ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Патогенезітолық зерттелмеген.1 сатысы – жұқтыру сатысы. Инфекцияныңкіру қақпасы жұтқыншақ, асқазан-ішек, жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықшалары, көз, жарақаттанған тері. Кездейсоқ жағдайларда аурудың кіру қақпасын анықтауға қиын болады. Листериялардың вируленттігі жоғары емес, егер организмнің қорғаныс қабілеті қалыпты болса ауру дамымайды. Патогенездің бұл сатысы аурудың бейімделу сатысына немесе жасырың кезіңіне сәйкес келеді. 2 сатысы – біріншілік ошақтану сатысы. Қоздырғыштың кіру қақпасы аймағында қабыну процестер дамуы мүмкін. Мысалы: тері арқылы енсе – терілік түрі, көмекей бездер арқылы – баспалы түрі. Осы ағзаларда листериялар ұзақ сақталады гранулемалардың (листериома) ортасында. Листериомалар некрозға ұшырап, абсцесске айналуы мүмкін. Жүкті әйелдерде гранулемалар плацентада орналасады. Жұғу әдетте жүктіліктің 3-ші триместрінде өтеді. Осы сатысында ауру тоқтауы мүмкін. Бірақ иммунитет төмендеген жағдайларда гематогенді диссеминация дамып ауру жайылмалы түрде өтуі мүмкін. 3 сатысы - екіншілік-жайылмалы сатысы. Бактериемия дамиды. 4 сатысы - екіншілік ошақтану сатысы. Гематогенді диссеминация арқылы листериялар әр түрлі ағзаларға (бездерге, орталық жүйке жүйесіне, бауырға, өкпеге ) тарап, қабыну процестердің себебі болады. Кейбір жағдайларда 2-ші сатысы болмай, бейімделу кезеңінен кейін біріншілік жайылмалы түрі (бактериемия) пайда болғанда сепсис тәрізді жедел қызбалы түрі дамиды. Бұл түрі ұрықта немесе нәрестеде кездеседі. Гематогенді диссеминация арқылы листериялар ішкі ағзаларға шоғырланады: орталық жүйке жүйесі, бездер, бауыр, көк бауыр зақымданады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|