Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Листериоз жағдайын стандартты анықтау




Листериоздың жедел респираторлы түріне күмәндану жағдайы:

Орташа деңгейдегі улану көріністерімен, қызбамен және келесі келтірілген нышандырдың төртеуімен сипатталатын жедел ауру:

- тамақ аймағындағы ауру сезімі;

- анқаның гиперемиясы;

- жұтқыншақтың шырышты қабатының гиперемиясы;

-мойын және/немесе жақ астындығы лимфа түйіндердің ұлғауюы;

- дақты-папулезді және/немесе папулезді-пустулезді бөртпе;

- жөтел және/немесе ринит

Листериоздың баспалы түріне күмәндану жағдайы:

Улану көріністерімен, 38ºС жоғары қызбамен және келесі келтірілген нышандырдың бесеуімен сипатталатын жедел ауру:

- тамақ аймағындағы ауру сезімі;

-көмекей бездерінің гиперемиясы және/немесе гипертрофиясы;

- көмекей бездерде іріңді және/немесе некрозды жабындылар;

- мойын және/немесе жақ астындығы лимфа түйіндердің ұлғауюы немесе полиаденит;

-мойын және/немесе жақ астындығы лимфа түйіндердің ұлғауюы;

- бауырдың ұлғауюы

- іштің өтуі

Листериоздың терілік түріне күмәндану жағдайы:

Улану көріністерімен, қызбамен және келесі келтірілген нышандырдың біреуімен сипатталатын жедел ауру:

-түбі тығызданған, ауру сезімімен сипатталатын біріншілік терілік аффект:

- папула

- везикула

- пустула

- жара

- региональды лимфаденит және/немесе полиаденит

Листериоздың абдоминальды түріне күмәндану жағдайы:

Улану көріністерімен, жоғары қызбамен, ас қорыту жүйенің зақымдануымен және келесі келтірілген нышандырдың бесеуімен сипатталатын жедел ауру:

- іш аймағындағы ауру сезімі,

- сұйық немесе ботқа тәрізді нәжіс,

- бауырдың ұлғауюы

- лимфа түйіндердің ұлғауюы

- тахикардия,

- анқаның гиперемиясы

- буындардың ауруы

Листериоздың біріншілік-жайылмалы түріне күмәндану жағдайы:

Улану көріністерімен, қызбамен және келесі келтірілген нышандырдың төртеуімен сипатталатын жедел ауру:

- қалтырау, тершеңдік,

- бел,сүйек,буындардың ауру сезімі

-тамақ аймағындағы ауру сезімі, анқаның гиперемиясы - жұтқыншақтың шырышты қабатының гиперемиясы немесе түйіршектенуі;

- бауырдың ұлғауюы

- лимфа түйіндердің ұлғауюы

- дақты-папулезді және/немесе папулезді-пустулезді бөртпе;

Генитальды листериоз жағдайын анықтау:

Күмәндану жағдайы:

Жыныс мүшелерінің қабыну процесі кезінде анықталады(себебі, жыныс мүшелерінің қабыну процестері генитальді листериоз кезінде бақылау тобымен салыстырғанда нақты жиірек тіркеледі)

Күмәндану жағдайды анықтау біріншіден листериозға зерттеу мүмкіндігін, екіншіден күдікті инфекция жағдайында шұғыл хабарлама беруге мүмкіндікті береді.

Ықтимал жағдай:

күмәндану жағдайда және келесі мәліметтердің біреуі болған кезде қойылады:

- анамнезде жүктілік немесе босану патологиясы туралы мәлімет болса (себебі, листериозбен ауырған жүкті әйелдердің 37%-ы ғана өз уақытында қалыпты босанды, сау әйелдердің қалыпты босанған 65%-мен салыстырғанда нақты жиірек );

- анамнезде түсіктердің, өлі туылған нәрестелердің болуы Сонымен қатар, листериоз кезінде сиректеу кездесетін жүктіліктің қолайсыз нәтижелері:

- анамнезде нәрестенің туа пайда болған патологиясының болуы;

- анамнезде ерте жастағы балалар өлімінің болуы.

Немесе

- «оң» агглютинациялық тесттер (ТГАР және т.б.), титрі 1:200-ден төмен

Немесе

- жыныстық серіктесте дәлелденген листериоздың болуы(генитальді листериозбен ауырған әйелдердің жыныстық серіктестерін тексеру барысында генитальді листериоз 100%-да бактериологиялық жолмен дәлелденген).






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных