ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Шы тақырып. Рецидивті қылмыстылық және оның алдын алу.Дәріс жоспары: 1. Қылмыстық рецидив түсінігі. 2. Рецидивист қылмыскерлерінің сипаттамасы. 3. Рецидивист түрлері. Негізгі ұғымдар: рецидив. 1. Қылмыстық рецидив түсінігі. Қылмыстық құқықтық рецидив – соттылығы жойылмаған тұлғаның жаңадан қасақаналықпен қылмысты жасауын айтамыз, яғни легальді рецедив. Сонымен қатар бұған қоса пенитенцарлы рецидив түсінігі кең қолданылады, яғни қылмыстық жазасын өтеп келген тұлғаның қылмыс жасауы. Рецидивті қылмыстылық барлық қылмыстың «ядросы» болып табылады. Соның негізінде ұйымдасқан және кәсіби қылмыстықтың «кадрлары» даярланады. Рецидивтер анти әлеуметтік және қылмыстық әдеттерді белсенді түрде таратушылар. Рецидивистердің қылмыстық қызметі көбінесе қоғамға қауіптілігінің ауырлық дәрежесімен, қасақаналылығымен және қылмыстың ашылуына кедергі келтірумен сипатталады, Рецидивті қылмыстық динамикасы, құрылымы және деңгейі қылмыстардың саны мен сипатталады. Латантті қылмыстардың ішінде рецидив қылмыстылығының саны көп. Егер рецидив крсеткіштері алғашқы қылмыстылық деңгейінен төмен болса, нәтижесінде қылмыстағы оның үлесі өседі. Тіркелген рецидивті қылмыстың динамикасын зертегенде бұл мәселеге көңіл аудару керек, Рецидивті қылмыстың құрылымын зерттегенде континттің мына түрлері назар аудартады: а) сотталу санына байланысты: жай (однократный) және көптік (многократный); б)алғашқы және жаңа қылмыстардың ұқсастығына байланысты: жай және арнаулы. Негізінен жазасын өтеп жатқандар тұлғалардың ішіндегі көптік рецидив 60% -ды құрайды. Кәсіби қылмыстылыққа айналып бара жатқан арнайы рецидив контрабанда, жалған ақша жасау, алаяқтық, тонау әрекеттерімен сипатталады. Қылмыс түрлеріне байланысты рецидивтің құрылымы бұзақылықпен, тонаумен, жеке адамға қарсы пайдакүнемдік – зорлық қылмыстармен сипатталады. Бұл түрлерінің үлесі рецидивті өылмыстылықтың 3/2 үлесін құрайды. Рецидивті қылмыстылықтың құрылымында рецидивистердің қылмыстың басқа түрлеріне де қатысу көрсеткіштері орын алады. Әсіресе адамның жеке басына қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстарды шамамен 40%-ын тонауда, 60%–ын алаяқтықта, бұзақылықта 30%–ын және де негізгі статистика бойынша рецидив белсенділігі жазасын өтеп болғаннан кейін қылмысты жасау 25%–ды құрайды. Жазаның түрлері мен оны орындау жүйесіне байланысты әдетте қылмыстың қайталануы 5-7 жыл қатаң режимде бас бостандығынан айырылып, өтеп келгендермен жүзеге асырылады.Рецидив құрылымында топтық қылмыстың үлесі жалпы қылмыстық құрылымынан төмен. Бірақ қылмысты жасыру мақсатында көптеген рецидивистер қылмыстық әрекеттерді жалғыздан жасай отырып, жастардың арасында қылмыстық топтардың құрылуына белсенді түрде көмек көрсетеді. Сонымен қатар олар қылмыстық жолмен табылған ақша әне мүлік сақтаушылардың, притон ұстаушылардың қызметін пайдалана отырып криминалды орта құрады. 2. Рецидивист қылмыскерлерінің сипаттамасы. Рецидивистер көбінесе қылмыстық жолға кәмелетке толмаған жастарда немесе кәмелетке толған алғашқы жылдарында түседі. Қылмыстық жолға кәмелетке толмағандар қаншалықты ерте түссе, нәтижесінде оның рецидивистік қауіптілік әрекеттері соғұрлым дами түседі. Рецидивистердің 70% алғашқы қылмыстарын 18 жасқа дейін жасаған. Жас өскен сайын рецидив мүмкінділігі төмендейді. Тұлғалар қартайғанда рецидивті қылмыстарды жасамайды. Ал рецидивистер жастары өскен сайын қауіпті қылмыстарды жасайды, Рецидивистер контингентінде әйел адамның үлесі алғашқы қылмысқа қарағанда 2-3 есе кем. Әйел рецидивмстердің криминологиялық қасиеттері алкоголизмге байланысты. Бірнеше рет сотталғандарына, үйсіз қалуына байланысты, Рецидивист ер адамдарға қарағанда неготивті көрініске ие. 3. Рецидивист түрлері. Криминологиялық әдебиеттерде рецидивист тұлғалардың бірнеше түрлері, яғни типологиясы көрсетілген. Қылмыскердің тұлғасы 2 критерия бойынша сипатталады: қоғамға қауіплілік мазмұндыдылығы және қауіптілік деңгейі. Қоғамға қауіптілік мазмұны бойынша рецидивистік қылмыстықта - пайдакүнемділік, зорлық қылмыстарын жасаған тұлғалар құрайды. Деңгейіне байланысты рецидивистердің мынандай типологиясы бар: а) ситуативті; б) қатыгездік (злостный многократный); в) кәсәби; г) аса қауіпті. Ситуативті рецидивист бұл - өз тағдырына билік ете алмайтын, еріксіз, қылмыс жасаудан бас тарта алмайтын тұлғалар. Қатігез рецидивистер жас рецидивистердің ішінде көп таратылған, олар ситуативті рецидивистерге қарағанда қылмыстық қызметті саналы түрде қабылдайды. Олар соттылық атағын мақтан тұтып, қылмыстық ортада жоғарғы орынды басуға талпынады. Қатыгез рецидивистер кәсіби қылмыскер бола алатын бір қылмыс түрімен мамандырылады. Мысалы жалдамалы кісі өлтірушілер, заңсыз нашақорлық және қару-жарақ сатушылар, қалта ұрылары және тағы сол сияқтылар. Кәсіби қылмыскерлер нысандары: а) мамандандырылған қылмыскерлер; б) белгілі бір қылмыстық қызмет аясындағы білімге ие болу; в) өмір сүрудің басты жолы қылмыс істеу деп түсінетіндер; г) қылмыстық ортамен байланысы; д) криминалды кәсіптің әдет-ғұрпын ұстанушылар (субкультура). Қауіпті және аса қаупті рецидивистерде қатігездіктің, авторитаризм, эгоцентризм құқық қорғау жүйесінің қызметкерлеріне деген жек көрушілік тәрізді криминалдық рецидивизмнің белгілері тән. Жазасын өтеп жатқан соттылығы жойылмаған рецидивистердің сынақ мерзіміндегілердің 6/1-і жаңа қылмыс жасайды. Бұл жағдайда сонымен қатар қылмыстық істерді қараудың бұзылуы тергеу изоляторларының мөлшерінен тыс толуына әкеп соғады. Соттардың шамадан тыс қатаң үкімдері де сотталғандардың жазасын өтеу мекемелеріндегі қызметкерлердің заңды бұзуы да осы себепке негіз болады. Мысалы сотталғанның арасындағы төбелестерге «зонада» беделді қылмыскерлердің тәртіп орнатуына араласпауы, достарының, туыстарының ережеден тыс жиі қатынасы салдарынан коллонияға берілуге тиісті емес заттардың (анаша, алкоголь ішімдіктері, карта т.б). Қылмыстылықтың келесі себебі постпенитенциарлық, яғни жазаны өтеп келгеннен кейінгі уақытта қылмысты жасау. Қылмыстың алдын алудың арнаулы шаралары: 1) тағайындалатын жаза шараларын индивидуализациялау; 2) Қылмыстық жазаны орындаудағы заңдылықты сақтау, яғни тұлғаны түзеу мақсатында ерекше режим коллонияларында және түрмелерде қауіпті рецидивистерге қатысты – 2, ал жалпылама 3 түрлі жағдайда үстау керек. Негізінен жеңілдетілген және қатаң шарттары бойынша жазаны өтеу орындарында қасақана қылмыс жасаған рецидивистер ұсталады. Сотталып келгендердің тұрғылықты жерлерінің болмауына байланысты уақытша тұратын үйлерді салу (ночлежки) және ондағыларды жергілікті органдар бақылап отыруы керек. Сотталып келген рецидивистерді тіркеуге алып олар жайлы мәліметтермен үнемі танысып отыру.
Ші дәріс. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|