Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ылмыстық сипаттағы өмірге қауіпті жағдайда адамдардың өзін-өзі қорғауы




1. Қылмыскерден сақтану, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді қорғау әдістері.

2. Қаскүнемнің белгілерін сипаттау.

Қала жылдан-жылға толастамай жатқан қылмыс сиякты дәстүрлі сипатымен ерекшеленеді: ұрлық-қарлық жасалады, кici тоналады, ұрып-соғу, кici өлтіру, зорлау кездеседі. Қылмыскер бетпе-бет кездескендегі дұрыс, сауатты ic-әрекет — теориялык, және практикалық әзірлікті талап ететін күрделі мәселе.

Пәтерді тонау — казір кең тараған қылмыс түpi. Көршілердің өзара көмегі — пәтер тонауды ескертетін ережелердің бipi. Демалысқа кеткенде көршңізден пошта жәшігінен хат-хабарды алуды өтініңіз. Егер ciз есік алдында отыратын ежелерді дұрыс ұқтыра білсеңіз, үйдің қауіпсіздік мүмкіндігі артады. Өйткені көптеген пәтер тонау күндізгі 09-00 мен 14-ОО-сағаттың арасында болады. Көршіңізге өз жұмыс телефоныңызды қалдырып, қажет жағдайда қоңырау шалуын өтініңіз, өз көмегіңізді ұсыныңыз.

Көршілер бірін-бірі жақсы білетін үйлерде бөтен адам бірден көзге түседі. Сондықтан да пәтер ұрылары жаңңа қоныстанған үйді «олжалауға» құмар, өйткені жаңа тұрғындар бір-бірімен танысып үлгірген жоқ және заттарды әкету күдік туғызбайды.

Егер сізге ерекше бірдеңе болып жатқандай көрінсе және көмектесуге мүмкіндігіңіз болмаса қаскөйлердің қандай машинада болғандығын (маркасы, түсі, нөмірі, соғылған жерін және т.б.), оның қайда тұрғандығын, ұрылардың қанша екендігін, олардың мөлшерлі жасын, түр-түсін, дене бітімін, киімін, жүріс-тұрысын, ерекше белгілерін есте сақтауға тырысыңыз.

Оның үстіне: жарықты үнемдемеңіз — подъезд әрдайым жарық болуы тиіс.

Енді өз пәтеріңізді қорғаудың тікелей шаралары туралы. Ең алдымен пәтерге ұрының көзімен қарауға, аңғаруға тырысыңыз.

Тексеріңіз:

- есігіңіз көрші есіктердің арасында әсемдігімен ерекшеленетіндігін;

- оның тым оңай ашылатындығын (жалпы құлып, қарапайым есік);

- кілтті «сенімді жерде» қалдырып жүрген жоқсыз ба? Төсеніштің асты, пошта жәшігі, электр қалқаны және т.б.);

- егер сіз бірінші немесе соңғы қабатта тұрсаңыз, сондай-ақ терезенің жанынан өрт баспалдағы өтсе немесе «ыңғайлы» ағаш өсіп тұрса, терезеге темір тор орнатқан жөн;

- кілтіңіздің қыстырғышында өзіңіздің тегіңіз, телефоныңыз жоқ па?

- кездейсоқ қонақтар үшін көрнекі жерде пәтеріңіздің артық кілттері ілулі тұрған жоқ па?

Әрине, кәсіби тонағышты қорғаудың қарапайым ережелері тоқтатпайды. Алайда статистика көптеген басқа қылмыскерлер сияқты пәтер тонаудың жартысына жуығын үйсіздер, жасөспірімдер, нашақорлар және бөтен нәпақаны жақсы көрушілер жасайтындығын көрсетеді.

Алайда өзіңіздің салғырттығыңыз талай рет осындай жағдайларға мұрындық болды.

Пәтер тонаудың бірнеше үлгілі нұсқаларын қарастырайық.

1. Есікті өзіңіз ашасыз — өйткені «кім?» деп сұрауға ұяласыз немесе алатын ештеңе жоқ деп есептейсіз немесе сырттағы адамға сендіңіз. Ал пәтерге кіргізу туралы өтініш шынайы көрінуі мүмкін: баланы орау, дәрі-дәрмек ішу, «жедел көмекпен» байланысу (есік көзінен дәрігер халатын киген қызды көре аласыз), жеделхат тапсыру, электр есептегішті тексеру. Сізге сантехник, тарақандарды жоюшы, полиция қызметкері (есік көзінен сіз полиция формасын көресіз), қызметтесіңіздің танысы (сізге бірдеңе айтуды өтінді), алыс ағайын болып танысуы мүмкін.

Таяққа жығылудан қашу үшін (тонаушылықтың басым көпшілігінде топ болып жасайды), өзіңізбен үйдегілер де бірнешепайдалы дағдыларды қалыптастыру қажет: өзіңізге жете таныс емес адамға еш уақытта есік ашпау керек. Сіздің аддыңызда шын мәнінде полиция қызметкерінің тұрғандығына көз жеткізу үшін өзіңіздің полиция бөлімшесіне хабарласыңыз. Сіз өз пәтеріңізге бөгде адамдарды кіргізбеуге құқыңыз бар. Қаладағы төтенше жағдайда немесе тінтуге ордер болғанда — жол беріледі, алайда сіз өзіңізге таныс көршілердің қатысуын талап етуге құқылысыз. Өзіңіз шақырмаған слесардың келуін ПИК-ке звондап біле аласыз. Егер есіктен телефон бойынша хабарласудың аса қажеттігін түсіндірсе, нөмірді сұрап, нені айту керектігін өзіңіз-ақ орындайтындығыңызды айтыңыз. Егер есіктің ар жағында тұрған адамға расында да көмек қажет сияқты көрінсе, телефон арқылы көршілермен байланысып, алаңға олармен бірге шығыңыз:

егер есік көзінен жарықтың өшуінен ештеңе кәрінбесе еш уақытта есік ашпаңыз. Көршімен хабарласып, жағдайды анықтаңыз: бірнеше пәтердегі есік көзін әдейі желімдеп, үйдегі тоқты өшіріп тастауы мүмкін. Қасқөй бұрышқа тығылып, ойнап жүрген бала сияқты қоңырауды бірнеше рет басуы мүмкін.

есіктің көзіне қарамай, егер тіпті мектептен келетін балалар немесе қонақты күтсеңіз де оны еш уақытта ашпаңыз.

2. Сіз пәтеріңізге шала таныс адамды жібердіңіз — кей жағдайда бұл қажет. Алайда, қызметші ол жұмыс істейтін бөлмеден ары кетпеуге: тиіс (слесарь, сантехник - жуынатын бөлмеде немесе дәретханада,; пошташы кіре берісте және т.б.). Пәтер тонауларының 70% жуығын (ұрлық емес) зардап шегушімен бір ауданда тұратындар жасайды.

3. Біреу есігіңізді ашуға тырысады. Егер бұл оны ақырын жасаса, айғайлауға асықпаңыз — өзіңіздің ақпараттық басымдылығыңызды жоғалтпаңыз. Жедел полиция бөлімшесіне немесе «02»-ге қоңырау шалыңыз, бұдан кейін көршілермен хабарласып, олардан есігіңіздің сыртына кімнің не істеп жатқандығын қарауды, оның белгілерін есте сақтауды өтініңіз.

Егер тонаушылар пәтерді ашуға ашық кіріссе, жедел дабыл көтеріңіз: батарея, ауыр затпен ұрыңыз, айғайлаңыз, терезені сындырыңыз. Көршідегі адамдардың полиция шақыруын және сізге көмектесуін өтініңіз. Полицияны өзіңіз шақыруға тырысыңыз. Шабуылды тойтаруға бел шешіп дайындалыңыз.

Егер пәтерге кіру әрекеті тоқтаса, шығуға асықпаңыз— сізді тосуы мүмкін. Көршілермен, полициямен байланысыңыз, терезелерден бейтаныстардың сіздің пәтерден шыққан, шықпағандығын байқаңыз.

Олардың белгісін, сондай-ақ машинаның маркасын, нөмірі мен түсін, оның бағытын есте сақтап (жазып алған дұрыс) полицияға беру керек.

4. Тонаушылар сіздің пәтерге кенеттен кіріп келді. Мұндай жағдайда шешімді өз күшіңізді және жағдайды бағалай отырып қабылдаған жөн. Іс жүзінде барлық әдістеме өзіңізді бей-жай ұстауды, ақжарқын ұстауды және олармен келісуді ұсынады.

Қарақшылардың қаруланғандығын, «әскери операцияның» шабыттанғандығын, есірткі әсерінде болу мүмкіндігін, тіпті жайбарақат ескертпенің өзіне жауап ретінде қару қолдану ықтималдығын ескеру керек. Алайда, зорлық пен азаптаудың және қарапайым қорлаудың құрбандық тарапынан ешбір себепсіз басталуын да естен шығармау керек. Тонаушылар тұрғындарды жуынатын бөлмеге қамауы мүмкін. Алайда, жан ұшыра қарсыласуды немесе үнсіздік сақтауды сол жерде шешкен жөн. Нақты жағдайды білмей тұрып кеңес беру қиын.

5. Пәтеріңізге келсеңіз-оның есігі ашық тұр. Пәтерге кіруге болмайды. Көршілеріңізге айтыңыз, полицияны шақырыңыз. Полиция келгенше пәтеріңізді бақылыңыз. Егер пәтерде біреу бар сияқты көрінсе, есікті кілтпен жабыңыз. Егер тоналған пәтерде ешкім жоқ болса, заттарға тиісіп, реттемеңіз: полиция қылмыс көрінісін керу қажет.

6. Сіздің пәтеріңізге кіру үшін өзіңізге кіре берісте тиісті. Мұнда қолданар нұсқа көп. Егер ашықтан-ашық тиіссе, айғайлап қарсыласыңыз. Егер сіз осындай қауіптің боларын сезсеңіз, үйге кірерде аса сақ болыңыз. Кілтті қолыңызда ұстаңыз. Егер онда күдікті адамдар тұрса өз қабатыңыздан кетіңіз, өзіңіз біреуге келген сияқты сыңай білдіріп, көрші есігінің қоңырауын басыңыз.

7.Қаскөйлердің кілті бар баланы аңдуы мүмкін екендігін білуіңіз керек; өзіңіз қоқыс шелегін алып шыққан немесе есікті ашық қалдырып газетке кеткен сәтті күтуі мүмкін. Сіздің артыңыздан сөмке ұстап келе жатқанда соңыңыздан асықпай кіруі мүмкін, үлкен қорапты (мысалы тоңазытқыштікі) әкеліп, көршілер келгенше бұны сізде қалдыруды өтінуі мүмкін. Ал қораптың ішінде «мейман» отыруы мүмкін.

8. Сіздің пәтеріңізге «мастықпен танысуды» пайдалана отырып кіруі мүмкін. Тіпті үлкен ресторанда тонаушылардың бірі әйелмен билеп, екіншісі оның сөмкесінен кілтті алып, пәтерді «реттеуге» кетуі мүмкін. Тағы бір әдіс (әсіресе әйелдердің қатысуымен) кейіннен хаттамада «спирт ішімдіктерін бірлесіп ішу» деп аталады, — белгілі бір ұйықтатқыш затты пайдалану. Қожайын ұйқыға кетеді, «меймандар» заттарды әкетеді. Әртүрлі қылмыстың жағдайларда балалардың өзін-өзі ұстау тәртібі баланы жастайынан үйден тыс жерде бейтаныс адамдармен сөйлесуге үйретпеген жөн. Барлық балалар үшін төрт «жоқ» заңыміндетті болуға тиіс:

- бейтаныс адаммен сейлеспе;

- бейтаныс адамның машинасына отырма;

- мектептен үйге келе жатып жолда ойнама;

- қараңғы түскенше жолда қалма.

Қаскөй пайдаланатын желеуді болжау мүмкін емес, өйткені «келіспе» түріндегі нақты формула, егер сені мультфильм көруге шақырса, немесе конфет ұсынса, еріп кетпе. Бала егер ол жалғыз болса, бейтаныс адамның кез-келген шақыруына, ұсынысына «кешіріңіз, болмайды» деп айтуды және кетіп қалуды біржола меңгеруге тиіс.

Бейтаныстың бала танымайтын кез-келген адам екендігін түсіндіру маңызды. Бейтаныс оның атын атап, мамасының өтініші бойынша келгендігін айтуы мүмкін. Егер адам балаға таныс болмаса, онымен байланысуға болмайды. Егер ол қатты қадалып баланы күшпен әкетуге әрекеттенсе: «Мен оны білмеймін!» деп айқайлау керек. Ата-аналар балаларына еш уақытта, ешбір жағдайда мектептен әкелуге немесе аулаға бейтаныс адамды жібермейтіндігін сіңірулері қажет. Егер мұндай адам келіп, өзін кім деп атаса да адам жүретін жерге қашып, ата-анасына немесе полициямен хабарласу керек.

Көп жағдайда тапқырлықтың болмауы, ұяңдық қана емес, жақсы тәрбие де қауіпті сәтте табанды іс-әрекетте кедергі келтіреді. Балаға тәрбиелі адамның өзін қорғауға тиіс екендігі туралы айтып отыру қажет. Егер бала тым жас болса, бөтен адам тиісетін жағдайда ол қатты айқаласа, тістесе, дөрекі сөз айтса ренжімейтіндігіңізді айтыңыз. Балаға «қажетті қорғаныс құқығы» ересек түсінігін ұғындырыңыз.

Бала үшін көшедегі бейтаныстар тобына оның замандастары, тіпті өзінен кіші балалар кіруі мүмкін. Олар ересек қаскөйлерге балаларды алдап апарумен қатар алысып-жұлысып, ұқыптылықтың қажет екендігін, одан тартып алуға тырысатын кез-келген заттың немесе бұйымның оның денсаулығы мен қауіпсіздігінің жанында ештеңеге тұрмайтындығын сіңірген жен.

Пәтерде жалғыз қалған бала есікті әрдайым тек қулықпен ғана емес, сондай-ақ ілгешекпен немесе шынжырмен жабу керектігін білуге тиіс. Ол бейтаныспен есік арқылы сөйлесуге болмайтындығын дағдыға айналдыруға тиіс. Есікті ашу, су беру, көршіге немесе шешесіне көмектесу туралы өтініштерге, келгендегі мақсаты, электрді, газды, кранды тексеру екендігіне сөндіруіне жауап: «мен қазір көршіге хабарласамын, ол шығып сізге көмектеседі» немесе «Мен полицияға хабарласайын, олар келіп барлығын шешеді» болуға тиіс. Бала қаскөй қандай себептермен шақырса да, мысалы телефон бойынша, пәтерден шығуға болмайтындығын ұғынуға тиіс.

Пәтерде телефон аппараттарының жанында немесе белгілі бір жерде ата-аналарының, көршілерінің немесе басқа туысқандарының (әсіресе жақын маңда істейтіндерінікі) қызмет телефондарының нөмірі жазылуға тиіс. Сондай-ақ жақын жердегі полиция бөлімшесі мен қаланың төтенше қызметтерінің — 01, 02, 03 телефондарын да есте ұстаған жөн. Тәжірибе тіпті ересектердің өзі бұл нөмірлерді бірден есіне түсіре алмайтындығын көрсетеді.

Жоғарғы қылмыстық қауіп аймағы. Қылмыстық жағдайда озін-өзі ұстау тәртібі. Қылмыскерлер қылмысты оңай жасап, оңай жасырынатын жер адамдар шоғырланған орын, ол жоғарғы қауіп аймағы деп аталады. Бұл вокзал, парк, кинотеатр, театр, әртүрлі серуен орындары және т.б. болуы мүмкін. Адамдар арасында көрінбей кез-келген көлік түріне отырып кетеді. Адамдар көп жүретін вокзалдарға ұрылар мен алаяқтар, «тіленшілер» әуес, өйткені адамдардың арасында «қармаққа» оңай түсетін қарапайым адамдар әрдайым табылады.

Вокзалда болганда кейбір ережелерді сақтаган жөн:

- өз заттарын қараусыз тастамауға;

- өз затын таныс емес адамдардың қарауына тастамауға;

- жүкті ең жақсысы сақтау қоймасына тапсыру керек: егер ол автоматты болса, шифрды тергенде, оларды жазғанда мұқият және сақ болу керек;

- аса қажетсіз ірі ақшаны ұсақ ақшаға айырбастамау;

- бейтаныстардың сеніміне бой алдырмау;

- алдау құрбаны болмас үшін әртүрлі ойындарды, лотереяларды ойнамау және тираждар мен ұтыстарға қатыспау керек.

Парктер - жастардың, жасөспірімдердің әртүрлі топтардың жиналатын, спирт ішімдіктерін ішетін орны, мас адам өзіне бақылау жасаудан қалып, тонаушылар мен қылмыскерлерді қызықтырады. Парктегі қылмыскер оңай жасырынады, сондықтан да жалғыз ұзақ кетпей, адамдардың төңірегінде болған жөн.

Қалалық базар да жоғарғы қылмыс аймағы болып табылады. Бұл да ұрылардың, тонаушылардың, алаяқтардың жиі жүретін орны. Базарда қылмыскерлер көпшіліктің арасынан оңай жасырынады.

Сақтық туралы кейбір кеңестер:

- ақшаны сөмкеге салуға болмайды, өйткені көпшіліктің арасында оны алып қашып жасырыну немесе кесіп ақшаны алу оңай;

- ақшаны ең жақсысы ішкі қалтада ұстаған жөн;

- түнгі уақытта тұйық көшені, жер асты өткелін айналып өткен жақсы, жол ұзарғанмен қауіпсіздеу;

- ешкім жоқ жерлерден мүмкіндігінше жылдам өту;

- ешкіммен де кездесіп сөйлеспеу және одан кетуге асығу;

- егер тұйық жерде біреу кездессе оны айналып өткен жақсы;

- өзіңді сенімді ұстау, кездейсоқтықтарға іштей және күшпен тойтаруға дайын болу;

- егер тиісу қауіпі болса, ең жақсысы қашып құтылу, егер бұл мүмкін болмаса, қолда бар заттарды, сондай-ақ өзіңді қорғау үшін күш қолдану;

- тонаушының, зорлықшының құрбаны болған жағдайда оның түсін, киімін және басқа белгілерін есте сақтауға тырысып, жедел полицияға хабарлау керек.

Тірі қалу, алған игілікті сақтау үшін өзін-өзі қорғау ережелерін білу, жарық және кісі көп көшелермен жүру керек, тиіскен кезде қатты айқайлау немесе уақыт созу қажет, лифтідегі бөтен адаммен жүрмей, туысқандар мен таныстарға қайда және қанша уақытқа кеткендігіңізді айтпау керек.

Өзін-өзі қорғау және оның шегі

Әр адамның өзін-өзі қорғау құқығы бар. Өзін-өзі қорғау әдістерінің бірі - қажетті қорғаныс жағдайында өмір мен денсаулықты қорғау болып табылады. Қажетті қорғаныс ретінде мемлекеттің, қоғамның, жеке адамның мүдделерін қорғау кезінде қол сұғушыға залал келтіру жолымен, егер бұл белгілі шектен аспаса жасалынған іс-әрекет түсініледі. Қылмыстық заңда азаматтың қылмыскерден қажетінше қорғауына жол беріледі, өйткені ол қоғамдық пайдалы іс-әрекет болып табылады. Қажетті қорғалыс институты қылмыс жасауға әрекеттенген адамдарды ұстауға, бұл ниетін тоқтатуға көмектеседі. Қажетті қорғаныс үшін жасалған іс-әрекетке нақты заңға қарсы қол сұғушылыққа қарсы жасалынатын және оның сипаты мен қауіптілігіне орай жасалынған іс-әрекеттер жатады.

Әрбір азамат екі ережені білуге тиіс:

- шабуылдың алдында қорғануға немесе шабуылдан кейінгі белгілі уақыттан соң оған жол берілмейтіндігін;

- шабуыл мен қорғаныс аяқталған уақыт арасында айтарлықтай алшақтық болса, (залал келтірсе) жасалынған іс-әрекет қажетті қорғаныс шегінен шығу ретінде емес, қайта кек немесе өзіндік сот ретінде қаралуға тиістілігі.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Қылмыскерден сақтану

2. Өзін-өзі қорғау әдістері

3. Сақтық туралы кейбір кеңестер.

4. Жоғарғы қылмыстық қауіп аймағы

5. Казір кең тараған қылмыс түpi

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1 Қылмыстық сипаттағы өмірге қауіпті жағдайда адамдардың өзін-өзі қорғауы

7. Үй тапсырмасы:

1. Жоғарғы қылмыстық қауіп аймағы

2. Казір кең тараған қылмыс түpi

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Сарсенбаев Н.С. Обычаи, традиции и общественная жизнь. А., 2002.

2. Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных