Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ші дәріс. Криминология түсінігі, тәсілдері және жүйесі.




Дәріс жоспары:

1. Криминологияның пәні.

2. Криминологияның түсінігі. Криминологияның міндеттері.

3. Криминологияның жүйесі.

Негізгі ұғымдар: Қылмыснама, виктимология.

1. Криминологияның пәні. Криминология —қылмыстылықты зерттейтін ілім. Жалпы, криминолгия сөзі екі бөліктен тұрады, яғни латынша «сrimen-қылмыс» және грекше «logos-ілім». Демек, қылмыс туралы ілім болып шығады, бірақ та оның атауы аталған ғылымның немен айналысатындығын әлі де толық ашпайды. Себебі, қазіргі күні қылмыс мәселесімен айналысатын ғылымдар саны бірқатар. Оның ішінде қылмыстық құқықтың да, қылмысты іс жүргізу құқығының де, қылмыстық атқару құқығының да ғылымдары, сол сияқты құқықтық психология, социология (құқық социологиясы, қылмыс социологиясы және қылмыстық құқық социологиясы), философия (құқық философиясы мен қылмыс философиясы), статистика ғылымдары, тағы да басқа бірқыдыру ғылым салалары бар. Осы салалардың барлығы да қылмыс мәселелерімен айналысқанмен әрқайсысы әр қырынан келеді. Соның ішінде криминология да өз жолымен келуге тырысады. Демек, криминологияның ең алғашқы айналысатын мәселесі - қылмыс сияқты боп көрінеді, бірақ бұл әлі де нақты емес. Криминологияның ең басты мәселесі - қылмыстылық. Жұрт қылмыстылық пен қылмысты бір-ақ нәрсе деп ойлауы әбден ықтимал. Тіпті, қылмыстылықтың жасалған қылмыстардың жиынтығы деп те түсінеді. Иә сыртынан қарағанда солай: қылмыстылиқ - қылмыстардың жиынтығы, бірақ ішкі жағы мүлде олай емес. Себебі, қылмыс адам әрекетінің бір түрі ғана, ал қылмыстылық - құбылыс. Қылмыстылық қылмыстардың жиынтығынан тұрғанмен де одан мүлде бөлек сапаға ие болған. Бұл жерде диалектиканың санынан сапаға өту заңын еске түсірген жөн. Екі қылмыс қылмыстылық емес, он қылмыс та, тіпті, жүз қылмыс та қылмыстылық сапасына ие емес, ол үшін міндетгі түрде масса керек, яғни жаппай болуға тиісті.

Оның екінші айналысатын мәселесі - қылмыстылықтың себептері. Криминология пәнінің үшінші құрамдас бөлігі - жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары.

Қылмыстылықтың пайда болатын бастауларын ашу кезінде себептер мен өзге де жағдайларды бағалайтың қылмыс жасаушы адамның да жеке қасиеттерін айқындап, зерттеудің де маңызы зор. Сонымен, криминологияның пәнін құрайтын келесі, төртінші компонент - қылмыскердің тұлғасы.

Криминология жәбірленушінің де мінез-құлқы мен тұлғасын зерттеуді өз мойныиа алады және ол криминологиядан басқа ешқандай ғылымның зерттеу пәніне кірмейді (қылмыстық іс жүргізу оларды тек қорғауды жүзеге асырады).

Криминология ғылымының пәнін құрайтын келесі, алтыншы компонент – қылмыстылықтың алдын алу.

Қылмыстылықтың алдын алу үшін де белгілі бір әрекеттер жасауы керек. Соның бірі – қылмыстылықты болжау.

Сонымен, криминология ғылымының пәнін құрайтын компоненттер:

1) қылмыстылық;

2) қылмыстылықтың себептері;

3) жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары;

4) қылмыскердің тұлғасы;

5) жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасы;

6) қылмыстылықтың алдын алу;

7) криминологиялық болжау.

2. Криминологияның түсінігі. Криминология дегеніміз - қылмыстылықты, оның себептерін, жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын, қылмыскердің тұлғасын, сондай-ақ қылмыстылықтың алдын алу мен болжауды зерттейтін салааралық ғылым.

Криминология ғылымын басқа қырынан да келіп анықтаушылар бар. Бірақ ол негізгі түсінікті толықтырушы ғана анықтама. Криминология қылмыстылықты ғана емес, онымен байланысты өздері қылмыстылықты құрамаса да онымен тікелей байланысты жағымсыз құбылыстарды зерттейді. Олар, айталық, жезөкшелік, өзін өзі өлтіру, маскүнемдік, наркомания т.б. Осылардың бәрі де (қылмыстылықты қоса алғанда) әлеуметтік ауытқулар. Әлеуметтік ауытқуларды зерттейтін ілімнің аты - әлеуметтік патология. Бірақ соңғы ілімнің айналысатын мәселесінің барлығы криминология үшін қажет емес, тек оның ішіндегі ең бір асқынған, қоғамға қауіпті түрлеріне ғана криминология ғылымы қызуғышылық танытады. Осыны ескере отырып, криминология дегеніміз - әлеуметтік патология деп аталатын жан жақты, конгломерат ілімнің өзегі болып табылады деушілер бар.

3. Криминологияның жүйесі. Криминология құқық саласы емес. Бірақ құқық салаларына тән қасиет мұнда да бар, ол — жалпы және ерекше бөлімдерден тұру. Криминологияның жалпы бөлімі (немесе жалпы криминология) жоғарыда аталған өз пәнін (қылмыстылық, оның себептері тағы басқалары) жалпылама қарастырады, яғни онда ешқандай да қылмыстылық түрі туралы әңгіме қозғалмайды. Ал ерекше бөлімде болса (немесе ерекше криминология) нақты қылмыстылықтың түрлері алынып, жалпы бөлімде алынған білімдер нақты қолданылады.

Криминологияның міндеттері. Криминология ғылымының мынандай үш түрлі міндетін атауға болады:

1. Аналитикалық, яғни зерттеу міндеті. Қылмыстылықты, оның себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын (виктимологиялық аспектілерді) зерделеп, талдау.

2. Болжау міндеті — криминогендік құбылыстардың болашақтағы өзгерістері туралы негізді ұсыныстар жасау.

3. Әр түрлі жолмен тәжірибелендіру. Бұл қылмыстылықтың алдын алуға келеді, сол сияқты виктимологиялық профилактиканы да қолдануды көздейді.

Жалпы алғанда, айта кету керек, криминологияның қандай ғылымның ағымы екендігінде де әлем доктринасында бірізділік жоқ. Мысалға, оны англосаксондық жүйе — социологияның саласы десе, континентальдық доктрина - қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының арасындағы сала деп есептейді Соның ішінде, Италия — биологияға басымдық берсе (оның тарихи қалыптасқан себептері де бар), Франция – клиникалық жағына басымдық (психологиялық және психиатриялық аномалиямен байланыстырады) береді, ал Германия - биологиялық және социологиялықтың бәсекесі деп есептеп, соңғысына көбірек бүйрегі бұрады. Біздің қазақстандық доктрина криминологияның салааралық ғылым екендігін мойындай отырып, құқық салаларына жақын болуын қалайды. 2002 жылы Санкт—Петербург қаласында ТМД елдерінің криминологтарының конференциясы өтті (Қазақстаннан өкіл - проф. Е.Қайыржанов). Онда криминология ғылымындағы өзекті мәселелер мен әр түрлі жаңашыл көзқарастар талқыға ұсынылған. Соның бірі - криминологияны қылмыстық-құқықтық циклдағы салалардың методологиясы, үйлестірушісі ретінде қарастыру.

 

Ші дәріс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных