Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ші тақырып. Қылмыстылықтың алдын алу.




Дәріс жоспары:

1. Қылмыстылықпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары.

2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі.

3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері.

Негізгі ұғымдар: криминологендік жағдай.

1. Қылмыстылықпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары. Қылмыстылықпен күрес - қылмыс пен қылмыстылықты туындататын себептер мен жағдайларға, қылмыс жасаған тұлғаларға ықпал ету. А.И.Долгованың пайымдауынша қылмыстылықпен күрес мынандай үш негізгі бағытты құрайды:

1. күрестің жалпы ұйымдастырылуы;

2. қылмыстылықтың алдын алу;

3. құқық қорғау қызметі.

Алғашқы қылмыстылықпен күрестің жалпы ұйымдастырылуы төмеңдегідей бағыттарды түзеді: а) қылмыстылықтың көріністерін тіркеуге, осы көріністерді зерттеуге, олардың себептері мен детерминациясын, бұған дейінгі жүргізілген қылмыстылықпен күрестің нәтижелерін зерттеуге және сәйкес мәліметтерді талдауға байланысты ақпараттық-талдау қызметі; ә) криминологиялық болжау (криминогендік құбылыстардың болашақтағы жәй-күйі туралы негізді тұжырымдар); б) қылмыстылықпен күрес жүргізудің стратегиясын, яғни мақсатқа жетудің тәсілін, күрес жүргізу өнерін, анықтау. Оны мемлекет кримогендік жағдайды, мамандардың ұсынысын, криминогендік болжау нәтижелерін салмақтай келе анықтайды. в) қылмыстылықпен күресті жоспарлау (ұзақ, орташа, қысқа мерзімге); г) қылмыстылықпен күрестегі заң шығармашылық; д) қылмыстылықпен күрестің бағдарламасын жүзеге асыру, оларды тиынақтау және осы жолдағы қызметті үйлестіру; с) қылмыстылықпен күреске байлалысты ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен дамыту.

Қылмыстылықпен күрестің келесі бағыты, яғни қылмыстылықтың алдын алу.

Ал үшінші бағыты (құқық қорғау қызметі) де мыналардан тұрады:

а) «жазалау» қызметі, яғни қылмыстарды ашуға, бұлтартпауға, тергеуге, қылмыс жасаған тұлғаларға қылмыстық жауаптылық шараларын және жаза қолдануға байланысты әрекеттер;

ә) құқық қалпына келтіруші қызмет, қылмыс арқылы бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге байланысты әрекеттер.

2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі. Қылмыстылықтың салдарымен күресуден гөрі себебімен күресу әлдеқайда тиімді. Қылмыстылықтың алдын алу құлашты кеңге сермейтін ауқымы кең шаралардың кешені. Ол тікелей қылмыстылықты ауыздықтауға бағытталған әрекеттерді де, тіпті, онымен жанама қатысты құбылыстарға да бағытталған шараларды қамтиды. Мысалға, мектеп бағдарламасына салауатты өмір салтын үйрететін «Валеология» пәні енгізілді, осы пән оны игерген мектеп оқушыларының соз ауруларымен байланысты қылмыстарды жасамауы мен оларды жасаушылармен күресуге жердем көрсететіні анық.

Кеңес криминологиясы курсының авторлары кең көлемді анықтама береді:

а) қылмыстылықпен күрес процесінде сендіру мен көндіруді үйлестіретін экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени-тәрбиелік, құқықтык заң шығарушылық сипаттағы жалпы мемлекеттік шаралар.

ә) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қылмыс жасалуының себептері мен жағдайларын анықтауға, оларды жоюға бағытталған шараларды қолдануға, қылмыстарды ашуға, тергеуге және сотта қарауға, қылмыскерлерді жазалауға, оларды түзеу мен қайта тәрбиелеуге, бас бостандығын айыру мекемелерінен босаған адамдардың мінез-құлқымын заңдылығын қадағалауға, сондай-ақ бас бостандығымен байланысты емес жазаларға сотталған тұлғаларды немесе әлі қылмыс жасамаған, бірақ қоғамға қарсы не моральға жат қылық жасап жүрген тұрақсыз тұлғаларды тәрбиелеуге бағытталған қызметі.

в) нақты жағдай қажет еткен басқа да шараларды жүзеге асыру.

Криминологияда, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық циклдегі пәндерде қылмыстылықтың алдын алумен қоса, қылмыстың алдын орағыту, бұлтартпау, профилактика термиңдері қатар қолданылады.

3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері. Олар кең көлемді болғандықтан да әр түрлі критерий бойынша топтастыруға болады. Ең алдымен тілге оралатыны - ол деңгейіне қарай топтастырылуы.

а) Деңгейіне қарай:

1) жалпы әлеуметтік немесе жалпы алдын алу; 2) арнайы алдын алу.

Алғашқысы оның тікелей қылмыстылықтың алдын алу үшін емес, басқа жалдпы әлеуметтік мақсаттарда, халықтың әл-ауқытын көтеру үшін жүргізіледі (жұмыссыздықты, кедейшілікті жою, қараусыз балалардың санын азайту т.б.).

Ал арнайы алдын алу болса, тікелей қылмыстылықпен күресуге бағытталады.

Жалпы әлеуметтік шаралардың белгілері:

- масштабтылығы; - кең қамтылатындығы мен жал жақты сипатқа иелілігі;

- өзара тәуелділігі; - тоқтаусыздығы; - түбірлілігі.

Арнайы алдын алу неғұрлым нақты мақсатқа бағытталған, кеңістік пен уақыт бойынша жинақталған.

ә) қолданылу масштабына қарап:

1) жалпымемлекеттік шаралар;

2) ірі-ірі әлеуметтік топтарға қатысты (нақты ұйымдарда, кәсіпорындарда немесе өзге әлеуметтік инститтар мен топтарда жүргізілетін шаралар кешені);

3) жеке-дара шаралар (нақты тұлғалар мен олардың жақын ортасына алдын алу сипатындағы шараларды қолдану).

б) мазмұнына қарай:

1) экономикалық; 2) саяси; 3) әлеуметтік; 4) ұйымдастырушылық-басқарушылық; 5) мәдени-тәрбиелік; 6) құқықтық және өзге де.

в) қолданылу сатысына қарай:

1) тікелей алдын алу, яғни тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін туындауы мүмкін жағамсыз жағдайларды жою, микроортаны сауықтыру т.б.;

2) қылмыс рецидивінің алдын алу, яғни бұған дейін қылмыс жасап, қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаларға ықпал ету.

г) сатысына қарай (практикалық көзқарас бойынша):

1) профилактика, әлі қылмыс жасалу қаупі жоқ сәтінде шаралар қолдану. «Тұлғаның қылмыс жасау мүмкіндігін жою» деп келетін Г.А.Аванесовтың анықтамасымен келісуге болады;

2) қылмыстың алдын орағыту, яғни дайындалып жатқан немесе жоспары жасалып жатқан қылмыстың ары қарай дамуына кедергі жасау;

3) бұлтартпау, яғни басталып кеткен қылмысты аяғына шейін жеткізбеу.

Жалпы профилактика - қылмыстылықтың алдын орғыту мақсатында жасалған әлеуметтік өмірдің әр түрлі саласындағы қылмыстылықтың себептерін, жағдайларын және өзге де детерминанттарын анықтауға бағытталған, оларды жою (бейтараптандыру, тосқауылдау) үшін шараларды өңдеу мен қолдануға бағытталған қызмет. Жеке-дара профилактика — олардың мінез-құлқына барлау жасай отырып қылмыстың ажсалуын күтуге болатын тұлғаларды анықтауға, оларға және олардың қоршаған ортасына қылмыстылықтың алдын орағыту мақсатында ықпал ету. Виктимологиялық профилактика - қылмыс жасауға сеп болатын виктимдік мінез-құлықты қалыптастыратын факторларды, мәп-жайларды, ситуацияларды анықтауға, жоюға немесе бейтараптандыруға, жоғары деңгейдегі виктимділігі бар тұлғаларды анықтауға және олардың қорғану қасиетін арттыру мақсатында ықпал етуге, сондай-ақ қылмыстан және одан кейінгі виктимизациядан қорғану амалдарын өңдеу мен бұған дейін жасалған құралдарды жетілдіруге бағытталған әлеуметтік институттардың ерекше қызметі.

д) түбірлілік деңгейіне қарай:

1) криминогендік құбылыстар мен жағдайлардың туу мүмкіндігінен сақтандыратын (мысалға, жұмыссыздықтың болып қалу мүмкіндігінен сақтандыру: зауыт-фабриканың, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерін, филиалдарын ашу, күшейту); 2) оларды бейтараптандыратын, тосқауыл қоятын, минималдандыратын (мысалға, өмірде орын алып отырған жұмыссыздықтың қылмыстылықтың өсуіне ықпал етпеуін қамтамасыз ету: оларды өзге қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту); 3) оларды толығымен жоятын (мысалға, жұмыссыздықты сол аумақта толығымен жою: жабылып қалған жұмыс орнын қайта ашу).

 

Дәріс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных