Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ші тақырып. Қылмыстылық түсінігі нысандары және оның даму тенденциялары.




Дәріс жоспары:

1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері.

2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері.

3. Латентік қылмыстылық.

Негізгі ұғымдар: Қылмыстылық, қылмыстың қарқындылығы, қылмыстың динамикасы, қылмыстың құрылымы.

1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері. Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын.

Қылмыстылықтың мынандай белгілері бар:

- оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай болатым себебі – қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады.

- тарихи өзгермелі болатындыга қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-сатарлық ерекеті қылмыс боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы еуропа елдеріндегі «алғашқы түн» құқығын атауға да болады.

Қоғам (Қғ1) қылмыстылықты (Ққ1) туындатады да ол қоғамның өзінің әрекет жасауына ықпал етеді, осының нәтижесінде қоғамның бет-әлпеті өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады (Қғ2), соңғысы өз кезегінде қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді (Ққ2), осылай жалғасып кете береді.

2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері. Қылмыстылықтың мынандай көрсеткіштері бар: деңгейі, қарқындылығы, құрылымы, динамикасы.

Қылмыстылықтың деңгейі дегеніміз белгілі бір мемлекетге белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың абсолюттік саны. Мысалға, Қазақстан Республикасында 1960 жылы - 29 426 қылмыс жасалса, 1970 жылы ол деңгей 56 164-ке көтерілген, 1980 жылы 76 517 болса, 1990 жылы 148 053, 2000 жылы 150 790 болған.

Жыл-дар Қылмыстылық деңгейі Жыл- дар Қылмыс тылық деңгейі Жыл-дар Қылмыс тылық деңгейі Жыл-дар Қылмыс тылық деңгейі Жыл-дар Қылмыс тылық деңгейі
                   
      ...            
                  Ю
                   
                   
                   

Қылмыстылықтың қарқындылығын коэффициент арқылы анықтауға болады. Коэффициенттің өзі де фактіге қатысты, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты және сотталғандарға қатысты деп үш түрлі бола алады. Мысалға, фактіге қатысты коэффициент (Кф) былайша есептеліп шығарылады:

Бұл формуладан біз әрбір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келгендігін көресіз. Мысалға, 1993 жылы қылмыстылық деңгейі ең шарықтау шегіне жетті, яғни 206 006 қылмыс жасалды, демек оның коэффициентін есептесек,

яғни 1993 жылы әрбір он мың халыққа 121 қылмыс фактісінен келді. Ал 2002 жылы болса 135 000 қылмыс жасалды, яғни

демек, 2002 жылы әрбір он мың халыққа 96 қылмыс фактісінен келген. Бұл 1993 жылға қарағанда (Қазақстандағы қылмыстылық деңгейінің ең жоғары дәрежеге көтерілген жылы) 2002 жылы қылмыстылықтың қарқындылығы әлдеқайда төмен дәрежеге түскен. Ал формуланың бөліміндегі 1993 жылы 17 млн. тұрып, 2002 жылы 14 млн.-ның тұруы халық санының өзгеруімен түсіндіріледі. Халық саны демекші оның өзін екі түрлі есептеуге болады. Біріншіден, коэффициент шығару есебі барлық халыққа жүргізіледі, екіншіден, тек қама қылмыстылық жасына жеткен халық арасындағы есеп. Ол үшін жалпы халық санынан он төрт жасқа жетпеген адамдардың саны алынып тасталады. Есептің олай жүргізілетін себебі - алғашқысы қаншалықты қоғамның қылмыстылықпен уланғандығын білдірсе (өйткені, он төртке дейінгі тұлғалар да қылмыс жәбірленушісі бола алады), соңғысы қылмыстылық жасындағы адамдардың қаншалықты криминогендік асқынғандығын көрсетеді.

Коэффициенттің екінші түрі тұлғаға қатысты. Аталмыш коэффициентті анықтау барыснда да дәл осындай формула қолданылады, бірақ жасалған фактілер санының орнына қылмыс жасаған тұлғалар саны тұрады. Мысалға,

Егер алғашқы есеп, әр бір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келеді дегенді білдірсе, бұл есеп сол жылы әрбір он мың халықтың қаншасы қылмыс жасаған дегенді білдіреді.

Қылмыстылықтың құрылымы — бұл белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт аралығында жасалған барлық қылмыстардың ішіндегі нақты қылмыстылық түрінің үлес салмағы және қылмыстар санының арақатынасы. Оны есептеудің де формуласы бар:

Бұл жердегі: Ққ - қылмыстылықтың құрылымы; Қт-нақты қылмыстылықтың түрі; Қб — барлық қылмыстылық саны; ал 100 дегеніміз процентті анықтаушы көрсеткіш.

Мысалға, 1999 жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы 48,6% болса, керісінше кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстардың салмағы 51,4%; 2000 жылы осындай есеп 48,5% (ауыр мен аса ауыр) және 51,5% (кішігірім және орташа) болса; 2001 жылы - 53% те 47%; 2002 жылы — 51 % те 49 % болған, демек соңғы екі жылда барлық қылмыстылық санында ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы артқан. Не болмаса 1998 жылы кісі өлтіру қылмысы - 2531 болса, пайдақор-зорлықшыл қлмыстар (бандитизм, қорқытып алушылық, тона у, қарақшылық) – 132858, ал Есірткімен байланысты қылмыстар - 18 676 болды, қалған қылмыстар өзге қылмыстар десек, бұл да құрылымы, бірақ одан ешқандай да заңдылық жоқ. Заңдылықты олардың үлес-салмағын анықтағанда болады (1-суретті қараңыз).

1-сурет. Қылмыстылықтың 2002 жылғы құрылысы

 

Заңдылық сол сияқты, жалпы қылмыстылықтағы жеке қылмыстардың үлес салмағының өзгеруін (қозғалысын) анықтағанда байқалады. Мысалға, төменде көрсетілген қылмыстардың соңғы бес жылдағы үлес салмағы мен олардың өзгеруін былайша көрсетуге болады (2-суретті қараңыз):

 

Жыл- дар Кісі өлтіру Үлес сал-мағы Пайда-қорлық-зорлықшыл қылмыстар Үлес сал-мағы Әйел жы-нысты адамды зорлау қылмысы Үлес сал-мағы Барлық қылмыс саны
    1.41%   8,47%   1%  
    1,45%   8,76%   1%  

 

 

2-сурет. Қылмыстылықтың құрылымы мен құрылымының динамикасы

Қылмыстылықтың динамикасы — белгілі бір кезеңдегі қылмыстылықтың деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы. Динамиканы анықтауға байлынысты үш түрлі есеп;жүргізуге болады:

1) ағымдагы талдау - 1 жылға жүргізілетін есеп;

2) жүйелік талдау - жыл сайынғы, бесжылдық сайынға, онжылдық сайынғы қылмыстылықтың қозғалысын анықтау;

3) қылмыстылықтың мерзімдік өзгерістерін талдау.

Осы үш түрлі есеп мынандай үш түрлі әдіспен жүзеге асады: базистік, жалғаспалы, интервалдарды біріктіру әдісі.

Базистік әдістің негізгі ерекшелігі басқа барлық жылдардың көрсеткіштері бір жылдың ғана көрсеткішімен салыстырылады және сол салыстырылушы (базис) жылдың көрсеткіші 100 пайыз деп алынады. Сол жылмен салыстыра отырып есеп жасағанда артып кетсе тек қанша процентке артып кеткендігі " + „ таңбасы қойыла отырып жазылады, ал керісіншс болса "-„ таңбасы қойыла отырып жазылады.

Келесі жалғаспалы әдіс алдыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл әдісте бір ғана жыл базис дсп алынбайды, оның орнына үнемі алдынғы жыл алынып отырады.

3. Латентік қылмыстылық. Латенттік қылмыстылық дегеніміз әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалған қылмыстардың жиынтығы. Ол латынша latens сөзінен шыққан, ол жасырын дегенді білдіреді. Мысалға теңізде қалқып жүрген мұзарттың (айсберг) су бетінде бізге көрініп жүрген бөлігінен су асты көрінбейтін бөлігі әлдейқайда көлемді болады. Криминология дәл осындай Архимед ашқан физикалық заңдылыққа бағынбаса да қылмыстылық мәселесі туралы осы бір заңдылықты мысал ретінде келтіруге болады. Өйткені қылмыстылықтың көрінетін бөлігінен де жасырын бөлігі (латенттік) көлемді болып келеді.

Мысал үшін неміс ғалымы К.Майердің жүргізген зерттеуі бойынша анасының өз баласын өлтіруі фактісі бойынша оннан бірі ғана құқық қорғау органдарына мәлім болады, ал заңсыз аборт жасау 1/100; қарапайым ұрлық - 1/20; ірі мөлшердегі ұрлық - 1/8; тонау - 1/5; алаяқтық - 1/20 т.б.

Латенттік қылмыстардың екі түрі бар: жасырын (табиғи) және жасырылған (жасанды). Алғашқысы табиғи жолмен әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарына хабарланбағандар. Мысалға, есік алдындағы ұрланған нәрсеге «садақа» деп ешкімге жүгінбеу. Ал соңғысы құқық қорғау органдарына хабарланғанымен де осы органдардың қызметкерлерінің өз қолымен жасырылған қылмыстар. Оның да себептері әр түрлі болуы мүмкін: өзінің жақсы жұмыс істейтіндігін көрсетіп қылмыстылықтың ашылу көрсеткішін жоғарылату үшін, жеңіл-желпі қылмыстарға бола әуре болмас үшін шағымды тіркемей қою, қызметкерлердің пара алуынан қылмыс туралы із-түзсіз жоқ қылу т.б. Осы соңғысы теңіз бетіне қалқып шыққысы-ақ келеді, бірақ құқық қорғаушылар күштеп төмен басады.

Кейбіравторлар үшінші бір латенттік қылмыстылықтың түрін ұсынады — ол дәлелденбей қалуына байланысты қысқартылған істер. Бірақ мұнымен келісе қою қиын. Себебі бұл бәрібір зерттеледі, қылмыстылықтың жалпы картинасын анықтауға сеп болады. Латенттік қылмыстықтың мәнін аша кету керек. Оның мәні құқық қорғау органдарына хабарланбай қалғанында емес. Әңгіме хабарланған күнде де зерттеуден тыс қалғанында. Оның назардан тыс қалуы қылмыстылықтың жалпы картинасын бұрмалайды. Өмірде шын мәнінде 100% қылмысқа біз есеп жасап, сақтануымыз, алдын алуымыз, жоспар құруымыз қажет болса, латенттік қылмыстылықтың кесірінен оның бір бөлшегін ғана (мысалға 40%) зерттеп қорытынды жасаймыз. Ал бөлшек бүтіннің заңдылығын қашанда бере бермейді.

Жасалып жатқан қылмыстардың бәрі бірдей мөлшерде жасырылуға қабілетті. Латенттілік деңгейіне қарай қылмыстар үшке бөлінеді:

4-сурет. Қылмыстылық пен латенттік қылмыстылық туралы эллюстрация

 

1.Минималдық (төменгі) латентті қылмыстар (кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, ауыр дене жарақатын салу т.б.);

2.Орташа латентті қылмыстар (ұрлық, зорлау т.б.);

3.Максималдық (жоғары) латентті қылмыстар (парақорлық, броконерлік, заңсыз аборт жасау, соз ауруларын жұқтыру).

Ал Т.К.Щеглованың басшығында 20 ғылыми қызметкерлер мен практиктердің қатысуымен зерттеу нәтижелері төмендегідей: ұсақ талан-тараж — 85-90%, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу — 80-85%, тұтынушыларды алдау — 60-75%, алаяқтық - 40-60.

Қанша жасырын болса да дұрыс шешім қабылдау үшін өмірдегі қылмыстылықтың жалпы деңгейінен шамамен болса да хабардар болу керек. Сол себепті латенттік қылмыстылықты да зерттеулің әдістері бар. Солардың ішінде кең тарағандары: анонимдік анкеталар, құжаттарды талдау, сараптамалық баға, байқау т.б.

Анонимдік анкета әлеуметтік сұраунаманың бір түрі, бірақ оның өзгелерінен ерекшелігі - ешкімнің аты-жөні айтылмайтындығы.

Ал құжаттарды талдау әр түрлі болады. Мысалға, қылмыстардың ауырлығына қарай жасалуында да заңдылық бар, айталық, аса ауыр қылмысқа қарағанда ауыр қылмыс көбірек жасалады, ал соңғысына қарағанда орташа ауырлықтағы қылмыс, орташаға қарағанда кішігірім ауырлықтағы қылмыс көбірек жасалады. Яғни бұл заңдылық пирамидаға ұқсайды (5-суретті қараңыз).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных