Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






І-ІҮсынып оқушыларының патриоттық тәрбиесі.




бастауыш сынып оқушыларында Отанды қорғауға дайындықгың қалыптасу процесі, олардың әзірге шектеулі өмір тәжрибесімен, алған білімнің көлемі мен сипатына, оку және тәрбие жұмысының жалпы міндетін ескере отырып құрылады. Оның бұл кезендегі тиімділігі бәрінен бұрын оқудың жалпы білім берудегі міндетін орындаумен тығыз байланысты. Мысалы, бұл жаста республика әскерінің сарбаздарына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімі республика әскерлері мен әскери теңіз флоты туралы білімінің жауынгерлердің ерлігімен Қарулы Күштерінің жауынгерлік болашағының негізіңде қалыптасады.

Бастауыш сыныптардың окушылары нақты материалдар арқылы "Отан", "Қазақстан Республикасы", "Ұлы Отан соғысы", "бейбітшілік ", "еңбек", "Қазақстан Армиясы", "Әскери-Теңіз-Флоты" деген түсініктерді түсіне бастайды. Бағдарламада қарастырылған Отан қорғау жөніндегі барлық мәліметтер мен тарихи фактілер барлық оку пәндерінің мазмұны арқылы өсетін Отан тақырыбына бірігеді.

Бастауыш сынып оқушыларының Қарулы Күштер құрамы мен түрлеріне, әскери теңіз флотының күштеріне, әскери техникаға, ату қаруының әр түрлеріне қызығушылығы оянады.

Тәрбиешілерге қазіргі заманғы соғыс қимылдарында жеңіске қол жеткізу үшін Отанды ұжымдық қорғаудың қасиеттігін түсінуге көмек, окушыларға көмектесетін әскер түрлері және теңіз флоты күштері арасындағы байланысты көрсету керек.

Бұған оқушылардың самолетті, вертолетті, корабльдерді және сүңгірқайықтарды, пушкалар мен жаяу әскерлердің шабуылдағы сәтін бейнелеген суреттер әсер етеді. Бұндай сабақтарды өткізгенде оқушыларды Қарулы Күштердің кейбір жеке түрлерінің соғыс жағдайындағы тағайындалуымен таныстырған орынды.

Әскери-патриоттық тәрбиесінің барлық формаларының тәрбиелік нәтижелігі, балалардағы Атамкенді қорғау туралы бөлімінің қаншалықты жүйелі түрде қалыптасуына және олардың Отанды қорғауға деген іс-әрекетіндегі өнегелік, жігерлік сезімдеріне байланысты. Бұл жағдайда мұғалімнің міндеті төменгі сынып оқушыларының жоғары әсерленгіштігіне және зеректігіне сүйене отырып, оларды Қазақстан Қарулы Күштерінің ерлік тарихымен таныстыра отырып, оларда Қазақстан әскерлерімен әскери-теңіз флоты жауынгерлеріне деген тандану сезімін дамытып, болашақта солардың қатарына тұруға деген ынтасын ояту керек.

Бастауыш сыныпты бітіргенде балалар Қарулы Күштер туралы кең көлемді мәліметтерді білетін болады. Дегенмен, оларда Қазақстан сарбаздарының өмірі мен жауынгерлік іс-әрекеті туралы нақты білімдері жетіспейді. Олар Қазақстан жауынгерлерін көбінесе жаяу әскер, танкист, шекарашылар мен теңдестіреді, ал халық шаруашылық және әскери объектілерді жасауға белсенді түрде қатысқан теміржолшылар, құрылысшылар әскери туралы тіптен хабары болмағандықтан осы әскер түрлерінің айтарлықтай санының мемлекеттік марапатқа ие болғанын олар білмейді.

Балалардың Қазақстан әскери мен әскери-теңіз флоты жауынгерлеріне деген жағымды қатынасын біле отырып, мұғалімдер сабақта және оқудан тыс уақытта оқушыларда мынадай жігерлік қасиетін Қазақстан жауынгерлеріне тән, тәртіптілік, батылдық, табандылық, қиындықты жеңуге тырысу, денеге түсетін ауыртпалық пен психологиялық салмақты көтеруге бейімділігі, бірақта оқушының көзқарасы бойынша әрқашанда қызықты емес, мұғалімнің тапсырған қажетті ісін орындауға дайындығын қалыптастырады.

Ұжымдық әскери-патриоттық іс-әрекетін ұйымдастырғанда оқушыларда ұжым және жолдастары алдындағы тапсырылған іске жауапкершілік сезімі тәрбиеленерде, өзара көмектің маңызын сезінуі өзіне және жолдастарына талап қоюы пайда болады.

Кіші мектеп жасында патриоттық сипаттағы ойындық іс-әрекеттердің маңызының жоғары екенін атап өту керек. Бала ойын ережесін қатаң сақтай отырып, ойын атрибутикасын қызыға меңгеріп, командир, старшина, барлаушы, байланысшы, сигналшының т.б. рөлін ойнағаңды жақсы көреді. Бұндай ойындардың ұйымдастырылғанының да, стихиялы түрде пайда болғанының да баға жетпес маңызы бар. Мұғалім тәртіпке тәрбиелеуді өміріне тек қана ойын кезінде ғана ойламайды, сонымен қатар болашақ жауынгердің өз міндетін орындаудағы маңызын ерекше атай отырып оқушылардың күнделікті өміріндегі тәрбиеге де көңіл бөледі.

Ойын әрекетінде қаһармандық жағдайларды қайта жасауды, елестету қалыптасады. Сонымен мұғалім оқушының шығармашылық ынтасын әскери іске қатысты дамыта алады. Келешекте бұл әлдеқайда күрделі жағдайларда әскери іс-әрекеттердің мақсатын шешуге мүмкіндік береді.

Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесінде отбасының атқаратын рөлі өте жоғары. Кіші жастағы оқушыларды Ұлы Отан соғысына қатысқан, әскер мен теңіз-флотының ардагерлері болған туысқандарының өмір жолымен таныстыру керек, оларда мемлекеттік марапаттарға деген дұрыс көзқарас қалыптастыру қажет. Мектептің педагогикалық ұжымына ата-аналардың, балалардың әскери дайындық әрекеттерін ұйымдастыруға, сонымен қатар балалармен бірге жаяу алыс қашықтықтарға шыққанда, науқан кезінде, немесе балық аулауға қонатын болып шыққанда белсене қатысуын ынталандыру керек. Осы кезде балаларды тұрған жерінде бағдар табуға, кедергілерден өтуге үйрету қажет. Мұғалімдер, ата-аналарда пайда болған кез-келген сұрақтар бойынша кеңес бере алады.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Кіші, орта, ересек жастағы оқушылардың

әскери-патриоттық тәрбиесі.

2.І-ІҮ сынып оқушыларына патриоттық сезімнің қалыптасуы.

3.Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесіне отбасының тигізетін рөлі

4.Кіші мектеп жасында патриоттық сипаттағы ойындық іс-әрекеттердің маңызы

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1. Кіші, орта және ересек жастағы оқушыларды

әскери-патриоттық тәрбиелеу.

2. І-ІҮ сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесі.

7. Үй тапсырмасы:

1.Оқушының әскери-патриоттық тәрбиесіне отбасының тигізетін рөлі

2.Кіші мектеп жасында патриоттық сипаттағы ойындық іс-әрекеттердің маңызы

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1 Г.В.Средина Москва, «Просвещение» 2001г. Основы военно-патриотического воспитания.

2. Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных