Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ші тақырып. Қылмыскердің жеке басы.




Дәріс жоспары:

1. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы.

2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы.

Негізгі ұғымдар: қылмыскер типологиясы.

1. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы.Қылмыскердің тұлғасы дегеніміз - қылмыс жасаған тұлғаны сипаттайтын және оның қылмыстық мінез-құлқына ықпал ететін әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-психологиялық, адамгершілік, құқықтық қасиеттердің, белгілердің, байланыстардың, қатынастардың жиынтығы. Ол адамның әлеуметтік беті. Қылмыстың жалпы субъектісі үшін бар болғаны адам болуы, жасы толуы және есі дұрыс болуы деген сияқты үш белгі жеткілікті, ал қылмыскер тұлғасын сипаттау үшін оның бала күнінен бастап бойына сіңірген барлық қасиеттерін адақтап шығу керек. Тіпті, қылмыс субъектісінің тұлғасы десек де қателеспейміз. Біреуді бойы ұзын деп жақсы көрсеңіз — ол биологиялық қасиеті, енді береуді ақылды деп сыйласыңыз — ол психологиялық-интеллектуалдық қасиеті.

Қылмыскердің тұлғасы оның анықтамасымен тығыз байланысты. Құрылымға байланысты мәселе тек тұлғаны сипаттаушы қасиеттерді топтастыруда ғана. Осыған қатысты да әр автор өзінше кесте жасайды. Мысалға, Н.Ф.Кузнерцова қылмысертің тұлғасының құрылымын былайша түзеді:

 

Қалай? Кім? Неліктен?
Әлеуметтік рөлдік қасиеттері   Әлеуметтік-демографиялық қасиеттері   Әлеуметтік-психологиялық қасиеттері  
Қылмыскер Құқық бұзушы Еңбеккер Отағасы Белгілі бір топтардың мүшесі Жынысы Әлеуметтік тапқа жатуы Материалдық жағдайы Азаматтығы Жан саулығы Құқықтық психология Еңбек психологиясы Тұрмыстық психология Адамдармен қарымқатынас психологиясы Өзін өзі бағалау

 

Яғни, әлеуметтік рөлдік қасиеттері «Қалай қлмыс жасады?» - дегенге берсе, әлеуметтік-демографиялық қасиеттері «Кім қылмыс жасады?» - дегенге, ал әлеуметтік-психологиялық қасиеттері «Неліктен қылмыс жасады?» - деген сұраққа жауап береді.

Қылмыскер тұлғасының құрылымына байланысты өзгеден оқшаулау ойды Б.В.Волженкин білдіреді:

1) қоғам мүшесі ретінде жалпы белгілері;

2) барлық қылмыскерлерге тән, бірақ қарапайым азаматтардан өзгеше белгілері;

3) сол қылмыскерді ғана сипаттайтын жеке-дара белгілері.

Ю.М.Антонян қылмыскер тұлғасын құрайтын қасиет-белгілердің жалпы схемасын былайшы көрсетеді:

Мінездік қасиеттер және өзге де психологиялық ерекшеліктер Адамгершілік ерекшеліктері мен бағдарлары, адамгершілік ұстанымдары
Кәсібилігі, іскерлігі, білімі Өзі туралы ойы, өзіне көзқарасы
Қоршаған орта туралы ойы, оған деген көзқарасы Жынысының, жасының, денсаулық жағдайының әлеуметтік аспектілері
Биологиялық фундамент (іргесі)

 

2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы. Қылмыскер тұлғасын, жалпы қылмыскерлерді әр түрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады.

а) жүргізілетін статистикалық есеп бойынша олар:

1) әлеметтік — демографиялық белгілеріне байланысты: жынысына қарай; жасына қарай; біліміне қарай бөледі.

2) әлеуметтік жағдайы мен айналысатын ісіне қарай: жұмысшылар, қызметкерлер, оқушылар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер т.б.

3) тұрғылықты жері мен тұратын уақытана қарай: ауыл, қала тұрғыны, босқын, мигрант, переселен т.б.

4) қылмыстық әрекетінің қарқындылығы мен сипатына қарай: қайталанған, рецидив (арнайы, аса қауіпті); топта, ұйымдасқан топта қылмыс жасаушы.

5) қылмыс жасау кезінде қылмыскердің болған жай-күйіне қарай: мас күйінде, есірткі қабылдап қылмыс жасаушылар деп бөлуге болады.

2) зорлықшыл қылмыскерлер;

3) пайдакүнем қылмыскерлер;

4) нәпсіқұмар қылмыскерлер;

5) қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыскерлер;

6) абайсызда қылмыс жасаушылар.

б) Жасаған қылмысынық түріне қарай: 1) ұрылар; 2) қарақшылар; 3) кісі өлтіргіштер; 4) алаяқтар т.б. деп топтауға болады. Ал олардың өзі де ары қарай бөлшектене алады. Мысалға, ұрылардың өзін де жеке қасиеттері мен «мамандығына» қарай былай деп бөледі:

1. «Медвежатниктер» — сейфті не өзге құлыпты ашып ақша ұрлайтындар;

2. «Қалташылар» — қалтаға, сөмкеге т.б. түсіп мүлік ұрлайтындар;

3. «Үйшілер» — пәтерлерге, үйлерге заңсыз кіре отырып ұрлайтындар;

4. «Дүкеншілер» - дүкендерге түсетіндер;

5. «Айдаушылар» немесе «Қуып кетушілер» — автокөлікті талан-тараждау мақсатында айдап кетумен айналысатындар;

6. «Клюквеншілер» — антиквариат болып табылатын құнды заттарды ұрлаушылар және тағы да басқалар.

7. Осыларға біздің «Барымташыларды» да (мал айдап кетушілер) қосуға болады.

Қылмыскердің тұлғасын анықтауда, топтауда ескертуге тұрарлық жәйт, ол — оның ұрлыққа әуестігінен туындаған психологиялық тәуелділігі. Ондай тәуелділікті - клептомания деп атайды, яғни ұрламаса, тұра алмайтын жағдай. Оған ұрлаған заты қажет емес, тек ұрлау процесі ләззәт береді.

«Қалташылар» қылмыс жасау тәсіліне қарай былайша топтастырылады:

а) «технарлар» — арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, киімді, сөмкелерді, портфельдерді кесу арқылы ұрлық жасайтындар;

ә) «ширмачтар» немесе «қалқаншылар» - әртүрлі заттармен (сөмке, гүл шоғы, киім) қолды көрсетпей қалқалап тұрып ұрлық жасайтындар;

б) «балықшылар» - ұрлықты арнайы дайындалған ілгешектердің көмегімен жасайтындар,

в) «хирургтар» — пинцеттің көмегімен, әсіресе қол жетпейтін қиын жерлерде ұрлық жасайтындар;

г) «шымшуырлар» — арнайы егелген монетаның көмегімен сөмкелерді тіліп ұрлайтындар;

д) «сілкушілер» немесе «сырғытушылар» — мылқаулардың арасында көп тараған бір затты нақты дәл қимылымен итеріп жіберу арқылы ұрлайтындар. Мысалға, кеңістік мемлекетте ет комбинаттарында бақылаушының көзін ала беріп, тез ет кесіп алып, басқа жерде арнайы дайындалып қойған полиэтилен пакетіне не қапшыққа дәл лақтыру жолымен етұрлайтындар болған.

ж) «сөмкешілер» — арнайы құралдарсыз-ақ сөмкелерден зат ұрлайтындар.

в) тұлғаның криминогендік асқыну дәрежесіне қарай:

1) «кездейсоқ қылмыскерлер» — алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағандар;

2) «ситуативтік қылмыскерлер» — сыртқы жағымсыз жағдайлардың ықпалымен алғаш рет ауыр қылмыс жасағандар;

3) «тұрақсыз қылмыскерлер» - алғаш рет қылмыс, бірақ бұған дейін өзге құқық бұзушылық жасағандар;

4) «кәнігі қылмыскерлер» — бұған дейін бірнеше мәрте қылмыс жасап, бұрын сотталғандар;

5) «аса қауіпті қылмыскерлер» — бірнеше рет қасақана ауыр қылмыс жасағандар.

г) тұлғаның әлеуметтік бағытына қарай:

1) Кәсіпқой тип - өте қауіпті, қоғамға кері бағытта. Ерекшеліктері: құқықтық нигилизм, мәдениеттің төмендігі, қоғамға қарсы бағыты және криминогендік ситуацияны өзі жасайтындығы (кәсіпқой қылмыскерлер, аса қауіпті рецидивистер).

2) Әдеттегі тип - әлеуметтік-психологиялық қасиеттері тұрақсыз және қайшылыққа толы, жақсы мен жаманның, болатын мен болмайтынның арасын толық ажыратпаған, криминогендік ситуацияны өзі жасамайды, тек нақты өмірдегі ситуацияны пайдаланады.

3) Тұрақсыз тип - негативтік және позитивтік қасиеттері теке-тірес келетін қылмыскер.

4) Салақ тип - позитивтік бағыты басым, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларға салақтықпен қарайды. Қауіпті емес қасақана немесе абайсызда қылмыстар жасайды.

5) Кездейсоқ тип - позитивтік бағытта, негативтігі жоқ, құқықтық санасы тұрақты, тек қана нақты өмірлік ситуацияға байланысты қылмыс жасайды: аффект, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру т.б.

д) қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай:

1) абсолютті қауіпті - серриялық кісі өлтіруші, соның ішінде, жалданып немесе жыныстық, не бірнеше адамды қатар өлтіруші.

2) аса қауіпті - конфликтілік жағдайларда кісі өлтіруші көп уақыт пайдакүнемдікпен қылмыс жасаушы. Бұған қылмыстық ұйымдардың басшылары да кіреді.

3) қауіпті - жеке адамға не қоғамдық тәртіпті бұза отырып, меншікке қарсы қылмыстар жасаушы, бірақ адам өміріне қарсы қылмыстарды емес.

4) қауіптілігі болымсыз - басқа қылмыскерлер.

Ші дәріс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных