Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ші тақырып. Қылмыстылық себептері.




Дәріс жоспары:

Дәріс жоспары:

1. Детерминация түсінігі.

2. Қылмыстылықтың себептері туралы негізігі теориялар.

3. Теориялар жүйесі.

Негізгі ұғымдар: Детерминация.

1. Детерминация — латынның determinare (анықтау, айқындау) деген сөзінен шыққан. Яғни дереминация — ол айқындау, анықтау процесі. Дүниедегі барлық құбылыстар, процестер бірі біріне тәуелді: бір құбылысты пайда болуы, дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей байланысты, соңғысының тағдырын алғашқы құбылыстар айқындайды. Детерминизмнің негізгі мазмұнын себептілік құрайды. Дүние үлкен бір тізбекке бағынышты, әлбетте осы тізбектің қалай түзілуіне адамның қомақты үлесі бар. Ломоносов айтпақшы, ештеңе де жоқтан пайда болмайды, пайда болған нәрсе өмірде бар молекулалардың қосылысы, ажырауы нәтижесінде өмірге келеді.

Детерминация процесі тек қана себептілік байланысын білдірмейді, сонымен қоса байланыстың өзге нысандарын да білдіреді: функционалдық, статистикалық тәуелділік, жағдайлардың тәуелділігі, т.б.

Себептілік детерминизмнің негізгі мазмұнын құрайды. Дүниеде себепсіз салдар болмайтыны да ақиқат. Әрбір салдар үлкен тізбектегі басқа салдардардың себебі болып табылады. Сонда себептің салдарға айналу механизмі қандай?

Жалғыз себеп салдарды туындатпайды, ол үшін себептердің қажетті кешені керек. Себептердің саны мен маңызы қажетті кешенге жақындаған сайын салдар туындау ықтималдығы да арта береді. Ықтималдақтың ең шарықтау шегі қажеттілік болып табылады.

2. Қылмыстылықтың себептері туралы негізгі теориялар.

1. Биологиялық теориялар. Жоғарыда аталғандар теориялардың ішінде антропологиялық (биологиялық терияның айқын көрінісі) зерттеулердің қоғамдық жаңғырығы да қатты шықты. Тіпті, оның атын М.Әуезовтың "Абай жолынан,, қаладан келген Әбіш пен Абайдың әңгімесінен де кездестіруге болады.

Қылмыстылық мәселесі бойынша антропологиялық мектептің негізін қалаушы — австриялық френолог Галль (1758-1828) болатын (1825 ж.). Ол қылмыс жасайтын тұлғаларды үш топқа бөлді:

- қылмыскерлер, яғни тумысынан болатын қылмыскерлер, әйтпесе олардың ішкі рухы мықты және анау-мынау үгітке көне бермейді. Олар қылмыс жасаса біреудің айтауымен емес, өз қалауымен жасайды және ішкі қасиеттерін қаласа заңмен ғана емес, одан жоғары идеалдармен сәйкестендіре алады.

- табиғатынан жұрдай боп туғандар, яғни ішкі рухы жоқ, тек қылмысты біреулердің азғыруымен, итермелеуімен жасайды.

- жоғарыда айтылған екеуінің арасындағы дұбара адамдар. Оларға табиғат жақсы мен жаманды қатар берген, олардың қылмыстық жолға түсуіне сьгртқы ортаның үлесі зор.

Ары қарай криминологияның тарихында антропологиялық мектептің өкілі ретінде түрме дәрігері, Турин Университетінің профессоры Чезаре Ломброзо (1835-і909ж.ж.) келді.

Ол алғашқы күндерінен бастап "қылмыскер қылмыскер боп туады,, деп жар салды. "Желтоқсанның бір түнерген күнінде мен каторжниктің бас сүйегінен төменгі сатыдағы омыртқалыларында болатын белгілерге ұқсайтын атавистік ауытқушылықтардың сериясын аңғардым... Осыншалықты айқын ауытқушылықтарға кез сала отырып маған бір сәуле қара түнекті көкжикке шейін жарыққа бөлегендей болды — мен қылмыскерлердің мәні мен пайда болуы проблемасы мен үшін шешілгенін ұғындым... - деп бастайды ол өзінің "Қылмыстық адам туралы,, деп аталатын көп томдық еңбегін (1871-1876ж.ж.).

Галльге қарағанда Ломброзо өз идеясына берілген, сондай-ақ өте еңбекқор адам болып шықты. Отыз жылдан аса жүргізген зерттеуінде ол он бір мыңнан аса қылмыскерді зерттеді. Тіпті, өліп қалса да атағы шыққан мыңдаған кәнігі қылмыскерлердің қабірін қазып алып сүйектерін өлшеді. Жаңадан қайтыс болған қылмыскерлердің сүйектерін өлшеп қана қоймай, ішкі органдарының салмағын өлшеп, олардың түсін де жазып алды.

Ломброзо қылмыскерлерге «Сендер арғы жануар-аталарыңның қасиетін алып туғандарыңа кінәлі емессіңдер» деп басу айтты, бірақ «Бізді де кінәламандар, өйткені сендердің тұла бойларында баяғы жануар аталарың үнемі жаңғырып тұрады, осы кездерде тәртіптен ауытқып, қылмыс жасап бізге зақым келтірулерің мүмкін. Сондықтан, өзіміздің қауіпсіздігімізді қорғау үшін біз сендерді бостандықтарыңнан айруға мәжбүрміз» - деген болатын.

Ломброзо қылмыскерлердің негізгі үш типін қарастырыды:

1) кісі өлтіргіштер - қанталаған салқын көзді, төмен тартқан қошқар мұрында болып келеді;

2) ұрылар - көзі мен қолы сұғанақ, қысық көзді, сирек сақалды қисық мұрын;

3) зорлықшылар — жарқыл көзді, ат жақты, ерні дүрдиген нәзік денелі боп келеді.

Әрине, Ч.Ломброзоның тұжырымдары жұрттың бәріне бірдей ұнаған жоқ.

Әлемнің әр түкпірінен оған қарама қарсы зерттеулер де жүргізіліп жатты.

Ағылшын ғалымы Ч.Горингтің басқаруымен үш мың қылмыскерлер мен қарапайым адамдар (соның ішінде студенттер де бар) зерттеліп олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ екендігін анықтады.

Дегенмен, оның тікелей шәкірттері Энрико Фэрри (1856-1934) мен Рафаэль Гарофалло (1852-1934) (ең алғаш «Криминология» атты еңбек жазушы) ұстаздарынан гөрі әлеуметтік факторлардың адамды қылмыскер ететіндігіне сенімді болды.

Сөйтіп, отыз жылдан аса зерттеу жүргізе келе кейіпкеріміз өз көзқарасын аздап өзгертті. Өмірінің соңғы жағына қарай жарыққа шығарған кітабында ол бұрынғыдай "қылмыскер боп тек қана туады„ деп жар салмай қылмыскер болуға көптеген факторлар әсер етеді деп илікті. Ол он бес факторлардың тізімін көрсетті, бірақ соның біреуі «тумысынан болатын қылмыскер» деп әуелогі идеясынан мүлде бас тартқан жоқ.

Теріс нәтиже 1-ден ол да нәтиже. Және оны Ломброзо ешкім қайтып оралмайтындай етіп жеткіліктіден де жеткілікті дәрежеде (11 000 адам) зерттеп дәлелдеді.

Екіншіден, Ч.Ломброзоның идеясы мен жасаған еңбегі қылмыстылықтың себептері мен оның алдын алудағы ең алғашқы және ешкімге жалтақтамаған батыл қадам болды. Көптеген криминологияның пайда болуына үлес қосқан зерттеу жұмыстарына Ломброзоның сөзі мен еңбекқорлығы түрткі мен қамшы болғаны анық. Ломброзо олай демесе де криминология пайда болар еді, бірақ оның еңбегі жай ғана емес, қомақты еңбегі осы процесті бірнеше жылға жеделдеткені хақ.

Не болмаса, тіпті, неоломброзианство деген ағымның бар болуының өзі де көп нәрсені аңғартқандай.

2. Генетикалық теориялар. Бұл теориялардың екі ағымы бар: бірі "қылмыстық ген„ деп аталса, келесісі "артық хромосома,, деген айтарға ие.

Қылмыстық ген теориясын арнайы теория болмай тұрып-ақ та қазақ арасында кең тараған, яғни қылмыскер гендік ақпаратын алған ата-аналарында (не одан да бұрынғы тегінде) шартты түрде "қылмыстық,, деп атауға болатын ген болады.

Қылмыстық генмен туған адам қылмыскер боп кету шансы көбірек ал қарапайым адамның ондай шансы азырақ. Немесе керісінше, яғни қылмыстық гені жоқ адамдар да қылмыскер бола береді.

Осыған байланысты зерттеушілер "егіздер әдісі,, деп аталатын криминологиялық әдіс қолданған, яғни 249 жұп біржұмыртқадан, 264 жұп екіжұмыртқадан ұрықтанған егіздерді зерттеген. Нәтижесінде — егер де осы жұптардың біреуі қылмыс жасаған болса, 62,6 % жағдайиа екінші сыңарлары қылмыс жасаған. Олардың ойынша тұқым қуалаушылық факторының ықпал ету үлесі 75-80 % те, сыртқа ортаның ықпал ету үлесі 20-25%.

Генетикалық теориялардың келесі ағымы "артық хромосама„ туралы. Оның негізін қалаушы американ биологы Морган Томас Хант (1866-1945 ж.ж.). Осы ағым бойынша қарапайым адамда 23 жұп, яғни 46 хромосома болатын болса, кейбір генетикалық тұрғыдан ауытқып туғандарда артық 47-ші хромосома болады. Осындай адамдардың үлесі қылмыс жасамаған адамдарға қарағанда қылмыс жасағандардың ішінде 80 есе көп.

3. Психологиялық теориялар. Қылмыстылықтың себептері туралы психологиялық теориялардың да екі ағымы бар: бірі — психопатиялық ағым, келесісі — психоаналиткалық.

Психопатиялық ағымның негізін қалаушы неміс психиатры Курт Шнейдер өз еңбегінде (1923 ж.) психопаттардың он типін бөліп, оның кем дегенде жетеуі қылмыс жасауға бейім деп есептейді. Келесі бір неміс психиатры Кречмер Эрнест (1888-1964) антропологиялық көзқараспен де қабыса кететін психикалық жағынан гөрі сыртқы жағы көзге түсетін психопаттардың төрт типін келтіреді. Ю.М.Антонянның ойынша зорлықшыл қылмыскерлердің арасында психопаттардың үлесі 30%-ті құрайды.

4. Социологиялық теориялар негізінен ХVІІІ - XIX ғ.ғ. аралығында қалыптасты.

Утопиялық социализмнің негізін қалаушылар Томас Мор (1478-1535) біреулердің кедейшілігі мен екіншілердің паразиттік өмірінің қылмыстылықпен бірлікте екендігін атаса, Томазо Кампанелла (1568-1639) да осы текте көзқараста болып қоғамды "әділдік пен теңдік,, принципіне сүйеніп қайта құрмаса, ештеңе өзгермейтіндігіне меңгейді. Ж.П.Марат (1743-1793), А.Н.Радищевтер (1749-1802) қылмыстылықтың себептеріне адамды адамның қанауынан, қоғамдық құрылыстан көреді.

Социал-утпоистер Сен-Симон (1760-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Роберт Оуен (1771-1858) - жеке меншіктің пайда болуы мен әділетсіздікті қылмыстылықтың негізгі себебі деп біледі.

Неміс криминалисті Ф.Лист (1851-1919) тек қана экономикалық факторлар ғана емес, қылмыстылыққа соғыс, алкоголизм, кейбір дәстүрлер, әдет ғұрыптар, жезөкшелік, кейбір тәрбие кемістіктері де үлес қосатынына назар аударды.

К.Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895) таптар арасындағы күрес, кедейшілік және осының шиеленісуі нәтижесінде туындайтын антогонистік көзқарасты қылмыстылықтың себептеріне саяды. Осы идеяларды әрі қарай жалғаушы болғанмен де ВЛениннің (1870-1924) өзіндік "тума дақтар,, (родимые пятна) теориясы да бар, яғни тума дақтар адам денесінде емес, санасында. Қанша жаңа қоғамдық қатынастарға икемделем десе де адам бұрынғы феодализм немесе капитализм кезінде қалыптастырған көзқарастары мен мінез-құлқынан арыла алмай қалады.

3. Қылмыстылықтың себептерін топтастыру. Әр түрлі критерий бойынша қылмыстылық себептерін топтастыруға болады. а) себептердің жинақталып қорытылуына қарай:

1) барлық қылмыстардың (жалпы қылмыстылықтың) себептері (философиядағы «жалпы» катеориясына сәйкес келеді);

2) қылмыстылықтын жекелеген түрінің себептері (мысалға, меншікке қарсы қылмыстардың немесе кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері, бұл философиядағы «ерекше» катеориясына сай келеді);

3) жекелеген қылмыстардың себептері (мысалға, ұрлықтың себептері, бұл методологияның «бөлек» катеориясына сай).

ә) қылмыс жасау механизміне ықпал етуіне қарай:

1) себептер;

2) жағдайлар.

Олардың ең басты айырмашылығы әсер ету пәрменінде: себеп — салдарды туындатады, ал жағдай — туындатпайды, бар болғаны оның туындауына жәрдемдеседі, қолтықтап демейді. Себептерсіз құр өздері қалса, салдарды туындату қабілетінен айырылады.

б) адам санасы мен еркіне бағыныштығына қарай:

1) объективтік себептер (адам санасы мен еркіне бағынбайтын);

2) субъективтік себептер (адам санасы мен еркіне тікелей бағынышты);

3) объективтік-субъективтік себептер (объективтік өмірдің де, субъективтік факторлардың да үлесі бар себептер).

в) мазмунына қарай әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық т.б. деп бөлінеді.

 

Ші дәріс.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных