагерлерімен, еңбек ардагерлерінің ісімен, жетістіктерін бүкіл қазақ халқына, әлемге паш етеді. Қалалық және аудандық комиссариаттардағы соғыс ардагерлердің, соғыстағы еңбек ардагерлерінің, соғыста қаза тапқан жанұя мүшелерінің тізімдерін нақтылап алады. Соның негізінде көмекшілер тобын құрады. Оқушылардың творчестволық бірлестігі кино, фото студиялар, әдеби-драмалық үйірмелер құрады. Олар қолжазбалар жөнінде сурет көрмелер ұйымдастырады. Оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министіріндегі орталық архивтерге жібереді, жас суретшілер, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің портреттерімен голерея құрып отырып, үлкен творчестволық еңбектерін көрсете алады. Оқу орындарында, ДОСААФ ұйымдарында, техникалық үйірмелер үйінде, оқушылар сарайында және жас техниктер станциясында, соғыс кезінде және соғыс алдындағы жылдарда әскери техникамен, қару жарақты құруға қатынасқан өндірушілермен, конструкторлармен, инженерлермен кездесу ұйымдастырып әңгімелеседі. Сондай-ақ, спорттың әскери-техникалық түрлері бойынша конкурстар мен жарыстар ұйымдастырады. "Летопись" (көмекшілер) мүшелері "Ана құрметі" атты атты операция құра алады, оның мақсаты соғысқа және еңбекке қатысқан әйел аналардың батырлықтары туралы, Отан қорғау соғыстарындағы ұл, қыздары тәрбиелеген әйел-аналар туралы, ұл-қыздары Отан соғысында қайтыс болған аналары туралы ізденіс жұмыстарын жүргізу. "Летопись" материалдарының қазіргі күнде құндылығы жоғары. Бұл болашақ ұрпақты әскери-патриоттық сапарларға тәрбиелейді.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Сыныптан тыс уақыттағы оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі.

2. Саяхатшы жетекшілері

3. Саяхат кезінде, оның мүшелері, оның құжаттары

4. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың патриоттық сезімнің қалыптасуы.

5. Оқушы-жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізгі формасы.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1. Қазақ халқының тарихи-революциялық, әскери және еңбек даңқы орындарына саяхат ұйымдастыру және оны жүзеге асыру

7. Үй тапсырмасы:

1.Саяхат кезінде, оның мүшелері, оның құжаттары

2. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың патриоттық сезімнің қалыптасуы.

3. Оқушы-жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізгі формасы.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Организация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию. (под. ред. Ф.Е.Штыкало). Москва, «Просвещение» 2000г.

2. Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных